Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет40/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

әлеуметтік рөлі мен қызметтері
Жоспар:
1. Эстетикалық тәжірибе. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі. Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық-ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен. Сұлулықтың құндылығы.
2. Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері.
3. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін ашудағы өнердің мүмкіндіктері.


1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде
Эстетика – философиялық ілім. Демек, ол басқа да философиялық ғылымдар сынды нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. Кейбіреулер философияны ғылымнан гөрі өнерге жақындастырады. Ол рас та, өйткені, оларға негізгі ортақ нәрсе жеке тұлғаның, даралықтың үлкен орын алатындығы.
Өнер – мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан, «өнер – мәдениеттің айнасы» деген қанатты сөз де қалыптасқан. Өнердің шынайы мәнінің діңгегі – сұлулық, әсемдік болып табылады. Сұлулық, әсемдік адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет.
Антикалық эстетика ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі оның космологизмі. Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдікті әлемнен де орын алады деген көзқарастарды айтады.
Катарсис (грек. «тазару») – адам жаны мен тәнін тазарту, рухи және ағзалық сергектену дегенді білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған.
«Калокагатия» термині өзінің амбиваленттілігіне (екіжақтылығына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайданылады. «Калокагатия» термині грек тіліндегі екі сөздің («halos» – әсем, сұлу және «agathos» – ізгі, мейірімді) қосындасынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулуғының үндестігін білдіреді.
Шынайы сұлулық – ізгі сұлулық, мейірім – сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл европалық эстетиканың орталық принципіне айналып кетті. Күнделікті қолданыста «өнер» мен «көркемдік мәдениет» ұғымдары тең. Бірақ, «көркемдік мәдениет» ұғымы «өнер» ұғымына қарағанда ауқымды. Ол өнердің барлық саласын ұштастырып, көптеген ғасырлар бойы әр сала өнер шығармаларын дүниеге әкеліп, мәдениеттің арнайы институттарында (театр, музей, концерт залдарында) көркемдік құндылықтарды сақтау мен оны келесі ұрпаққа жеткізу жұмысы жүзеге астырады.
Неміс философы А.Баумгартен ХVІІІ ғ. «эстетика» терминін енгізді. Ол «төменгі таным теориясы» – «сезімдік білім туралы ғылым» деген мағына берді. Дегенмен де, әсемдіктің не екені жөніндегі эстетикалық ойларды біз ежелгі шығыс трактаттары «Веда», «Авеста» және антика философтары мен орта ғасырдағы діни шығармалардан еретерек кездестіреміз.
Өнердің көптеген анықтамалары бар. Бұл құбылыстың негізгілеріне тоқталайық.
Біріншіден, өнер – шындықты меңгерудің ерекше бір түрі, яғни, рухани бейнелер арқылы меңгеру түрі.
Екіншіден, өнер – бұл көркемдік-эстетикалық құндылықтар жинақталған мәдениеттің бірден бір элементі.
Үшіншіден, бұл әлемді сезім арқылы тану формасы. Адам танымының үш әдісін көрсетуге болады: логикалық, абстрактылы пайымдауға негізделген рационалдық әдіс; эмоцияға, сезімге негізделген сезімдік әдіс; интуицияға негізделген иррационалдық әдіс.
Төртіншіден, өнер арқылы адамның шығармашылық қабілеті көрінеді.
Бесіншіден, өнер ләззат алу мен рахат алу мүмкіндігін беретін көркемдік құндылықтарды адамның меңгере алу мәселесін қарастырады.
Өнердің қалыптасып пайда болуы туралы біраз көзқарастар бар. Солардың бірі Ф.Шиллер, И.Кант, Г.Спенсер идеяларынан туындап жатқан голландиялық мәдениеттанушы Йохан Хейзинганың (1872-1945) «Homo Ludens. Мәдениеттің ойындық элементін анықтау тәжірбиесі» атты еңбегінде келтірілген мәдениеттің ойындық концепциясымен байланысты айтылып жүрген болжал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет