Еңбек ұжымы өндірістің нысанына қарай келесі түрлерге бөлінеді: 1. мемлекеттік өндірістердің еңбек ұжымдары;
2. өндірістік кооперативтердің еңбек ұжымдары;
3. жеке дербес меншік өндірістерінің еңбек ұжымы;
4. қоғамдық ұйым меншігі өндірістерінің еңбек ұжымы;
5. аралас меншік нысанындағы өндірістердің (шетелдік өндірістерді қоса алғанда) еңбек ұжымдары.
Еңбек ұжымдары өз деңгейіне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1.кəсіпорынның негізгі еңбек ұжымдары; 2.бөлімшелердің (бөлімдер, цехтар) еңбек ұжымдары; 3. бастапқыеңбек ұжымдары (бригадалар, учаскелер, буындар). Ұжымның құқықтық мəртебесі– бұл оның заңнамалық тұрғыда бекітілген құқықтық жағдайы.
Ұжымның құқықтық мəртебесін мына элементтер құрайды: а) еңбек ұжымы құрылған сəттен бастап (адамдардың санына қарамастан) туындайтын оның құқықсубъектілігі
ə) оның негізгі өкілеттіктері (құқықтары мен міндеттері, қызмет ету саласы);
б) кепілдіктер мен жауапкершілік.
Еңбек ұжымының функцияларыбұл еңбек ұжымы қызметінің негізгі бағыттары.
Олардың қатарынан мына функцияларды атауға болады: - бірлескен еңбекті ұйымдастыру, еңбек жағдайы мен қызметкерлердің тұрмыс жағдайын жақсарту;
- кəсіпорынды басқаруға қатысу;
- мемлекеттік-саяси өмірге араласу;
- өз мүшелерін еңбек жəне өнегелік тұрғысынан тəрбиелеу, еңбек тəртібін нығайту.
Еңбек ұжымының өкілеттіктері - бұл еңбек ұжымының құқықтарына қарағанда əлдеқайда кең түсінік.
Өкілеттіктер еңбек ұжымының құқықтарын да, міндеттерін де, оның қызмет ету саласын да, функцияларын да қамтиды
Еңбек ұжымының міндеттері: - жоғары өнімділікті қамтамасыз ету;
- ҚР заңдары мен ҚР Үкіметінің қаулыларын орындау;
- шарттық міндеттемелерді орындау; - еңбектің тиімділігі мен сапасын арттыру; - еңбек тəртібін нығайту.
Ұжымдық шарт– бұл əлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін жəне қызметкерлермен жұмыс берушінің арасында жасалатын жазбаша шарт ретінде ресімделген құқықтық акт. Бұл бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) жəне бір немесе бірнеше кəсіптік одақтар, не кəсіптік одақтарға мүше емес, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған жазбаша шарт түрінде ресімделген құқықтық акт
Ұжымдық шарт келесі қағидаларға негізделе отырып бекітіледі:
· тараптардың құқықтар мен міндеттерді ажырата білу, өзара сенім жəне құрмет, əлеуметтік əріптестік;
· еңбек ұжымы мүшелерінің шарттың ережелерін жасауға қатысуы;
· тараптардың ұжымдық шарттың жасаудағы тең құқылығы;
· шынайы мүмкіндіктерді ескеру, заңды құқықтар мен мүдделерді сақтау;
· тараптардың міндеттемелерді орындауға, заңды құқықтар мен мүдделерді сақтауға қатысты жауапкершілігі жəне бақылауы;
· тараптардың шартқа енгізілген міндеттемелерді орындауға қатысты жауапкершілігі жəне бақылауы