Кəсіптік одақтардың мынадай негізгі құқықтары бар: - өз өкілдері арқылы өзінің кəсіподақ мүшелерінің кəсіпорындарына жəне жұмыс орындарына бару;
- олардың тапсырмасы бойынша еңбек ұжымдарының əлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру жəне қорғау, олардың атынан ұжымдық шарттарды жасасу;
- заңдарда белгіленген тəртіпте жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, демонстрацияларды, ереуілдерді ұйымдастыру жəне жүргізу;
- шығармашылық қызметпен айналысу, өз қызметін басылымдарда жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де түрлерінде, кəсіпорындарда жариялау.
Кəсіподақ комитетінің құқықтарын осы құқықтардың көлемі бойынша төрт түрге бөлуге болады:
· кəсіподақ комитетінің айрықша құзыреттік құқықтары, бұлар тек кəсіподаққа ғана тəн құқықтар (мысалы, емдеусауықтыру мекемелеріне жолдамалар беру, еңбекті қорғауға жəне еңбек заңдарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру жəне т.б.);
· басшылықпен бірлескен құқықтары: ұжымдық шарттар мен келісімдерді бірлесе отырып, дайындау жəне жасасу, озат қызметкерлердің тізімін белгілеу, олар үшін көтермелеу шараларын белгілеу, 5 немесе 6-күндік жұмыс аптасын белгілеу жəне т.б. Мұндай құқықтарда кəсіподақ пен басшылық мəселені қоюда жəне оны шешуде теңқұқылы;
· келісушілік сипаттағы құқықтар. Бұл құқықтарда құқық нормасын жұмыс беруші немесе басшылық қолданады, алайда, бұл норма алдын-ала кəсіподақ комитетімен келісуі қажет. Мысалы, жұмыс беруші кəсіподақ комитетнің келісімімен ғана өз бастамасымен жеке еңбек шартын бұза не мерзімнен тыс жұмыстарды ұйымдастыра алады, қызметкерлерді мереке не демалыс күндерінде жұмысқа тарта алады жəне т.б.;
· кəсіподақ комитетінің кеңесушілік сипаттағы құқықтары.
Кəсіподақтардың еңбекке құқығын қорғау саласында, олар келесі міндеттерді орындауға міндетті: · жұмысқа орналастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жəне халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын жасауға қатысу;
· өздерінің мүшелерін қызметтен заңсыз ауыстырудан жəне босатудан қорғау жəне қызметтен заңсыз ауыстырылған жəне босатылған қызметкерлерді қайтадан қызметіне қайтаруға жағдай жасау;
· қызметкерлерді əлеуметтік қорғау шараларын жасау жəне қабылдау, осы шараларды ұжымдық шарттар мен келісімдердің мəтіндеріне енгізу;
· ұйым таратылған, өндіріс толығымен немесе ішінара тоқтатылған жағдайда қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кəсіподақтар уақтылы, оған дейін 2 ай мерзімнің ішінде хабарландырылуы тиіс;
· халықты жұмыспен қамту жағдайына жəне жұмысқа орналастыру, халықты жұмыспен қамту саласындағы заңдардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру.