Ұңғымаларды салу кезінде бұрғылауды жобалау


Теңіздік бұрғы мұнараға негіздің түрлері



бет15/28
Дата17.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#75168
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
2. Теңіздік бұрғы мұнараға негіздің түрлері. Теңіздік әстакаданың тағайындау және конструкциясы. Теңіздік жүзбелі бұрғы қондырғысының схемасы.
Стационарлы негіздегі қондырғылар теңізде жұмыс жасаудың ең арзан әрі тиімді түрі болып табылады. Олардың кемшілігі жұмыс барысында мобилдері мен тереңдікке байланысты сипатталады. Стационарлы негіздегі қондырғылар су бетінен алғанда 60м дейінгі тереңдікте теңіз астында жұмыс жасауға арналған.
Каспий теңізінде жер асты мұнайын өндіруде және тасымалдауда теңіз әстакадалары қолданылады. Теңіз әстакадалары өндірілген мұнай өнімдерін мұнай өңдеуші кешендерге жеткізу қызметін атқарады. Оның конструкциясы 14-20м мостты пролеттен, беттік тіректен, 15м тереңдіктегі екі құбырлы тіректен және беттік тіректен тұрады. Теңіз әстакадаларының жүк көтергіштігі 100-250т дейін жетеді.
Жартылай стационарлы негіздегі қондырғылар барлауда ғана қолданылады. Бұл құрылғы буксир көмегімен тасымалданады. Конструкциясының ерекшелігі: жазық алаңдар негізінде, өздігінен көтеру негізінде, жартылай жүктелу негізінде жасалған.
Өздігінен көтеру негізіндегі құрылғылар жүзетін платформадан, жиналатын металды тіректен, қозғалмалы вертикаль беттен тұратын 90м тереңдікте ашық бұрғылауда жұмыс жасауға арналған.
Жүзетін платформалар жиналатын қозғалмалы табаннан, кешенді бұрғылау жабдықтарынан тұрады. Бұрғылау платформаларында әдетте қуаты күшті жіберуші домкраттар қойылады. Олар жыныс қабатына енеді. Соңында домкраттардың көмегімен судан арылып, табан бойлай биіктейді. Арнайы құралдар арқылы платформаға мұнара орнатылады және табанға блок кондуктор бекітіледі. Соңында бұрғылау аяқталғаннан кейін платформа судан тазартылып келесі орынға көшіріледі. Белгіленген жұмыс кейіннен бір орында блок-кондуктормен жүргізіледі.
Теңіздегі қозғалмалы бұрғылау қондырғыларын бұрғылау кемелер, баржалар мен жүзетін құрылғылар құрайды. Бұрғылау судаларының ең негізгі артықшылығы олардың жоғары мобильдігі мен автономдығы, сонымен қатар тереңдікті ендеп 300м дейін игеруі. Олардың кемшілігі – дауыл мен ауа райына төтеп бермеуі. Бұрғылау кемелеріне қойылатын негізгі талап олардың бойлық кедергіге, қатты жел астында ағын мен ағысқа жауап беруі. Қазіргі заманғы бұрғы судалары скважинаны 6000м тереңдікке дейін игеріп 3000т жүктемеге артады. Бұрғы кемесі бір орынға бекітіліп сегіз якормен бірігіп теңіз астында 180м дейін бұрғылайды. Динамикалық тұрақтылықты сақтау кез келген теңіз ұңғымасы үшін тиімді. Бұрғылау орнындағы судың тереңдігі ең маңызды әрі бұрғылау жүйесін таңдауда, құрылғыларды монтаждауды анықтауда жетекші фактор болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет