Жауабы: В) 8 км.
А) 6 км; В) 8 км; С) 10 км; D) 5 км; Е) 9 км.
Шеңбер бойындағы қозғалыс.
Бұл тақырыптағы мәтіндік есептерді шығарғанда мыналарды ескеру қажет:
а) егер бір нүктеден бір мезгілде шыққан екі объекті шеңбер бойымен қозғалып бірінші рет біреуі екіншісін қуып жететін болса, онда осы мезеттегі олардың жүрген жолдарының айырымы шеңбер ұзындығына тең болады:
б) егер екі объекті радиусы R-ге тең шеңбер бойымен тұрақты v1 және v2 жылдамдықтармен әртүрлі бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездескен уақыты формуласымен анықталады;
в) егер екі объекті радиусы R-ге тең шеңбер бойымен тұрақты v1 және v2 жылдамдықтармен бір бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыты формуласымен анықталады.
11-мысал. Ұзындығы 60 м-ге тең шеңбер бойымен бір бағытта бірқалыпты екі нүкте қозғалуда. Олардың біріншісі екіншісіне қарағанда бір айналымды 5 секунт ерте жасайды. Олар әрбір 1 минут сайын кездесіп отырады. Нүктелердің жылдамдықтарын табыңдар.
Шешуі: Айталық бірінші нүкте толық айналымды х (секунтта) жасайтын болсын, онда екінші нүкте – (х+5) секунтта жасайды,
Сонда нүктелердің бір бағытта қозғалатындығын ескерсек мынадай теңдеулер жүйесі шығады: бұдан бұл түбір есептің шарты бойынша жарамсыз.
Демек, бірінші нүктенің жылдамдығы 4 м/с-қа, ал екінші нүктенің жылдамдығы 3м/с-қа тең болған.
Достарыңызбен бөлісу: |