Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсеков Ж, Касымбекова Н. Ж



бет5/150
Дата06.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#14718
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Сағат

саны




Мәтіндік есептерді шығару

Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығару.









Жұмыс және еңбек өнімділігіне берілген мәтіндік есептерді шығару.







Процентке, пропорцияға берілген мәтіндік есептерді шығару.







Арифметикалық амалдардың компоненттерінің арасындағы байланысты анықтауға берілген мәтіндік есептерді шығару.







Қоспа мен қорытпаға және концентрация мен проценттік құрамды анықтауға берілген мәтіндік есептерді шығару.







Теңдеу құру арқылы мәтіндік есептерді шешу тақырыбы бойынша алынатын тест бақылау жұмысы.







Барлығы:





Мәтіндік есептерді шығару.
Мәтіндік есептерді шығару көптеген оқушыларда қиындық туғызады. Мәтіндік есептерді шығарудың универсал (әмбебап) тәсілдері жоқ, бірақ, мұндай есептерді шешкенде төмендегі келтірілген схеманы пайдалануға болады:

  1. Белгісізді таңдап алу.

Көптеген жағдайларда есептің шартында берілген анықталуға тиісті шаманы белгілеген тиімді. Сондықтан мұндай нұсқаны бірінші кезекте қарастыру керек, бірақ бұл ереже қатал емес, кейде есептің шартына енетін басқа шамаларды қатыстыру арқылы теңдеу құрған тиімді. Негізгі мәселе белгісіздердің санын анықтау болып табылады: белгісіздердің саны неғұрлым көп болса, соғұрлым теңдеуді (немесе теңсіздікті) оңай құруға болады, бірақ мұнда есепті шешудің өзі қиындай түседі: егер қандай да бір шама бұрын белгіленген шама арқылы оңай өрнектелетін болса, онда жаңа айнымалы шамаларды енгізудің қажеті жоқ.

  1. Теңдеу (кейде теңсіздікті) құру қажет. Теңдеулер жүйесін құрғанда есептің

шартын толық пайдаланған (шамалардың өзін емес, олардың арасындағы арақатысты анықтау қажет болмаған жағдайда) маңызды. Сонда теңдеулердің саны ондағы белгісіздердің санымен бірдей болуы керек.

  1. Қажетті белгісізді немесе қажетті белгісіздердің комбинациясын анықтау керек.

Егер есепті шешу барысында кейбір түбірлерді алып тастау қажет болса, оны есептің шартына сәйкес орындау қажет.

Сонымен, теңдеу құрып мәтіндік есептерді шешу мынадай жүйемен жүзеге асырылады:

1) айнымалылар енгізіледі, яғни ізделінді белгісіз шамаларды х, у, z, ... деп белгілейді;


  1. енгізілген айнымалыларды, сондай-ақ есептің шартында берілген сандар мен олардың арасындағы арақатысқа сүйеніп, теңдеу немесе олардың жүйесін құрады;

  2. осы теңдеуді (немесе олардың жүйелерін) шешеді;

  3. табылған шешімдердің ішінен есептің шартына сәйкес келетінін (іріктеп) таңдап алады.

Қазіргі кезде емтихандарда көптеген мәтіндік есептер ұсынылуда. Ең бастысы, мұндай есептердің түрін біріктіретін нәрсе, есептің шарты формуласыз және белгісіздер әріпсіз белгіленеді, ал есептің шарты кейбір мәтін түрінде тұжырымдалады.

Мәтіндік есептерді іскерлікпен шешу оқушылардың дағдысына байланысты анықталады. Көптеген оқушылардың кез келген мәтіндік есептерді теңдеу құруға берілген есептер деп қарастыру оларды адасушылыққа әкеліп соқтырады. Оқушылар психологиялық тұрғыдан алып қарағанда оған дайын емес, өйткені есепті шешу үшін тек теңдеу құру жеткіліксіз; немесе оларды теңдеусіз шешуге болады.

Бәрінен бұрын мәтіндік есептердің негізгі түрлерін ажырата білу керек. Біз бұл тарауда мәтіндік есептердің кейбір түрлерін және оларды шешудің негізгі әдістерін қарастырамыз.


