Эмпиризм – таным мен білімнің негізінде сезімдік таным – түйсік арқылы алынатын тәжірибе жатады деп түсінетін танымдық әдіс және бағыт. (“Сезім мен тәжірибеден өтпегеннің ойда болуы мүмкін емес”). Рационализм – философиядағы бағыт және философиялық әдіс, рационализм “нағыз шын білім сезім мен тәжірибенің әсерінсіз, қатынасынсыз, тек ақыл арқылы (яғни, ақылдың өзінен) алынады” деп есептейді. (“Барлық нәрсеге күмән келтіруге болады, ал күмәндану – ойдың, ақылдың жұмысы”) Көпғасырлы философия тарихында пайда болған түрлі ілімдердің саны өте көп болғандықтан философиялық мектептер мен ағымдарды қандай да бір негізгі сүйене отырып қана бөлуге болады. Онтологиялияда болмыстың бастапқы негіздерінің екі сипатына санына және сапасына – негізделген екі классификация қабылданған.
Монизм
Дуализм Плюрализм
2 3,4,5 ....
монизм - болмыста ғана бастапқы негіздің болуы мойындалатын философиялық ілім. Философия тарихындағы барлық дәйекті материалистер (Демокрит, Дилро, Гольбах, Маркс) мен барлық дәйекті идеалистер (Августин, Фома Аквинский, Гегель) – монистер болып табылады.
Дуализм – болмыста екі бастапқы негіздің болуы мойындалатын философиялық ілім. Философия тарихындағы ең алғашқы дуалист – Аристотель, Дуалистер қатарына Декарт және Кант жатады.
Плюрализм – болмыста екіден көп
бастапқы негіздердің болуы мойындалатын философиялық ілім.
Плюрализм негізінен Ежелгі Дүние
философиясында жиі кездеседі: мысалы,
Эмпедокл түпнегіз ретінде төрт стихияны (Жер, От, Су,Ауа) және күшті атаған (Махаббат және Араздық).
Достарыңызбен бөлісу: |