1. Философиятарихындағы еркіндік ұғымы Адам ерте замандардан бері тілеп келе жатқан бір арманы – еркіндік. Еркіндік адамға ғана өзге де қасиеттердің қатарында елеулі орын алады. Адам өзіндігін сезіну үшін, тұлғалығын таныту үшін еркін әрекеттер жүзеге асырып отыруы қажет. Сол себепті де еркіндік мәселесі мәңгі қаралып келе жатқандардың есебінде. Еркіндіктің мәнін ашу, оның қаншалықты дәрежеде болатындығын анықтау маңызды.
Адам адам болғалы, тіпті осы еркін әрекеті үшін жұмақтан қуылғалы, еркіндікті аңсаумен келеді.Бұған дәлел ретінде, өткен өмір өткелдерімен қаншама әрекеттердің болуымен қатар, толыққанды адам жеке қамын деп есептейтін әр біреуіміздің бостандыққа деген құлшыныс сезімімізді алғанымыздың өзі жеткілікті шығар.
Еркіндік – мәңгілік мәселе. Адамзаттың жинақтаған рухани қазынасында философиялық ой кешудің мәні терең. Философияны толғандыратын мәселелер қатарының ауқымы шексіз. Даналық ой ағымы дүниенің барша қыр-сырына өз тұрғысынан қанық болғысы келеді. Сондай мәселелер қатарына еркіндік идеясын да жатқызуға болады.
Демократия – индивидтің толық дамуы үшін экономикалы, саяси мәдени жағдай жасайтын жүйе. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай толық демократиялық қоғам мүмкін емес, бірақ, осы жүйенің қағидаларының сақталуына үнемі қадам жасап отыру.
Еркіндік дегеніміз ешқашан да бетімен кету болуы мүмкін емес, белгілі бір адам қалаған әрекеттерін жүзеге асыра алу мүмкіндігі болса керек. Осы ретте Ғ.Есімнің мынадай сөздерін келтіре кетуге болады: «Еркіндік саясаттан биік ұғым. Еркіндіктің шын болмысын ізгілік пен парасат арқылы түсіндірген абзал. Еркіндік деген әркімнің бет-бетімен босып кетуі емес, өз еліне деген тәуелділік санасы болса керек».
Саяси еркіндікпен тығыз байланыста болатын экономикалық тұрғыдағы еркіндіктің көрінісі бар. Бұл дегеніміз, өз бетінше өндірісті дамытып, ешкімге материалдық жағынан тәуелсіз болу арқылы өз саясаттарын іске асыру. Еркіндікті тек саяси мәнімен шектесек қателескен болар едік.