Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Мораль – қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында адамдардың мiнез-құлқын реттеу қызметiн атқаратын қоғамдық сананың бiр формасы



бет31/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

Мораль – қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында адамдардың мiнез-құлқын реттеу қызметiн атқаратын қоғамдық сананың бiр формасы. Бұқаралық қызметтi реттеудiң формалары болып табылатын хұқтан, өндiрiстiк тәртiп ережелерiнен, халықтық дәстүрлерден моральдың айырмашылығы өз талаптарын негiздеуi мен жүзеге асыру тәсiлдерiнде.
Құқықтан моральдың айырмашылығы мынадай:
бiрiншiден, адамгершiлiк талаптарын әрбiр адамның орындауын барлық адамдар қадағалайды. Мұнда жеке адамның моральдық беделi ресми өкiлдiкке байланысты болмайды.
екiншiден, мораль талаптарын орындау тек рухани әсер ету формаларымен (қоғамдық баға беру, көрсетiлген мiнез-құлықты мақұлдау немесе айыптау) ғана өлшенедi.
Бұл әлеуметтiк бақылаудың басқа формаларына қарағанда моральда сананың атқаратын рөлiн айтарлықтай арттыра түседi. Оның үстiне сананың бұл рөлi ұғым пiкiр сияқты ойлау формасына да, сезiмдiк, бейiмдiлiк, талаптану сияқты эмоциялық формада да көрiнуi мүмкiн. Мораль қоғамдық санамен қатар жеке адам санасында да елеулi рөл атқарады.
«Этика» терминiн философияға тұңғыш енгiзген әрi осы тақырыпта кеңiнен жазған адамзаттың ұлы ұстаздарының бiрi – Аристотель, этика деп этикалық iзгiлiктердi зерттейтiн ғылымды айтады. Оның iзгiлiктер туралы iлiмiнiң негiзгi қағидалары бойынша, адам бойындағы iзгiлiктер төмендегідей екi негiзгi түрден тұрады:
а) Этикалық;
ә) Дианоэтикалық.
Егер, этикалық iзгiлiктер адамның мiнез-құлқына, темпераментiне жататын болса, дианоэтикалық iзгiлiктер адамның ақыл-парасатына тиесiлi дүниелер.
Адамгершілік құлық – жеке тұлғаның, адамның қоғамда өмір сүре алатын, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста бола алатын қабілеті және адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.
Бұл жерде этиканы неліктен әдептану демеске деген сұрақ туындауы мүмкін, әрі ол орынды да. Бірақ, соның асқан қажеттілігі бар ма? Термин бізге орыс тілінен енген жоқ ғой. Осы ұғымды ол төрткүл дүниенің барлығына белгілі әрі түсінікті болатын болса, оны ауыстырудың қажеті не? Адамгершілік, әдептілік қасиеттер адамзаттың дамуының нешеме мыңжылдық тіршілігінің өзіндік жемісі.
Әдеп – қоғамдағы адамдар мiнез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды бiлдiретiн ұғым. Әдептiң қоғамдағы басты қызметi тұлғалық қатынастарды адамгершiлiк талаптарына сәйкес ретке келтiруiмен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет