Еркіндік пен жауапкершілік тұлғаның өмір сүруінің шарттары, адамдар өз әрекетінің мақсатын анықтағанда едәуір еркіндікті иеленеді. Еркіндік те, жауапкершілік те абсолютті ұғымдар емес. Еркіндік бізді күреске итермелейді, адамдық қуаныш пен ләззаттан бас тартуға сүйрейді. Қайғыру, тәуекел, жеңіліс арқылы болған еркіндіктің өзі өмірімізді жақсы ете алады, сондықтан, оған адам ғана таңдау жасайды.
Еркін таңдау, ерікті адам, ерікті ерік, азамат еркіндігі, еркін ойлар, еркін махаббат міне қарап тұрсаңыз, қоғамдық сана мен бұқаралық мәдениетте еркіндіктей анағұрлым қажетті де, лайықты ұғым жоқ та шығар. Сондықтан, адамзат үшін еркіндік пен жауапкершілік – мемлекет қайраткерлерінің, жастар субмәдениетінің риторикалық атрибуты болып саналады.
Жауапкершілік – еркіндіктің керісінше жағы, оның екінші «мені», ол еркіндікпен үздіксіз байланысқан, еркіндіктің имманентті шектеушісі болып табылады. Философиялық әдебиетте: жауапкершілікке қоғам алдында адамның өз міндеті мен парызын сезінуінің моралдік-психологиялық категориясы деген анықтама беріліп жүр. Бұл тұрғыдан қарағанда, жауапкершілік – адамдардың өз әрекетінің нәтижесін көре білу мүмкіндігі, оның қоғамға әкелер пайдасы, не зияны бар ма, осыны анықтау болып табылады.
Еркіндік пен жауапкершілік ұғымдарын түсіну диапозоны өте кең. Ол еркін таңдау мүмкіндігін толық терістейтін – бихевиоризм концепциясынан басталып, қазіргі өркениеттік қоғам жағдайындағы Э.Фроммның «Еркіндіктен қашуына» дейін жалғасып жатыр.
Еркіндікке келсек, ол адамдардың қылыққа қабілеттілігі, «саналы қажеттілік» арқылы жауапкершілікпен байланысқан. Еркіндік еріктілік ретінде тұлға мен қоршаған орта адамдарының алдында шектеледі.
Антропологиялық философияда еркіндік пен жауапкершілікті түсіну қалыптасқан стереотиптермен, теориялық әдетпен ерекшеленеді. К.Маркс «Капитал» еңбегінде адам еркіндігінің адамдық қатынастағы үш тарихи кезеңі немесе сатысын көрсетті. Бұларға жеке тәуелділік қатынас, ерікті индивидуалдылық және жеке тәуелділік жатады.
Еркіндік дамуындағы үшінші сатыға жету үшін үйлесімді дамыған тұлға және жан-жақты, ерікті, жатталынбаған немесе еркін индивидуалдылық деп аталатын, қазіргі қоғам эволюциясындағылардан басқа өлшеусіз нәрсе қажет.
«Кеңісіік пен уақыт еркесі» болған көпшелі халық ұрпағы қай қазақ баласы үшін де еркіндік мәселесі хақында ой толғау таңсық болмауы белгілі. Керісінше, діндік ерекшеліктерге сәйкес бұл түсінік басты орын алады десек қателеспеген болар едік.
Практикалық айналымға түспес бұрын кез-келген дүние теориялық негіздемеден өтетіні белгілі. Батыстық көзқарастардың бірқатарын қарастыру арқылы өзімізге қажеттілерін назарға алып, құндыларын қолдануымыз керек. Олар жүріп өткен жолға түскен біздер үшін таңсық болмауға тиіс түсініктермен өз тәжірибемізді толықтыра түскеніміз абзал.
ХХ ғ. басында «қазақтың көгіне өрмелеп шығып, күн болуға тырысқан» қазақтың «бес арысы» атанған ұлы ұлдары ертеңі үшін ерекше еңбек атқарған зиялылар А.Байтұрсын, Ә.Бөкейханұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев ой-толғаныстарындағы еркіндік мәселесіне қатысты тұжырымдарын таныту өте маңызды болып табылатындығы дау тудырмас. Жалпы, «қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән» болғанымен де қазақ зиялыларының озық ойлары философиялық тұрғыдан қарауға түсуге әбден хұқылы. Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, енді, ел болып келе жатқан шақта өз ой өрімдеріміздің өрнектеріне өрлей білгеніміз дұрыс-ақ.
21-ші лекция: Өнер философиясы Жоспар:
1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель).
2. Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин).
3. Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми).
3. Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б.Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, М.Монтень, Эразм Роттердамский).