І. ЛьюисГенри Морганның ілімі бойынша:
1) Тағылық.
2) Варварлық.
3) Өркениет.
ІІ. Маргарет Мидтің ілімі бойынша:
1) Постфигуративтік (дәстүрлік) мәдениет.
2) Кофигуративтік (замандастық) мәдениет.
3) Предфигуративтік ( жас ұрпақтық) мәдениет
ІІІ. Даниелл Беллдің пікірі бойынша: 1) Индустриалдыққа дейінгі қоғам.
2) Индустриалдық қоғам.
3) Индустриалдықтан кейінгі қоғам.
Марксизм бес қоғамдық-экономикалық формацияға (алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік) тән мәдениеттің бес түрін көрсетеді. Бұған дейін мәдениет өзінің тұтастық және жалпылық белгілері бойынша бүкіладамдық қасиет бойынша сипатталады.
Тарихта әртүрлі мәдени жүйелер өмірге келіп жатады, олар кейін орнын басқаларға береді. Ал, этностық (ұлттық) мәдениеттерді алсақ, олар тіпті бір ғасырдың ішінде талай өзгерістерді басынан өткізген.
Мәдениетті әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде қарастырғанда мынадай екі ерекшелік байқалды:
1) мәдениетті нормалардың, әдістердің, рәсімдердің жиынтық процесі ретінде қарастыратын субъектілік, қазметтік ерекшелік;
2) мәдениетті мәдени процестің, шығармашылық қызметтің белгілі бір қорытындысы, нәтижесі ретінде қарастыратын объектілік, құндылықтық көзқарас. Бұл жағдайда мәдениет материалдық және рухани құндылықтардың тарихи қалыптасқан жүйесі ретінде көрінеді.
Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: мәдени және рухани құндылықтар:
1) мәдениеттің материалдық тұрпатына әдетте техниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай-ақ, мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия, білім жүйесі сияқты организмдер жатады;
2) мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады.
Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді. ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана:
а) әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, нанымның рөлі орасан зор;
ә) мәдениет – қоғамдық-тарихи практикалардың процесінде адамзат жасаған материалдың және рухани байлықтың жиынтығы.
Мәдениет – материалдың және рухани байлықтың бөлінбес бір көрінісі, «Материалдық мәдениет» дегеніміз – қоғам дамуының белгілі бір кездеңінде қол жеткен өндіріс құралдары мен басқа да материалдық байланыстардың жиынтығы.