    • Қозғалысқа берілген мәтіндік есептер;

    • Жұмыс пен еңбек өнімділігін анықтауға берілген мәтіндік есептер;

    • Концентрация мен проценттік құрамды анықтауға берілген мәтіндік есептер;

    • Арифметикалық амалдардың компоненттерінің арасындағы байланысты анықтауға берілген мәтіндік есептер;

    • Процентке берілген мәтіндік есептер.

Мәтіндік есептердің әрбір түріне оларды шешу туралы әдістемелік нұсқаулар берілген.

Мәтіндік есептерді шешу туралы ұсынылған схемалар тестегі кездесетін барлық есептердің түрлерін қамтиды.

Мәтіндік есептердің алдын-ала талдаудың нәтижелерін анықтап, жазу керек. Жазудың ауызша түрі қолайлы емес. Қозғалысқа, жұмысқа, қоспаға берілген мәтіндік есептерде есептің шартын кесте түрінде жазу өте қолайлы. Мұндай жазу өте ықшамды, көрнекті, бастапқы берілген есептің тұжырымдамасын толық ауыстыра алады.

Қоспадағы заттың концентрациясына, бірлесіп жұмыс істеуге және жұмысқа берілген көптеген қиындықтар туғызатын мәтіндік есептерді шешу толық қарастырылған.

Тестте кездесетін мәтіндік есептерді шешуде оқушылар мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс:


  • Бір пункттен екінші пунктке қозғалатын мәтіндік есептерді шешу;

  • Бір пункттен екінші пунктке қарай жолда аялдап, өтетін қозғалысқа берілген мәтіндік есептер;

  • әртүрлі пункттен шығып, бір-біріне қарама-қарсы қозғалатын мәтіндік есептер;

  • өзен бойындағы қозғалысқа берілген есептерді шығару;

  • шеңбер бойымен қозғалатын объектілерге берілген мәтіндік есептерді шешу;

  • бірлесіп жұмыс істеуге, жоспарлауға және бассейнді әртүрлі трубалармен бір мезгілде толтыруға берілген мәтіндік есептерді шешу;

  • пропорционал бөліктерге берілген есептерді шешу;

  • тура және кері пропорционал тәуелділікке берілген мәтіндік есептерді шешу;

  • санның цифрларының орындарын ауыстыруға берілген есептерді шешу;

  • қоспаға және қорытпаға берілген мәтіндік есептерді шешу;

  • процентке берілген мәтіндік есептерді шешу.

Қозғалысқа берілген мәтіндік есептер.
Мұндай мәтіндік есептердің негізгі компоненттері: S – жүрілген жол, V-жылдамдық, t-уақыт.

Есепті шешудің жоспары:



  1. Әдетте белгісіздер үшін арақашықтықты (егер ол берілмеген болса) алады немесе қозғалатын объектілердің жылдамдықтарын алады.

  2. Бұл жағдайларда теңдеу құру үшін, ереже бойынша, мынадай пайымдауларды қолданады:

а) егер, екі объекті бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалатын болса, онда олар кездескенге дейін -ға тең уақыт жүреді.

б) Егер объектілер әртүрлі уақытта қозғалатын болса, онда олар кездескенге дейін бұрын шыққаны көп уақыт жүреді;

в) егер объектілер бірдей ара қашықтық жүрген болса, онда бұл ара қашықтықты бұл есептегі ортақ белгісіз шама деп қарастырған тиімді;

г) объектілер бір бағытта қозғалатын болса, біріншісінің екіншісін қуып жететін уақыты -ге тең болады.

Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығарған кезде мынадай ұйғарымдарды қабылдайды:


  1. Қозғалысты бірқалыпты деп есептейді;

  2. Жылдамдықты оң шама деп қарастырады;

  3. Қозғалыстағы денелердің бұрылуы және жаңа қозғалыс режиміне ауысуы лездік деп қарастырады.


Түзу бойындағы бірқалыпты қозғалыс.
1- мысал. Ара қашықтығы 500 км екі қаладан бір мезгілде қарама-қарсы бағытта трактор мен одан жылдамдығы 4 есе артық жүк машинасы шығып 4 сағаттан кейін кездесті. Трактордың жылдамдығы қандай?

Шешуі: Трактордың жылдамдығы х (км/сағ) болсын, онда жүк машинасының жылдамдығы 4х (км/сағ) болады.

Сонда есептің шартына сәйкес қозғалыс қарама-қарсы болатындықтан, мынадай теңдеу шығады: Бұдан



Демек, трактордың жылдамдығы 25 км/сағ –қа тең болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет