Ұңғымаларды салу кезінде бұрғылауды жобалау


дәріс. Бұрғылау ерітінділерінің функциясы



бет17/28
Дата17.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#75168
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
8 дәріс. Бұрғылау ерітінділерінің функциясы. Бұрғылау ерітінділеріне қойылатын талаптар. Бұрғылау ерітінділерін тандау принциптері. Бұрғылау ерітінділерінің типтері мен рецептурасы.


1. Ұңғыларды бұрғылау барысында жуу сұйығы
Ұңғыларды бұрғылау барысында жуу сұйығына бұрғыланылған тау жыныстарының бөлшектерімен бірге суда еритін бөлшектер, сонымен қатар минералданған немесе тұңғы қабат сулары қосылады. Бұлар жуу сұйығының су бергіштік қасиетін және тұтқырлығын, статикалық ығысу кернеуін өсіріп, ерітіндіні бұзады. Кейде бұрғылау ерітінділері коллоидтық бөлшектері электрлік зарядтарынан толық айырылып ірі бөлшектерге айналып, жабысып қалады.
Жуу сұйықтарын тұздардың коагуляциялық әсерінен қорғау үшін арнайы химиялық заттар қосады. Сонымен қатар химиялық өндеу, саз ұнтақгарының гидрофильділігін жоғарылату, суда тез еруін жеңілдету шін қолданылады.
Тау жыныстарының геологиялық тілмеде алма кезек ауысып отыруы, жуу сұйықтарының кейбір функцияларын өзгертеді. Сондықтан, егер ерітіндіні алмастыру қажет болмаса, оның қасиеттерін бұрғылау барысында белгілі аралықтарда реттеп отырады.
Сонымен жуу сұйықтары қасиеттерін реттеу төмендегідей жағдайларда қажет: 1) дайындау кезінде-көрсеткіштері белгілі ерітінді алу үшін; 2) бұрғылау барысында-жуу сұйығьшың қажетті функциясьш ұстау үшін; 3) бұрғылау барысында- гелогиялық жағдайға қатысты жуу сұйығы көрсеткіштерін өзгерту үшін.
Жуу сұйықтарының қасиеттерін химиялық өндеу, физикалық (су қосу, концентрациялау, диспергация, ауырлату, толықтырғыштар қосу), физика-химиялық тәсілдер арқылы реттеуге болады.


2. Жуу сұйықтарын химиялық өндеу
Жуу сұйықтарын химиялық өндеу мәні олардың қасиеттеріне химиялық реагенттер қосу арқылы әсер ету.
Жуу сұйықтарының құрылымдық-механикалық және сүзілімдік қасиеттері дисперциялық ортадағы коагуляциялық процестер түріне байланысты болады. Пептизация мен араластыру коагуляцияны төмендетуге; тұрақгандыру мен коллоидтық қорғау - коагуляцияны тойтаруға; ингибирлеу-коагуляцияны реттеу және бәсендетуге; тр қосу және қатты фаза концетрациясын өсіру- коагуляцияны күшейтуге бағытталған.
Жуу сұйықтарына химиялық реагенттер қосқан кезде жүйе тепе-тендігі қатты фаза байланысының өсу немесе азаю жағына қарай ауысады да, гидрофильділік, дисперстік өзгереді.
Жуу сұйығының қабат сулары мен тау жыныстары бөлшектерімен араласуы температура және атмосфералық жағдайлар жүйедегі тепе-тендікті бұзады. Бұл жуу сұйығы технологиялық параметрлерін өзгертіп, химиялық реагенттермен қайта өндеу мүмкіндігін тудырады. Ауытқу түріне қарай реагент түрі, оның құрамы, концентрациясы және қосу реті тандалынып алынады.
Жуу сұйықтары бірінші және екінші қайтара өңделеді. Бірінші деу жуу сұйықтарын дайындау немесе бұрғылау жағдайларына байланысты ұңғы ішіндегі жуу сұйығының қасиеттерін өзгерту қажет болған жағдайларда іске асырылады. Ол үшін жуу сұйығының айналым процесінде, алдын ала дайындалған реагентті науа жүйесіне екі-үш айналым циклына жететіндей етіп бірқалыпты қосады.
Жуу сұйықтарын қайтара өндеу бірінші өндеу барысында алынған ерітіндінің қасиеттерін ұстап тұру мақсатымен жүргізіледі. Бұрғылау барысында жуу сұйығы қасиеттерінің өзгеруіне байланысты бірнеше қайтара өндеп отыруға тура келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет