Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет38/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

Еркіндік саясаттан биік ұғым деп айтып өткендей, енді, оны адами тұрғыдан қарастырып көрелік. Әлемдік философия тарихы қаншама кезеңді канша дана ой иелерін өз бойынан өткізгенімен де еркіндік мәселесі бағзы заманнан бүгінгі таңға дейін маңызды мәселелер қатарынан ойып өз орнын алған.
Адамдар еркіндік жоқ деп қандай негізде ойлаған? Мұндай адасудың себептері мынадай: о, бастан көзге түсетін нәрсе – екінің бірінде біз өзімізді баурап алатын құмарлықтардың тұтқыны болып жүреміз.
Еркіндік – жанның саулығы; оның толық әрі тұрақты дәрежесінде оған ие болатындар аз. Біздің басқа қабілеттеріміз сияқты біздің еркіндігіміз, әлсіз шектелген. Өзімізді ойлануға үйрету, т.б. жаттықтырулар арқылы біз оны нығайтамыз, біршама күшейтеміз.
Еркіндік адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда, олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие.
Еркіндік нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әртүрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін.
Экономика саласында еркін базар, еркін бәсекелестік принциптері негізінде өндіргіш күштер дамитыны, адамдардың еркіндік аясы кеңейе түсетіні рас.


2. Тұлғаны, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары
Философиядағы еркіндік пен жауапкершілік. Жауапкершілік пен еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғымдар адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды.
Жауапкершілік – бұл біреуге жүктелген міндет, ол адам өз әрекетіне, өз кінәсіне оның салдарына есеп бере алатын болуы қажет. Біз әрдайым өз өміріміз бен өзгелер үшін де жауапкершіліктеміз, еркіндік қашанда жауапкершіліксіз өмір сүрмейді, сондықтан, олар өзара байланысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет