Қазiргi заманғы ғылымәдептiң қалыптасуына әсер еткен төмендегідей үш басты факторды атап өтедi: 1. Жыныстық қатынасты реттеу арқылы аналық рудың пайда болуы;
2. Тайпа мүшелерiн өлтiруге тыйым салу;
3. Қариялар мен балаларға қамқорлық ету.
Әлеуметтiк антропология (Малиновский, Радклифф-Браун және т.б.) табуды әлеуметтiк бақылау мен қадағалау рөлiн атқаратын құрал деп қарастырады. Табу қасиеттiлiк туралы түсiнiк қалыптасқан барлық мәдениеттерде кездеседi.
Қазақ мәдениетiндегi тыйым салу жөн-жоралғылары туралы Ш.Уәлихановтың шығармаларынан көп мағлұмат алуға болады. Табудың немесе тыйым салудың адамзатқа белгілі алғашқы екі түрі мыналар:
1) Инцестке табу;
2) Канибаллизмге табу.
Инцест деп жақын туыстар, қандастар арасындағы жыныстық қарым-қатынасты, яғни, қыз алысып – қыз берісуді айтады. Жануарлар әлемінде белгілі даму кезеңіне жеткен мезетте мынау әкем, мынау шешем деп бөліп жатпай, тұқым жалғастыруға қызмет ете беретіндігі сияқты, адамзат та тағылық күйінде туысқандық туралы түсінік қалыптастырмаған болатын. Ол ғұрып бірден мынадай екі түрлі мәселенің шешімін алып келді:
1. «Бәрінің бәріне жаугершілігі» күйінен бас тартқызды, өйткені, жекжаттық қарым-қатынастар қалыптасты;
2. Адамның тұқым қуалайтын аурулардан арылуының оңай жолы табылады.
«Каннибализм»фран.тiлiндегi – «cannibale» – жалмауыз деген сөзiнен шыққан. Каннибализм – адам етін азық ету дегенді білдіреді. Ол алғашқы адамдар арасында таралған.
Талион адамзаттың ерте даму сатыларындағы барлық халықтарда болған әмбебап әдет-ғұрып және қандас туыстар арасындағы қарым-қатынасты реттеушi алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан салт-дәстүр. Ол салт-дәстүр бойынша туыстар арасында жасалған қиянат үшiн тепе-тең кек қайтарылуы керек. «Қанға – қан, жанға – жан» формуласы талионның мазмұнын бiлдiретiн ең танымал әдiс. Яғни, талионның мағынасын «қанды кек алу» деп түсiндiруге де болады.