Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Дiн – адамның күнәдан тазару жолы, адамды адамшылыққа бастау, тәрбиелеу жолы



бет35/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
Дiн – адамның күнәдан тазару жолы, адамды адамшылыққа бастау, тәрбиелеу жолы. Адамның күнәсi – оның нәпсiсiнде. Нәпсi дегенiмiз адамның болмысы. Нәпсiсiз адам да, ғұмыр да жоқ. Нәпсi – тән және жан қуаты. Нәпсiсi арқылы адамның қандай екендiгi көрiнедi. Оның басты көрiну жолдары: тамақтану, әсемдiкке ұмтылу (киiм кию), махаббат пен ғашықтық, билiк пен мансапқа, байлыққа ұмтылу. Осы мәселелерде мөлшер керек.
Парыз бен қарыз – адамның моральдық мұратқа байланысты қойылған талаптарды орындау қажеттілігін түсіну. Адамның парызы мен қарызы ізгілікке еру, өзің сияқты басқаларға әлің келгенше көмек көрсету, зұлымдыққа жол бермеу сияқты әрекеттерден құралады.
Парыз – адамның қоғам, тап, әлеуметтiк топтар, халық бұқарасы, партия, коллектив алдындағы адамгершiлiк борышын бiлдiретiн этикалық категория.
Әдiлдiк, әділеттілік – мейірімділіктің нақтыланған өзіндік бір түрі, дәстүрлі құқықтық мәдениетте адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың белгiлi тәртiбiне тiкелей қатысты принцип, адамның қоғам алдында ғана емес, қоғамның тұлға үшiн де жауаптылығын көрсететiн, адамдардың өмiр сүруi жағдайлары мен санасын бiлдiретiн этикалық әлеуметтiк-категория.
Әдiлдiк – iзгiлiктiң iрге тасы. Ол адамды қоғамның елеуі, марапаттауы болып табылады. Әділеттілік ұғымы тарихи қалыптасқан ұғым. Алғашқы қауымдық құрылыста әділеттілік табу, талион принциптерінің маңынан табылатын. Ол кезде әділеттілік есесін жібермеу, орынды жазалау түрінде болатын.
Бақыт, бақ – этиканың іргелі категориясы болып табылады, яғни, адамның өмiр қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесiн танытатын этикалық ұғым. Бақыттың негiзiнде адамның өмiрi мағыналы және нәтижелi болған кездегi өз болмысына деген ризашылық сезiмiнiң қалыптасуы жатыр.
Бақыт – көп мағыналы ұғым. Оның басты түсiнiктерi мынадай:
а) бақ-даулет, «басқа қонған бақыт құсы»;
ә) қуаныш, ләззат, рахат;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет