Финансовый анализ


Ұжымдық шарттың тараптары болып мыналар табылады



бет13/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
ҚР еңбек құқығы

Ұжымдық шарттың тараптары болып мыналар табылады:
1) қызметкерлерөз өкілдері арқылы;
Қызметкерлер ұжымдық шарттың тарапы бола отырып, шартқа жекелеген тұлғалар ретінде емес, заңды тұлғаның құқықтарына ие дербес субъект – жалпы еңбек ұжымы не оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі ретінде қатысады.
2) жұмыс беруші – ұйымның басшысы немесе ұйымның жарғысына (не өзге де локальдық актіге) сəйкес өкілеттіктерге ие өзге де тұлға арқылы.
Жұмыс берушінің өкілі оның атынан келіссөздер жүргізіп, ұжымдық шартты бекіту мəселелерін шеше алады.
Ұжымдық шарттың мазмұны – бұл нақты бір кəсіпорында немесе ұйымда əлеуметтік-экономикалық жəне еңбек қатынастарды реттеу үшін тараптармен келісілген жəне қабылданған ережелер (жағдайлар).
Аталған ережелерді үш түрге бөлуге болады:
нормативтік,
міндетті
ақпараттық.
Ұжымдық шарттың нормативтік ережелері – бұл тараптардың өз құзыреті шегінде белгіленген, тұрақты түрде қолдануға арналған, жалпы сипаттағы құқықтың локальдық нормалары.
Нормативтік ережелер құқықтық мəселелердің үш тобын шешуге бағытталған:
а) заңнамада құқықтық мəселелерді шешудің ұжымдық-шарттық тəртібі тікелей көзделген жағдайда;
ə) заңнамада олқылықтар орын алса жəне құқықтық сауалдарды ұжымдық-шарттық жолмен шешу заңнама мен құқықтың қағидаларына жəне нормаларына қайшы келмесе;
б) заңнаманың жалпы ережелері нақты бір ұйымның ерекшеліктеріне қарай түсінідірілген жəне нақтыланған жағдайда.
Кəсіподақтар – бұл өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жəне білдіру мақсаттарында қызметкерлерді ортақ өндірістік, кəсіби мүдделердің негізінде біріктіретін, тіркелген жеке мүшелігі бар дербес қоғамдық бірлестіктер.
Қазақстан Республикасындағы кəсіптік одақтар (кəсіподақтар) – дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар коғамдық бірлестіктер, оларды азаматтар өздерінің кəсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да əлеуметтікэкономикалық құқықтары мен мудделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын корғау мен жақсарту үшін ерікті түрде кұрады.
Кəсіподақтар салалық (мысалы, темір жол қызметкерлерінің кəсіподағы), аумақтық (мысалы, Алматы қалалық жəне Алматы облыстық ұстаздардың кəсіподағы) немесе кəсіби ерекшелікті ескеретін өзге де белгісі бойынша құрылуы мүмкін.
Кəсіподақтардың сайланбалы, тұрақты əрекет ететін органы – кəсіподақтық комитет. Кəсіподақ өкілі – бұл кəсіподақтың ұйымдастырушысы, басшысы немесе еңбек ұжымының мүдделерін білдіруге уəкілетті өзге де тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет