Исламның өнерге қатынасы. Өнер – эстетикалық шығармашылық, сондықтан, ислам оған қарсылық білдірмеді. Ислам көркемділікті ұнатып, барлық нәрседе көркемдік пен сымбаттылыққа үндейтін дін болып есептеледі. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде: «Алла тағаланың өзі сымбатты болу себебінен сымбаттылықты жақсы көреді!» - деген.
Мұсылмандар қалдырған өнерді зерттеу қызықты болып табылады және Құранның формаларды бейнелеуге рұқсат етпейтін қағидасы мұсылмандарға тән өнердің өзіндік түрлерін қалыптастырды.
Би мәселесіне келетін болсақ, ислам биді екі түрге бөледі: ол - әйелдер биі және ерлер биі. Ерлер орындайтын халық билерін барлық адамдарға тамашалауға рұқсат етіледі.
Сәулет өнері.Халифатта өнер түрлері ішінде әсіресе сәулет өнері үлкен табыстарға жетті. Ортағасырлық араб архитектурасы грек, рим, иран өнерінің дәстүрі негізінде қалыптасып, дамыды. Құрылысшылар тамаша сарайлар, мазарлар мен қамалдар салды.
Арабтардың үйлері тасқа қашалған ою-өрнектермен, ал олардың қабырғалары мен едендері жалтыраған кірпіштермен, мозаикамен бай түрде әшекеленді. Үйдің қабырғалары арабескалармен (арабеска – мұсылман орнаменті) безендірілді. Шілтер тәрізді оюлар мен алуан түсті суреттер тастың өзін салмағынан айырғандай әсер етеді.
2. Негізгі эстетикалық категориялар Қандай да болмасын эстетикалық теория белгілі бір эстетикалық категориялар жүйесін құрмай тұрмайды. Тіпті сол категориялар жүйесінің болуының өзі әлгі теорияның ғылыми дәйектілігін танытады, іс жүзінде теория етеді. Эстетикалық категориялардың қалыптасу тарихы философия тарихымен тығыз байланысты.
Эстетиканың негізгі категорияларының бірі – әсемдік. Оны, ең кең түсініктемесінде, кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады. Әсемдікті түсіндірудегі үйлесімдік (гармониялық) деп отырғанымыз, белгілі біртұтастықты құрастырып отырған бөлшектердің элементтерінің сыртқы қарама-қайшылық, өлшеміне сай бірлігі.
Әсемдік – материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты. Эстетикалық ұғым ретіндегі әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ әдемілік объектіліердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтыса, әсемдіктің құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады.
Асқақтық– жоғары құндылығымен адамды шаттық сезімге бөлейтін, бірақ өзінің орасан зор күшімен және аумақтылығымен адамның оны қабылдау мүмкіндіктерінен асып түсетін, болашақ мүмкіндіктері зор нәрселер мен құбылыстардың эстетикалық құндылығын білдіретін категория.
Жаңа заман эстетикасында әсемдік пен асқақтықтың арасындағы айырмашылықтарға басты назар аударылады.
Эстетиканың келесі бір маңызды категориясы – трагедиялық. Ең алдымен, трагедиялық категориясының объективті әлеуметтік мазмұнға ие екендігін есте ұстау керек. Трагедиялықты кең мағынада әлеуметтік дисгармония деп те қарастыруға болады.
Трагедиялықтың қосарлы категориясы комедиялық. Жалпы да кең мағынасында комедиялық деп, Э.Кассирер айтпақшы, өткенмен қоштасу түрін айтамыз.