Жауабы: С) 25 км/сағ.
А) 20 км/сағ; В) 22км/сағ; С) 25 км/сағ; D) 28 км/сағ; Е) 30 км/сағ.
2-мысал. Ара қашықтығы 900 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі пойыз шығып, олар жол ортасында кездескен. Бірінші пойыз екіншіден 1 сағ кеш шығып, екінші пойыз жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Әр пойыздың жылдамдығын табыңдар.
Шешуі: Екінші пойыздың жылдамдығын х км/сағ деп белгілейік. Есептің шартын мынадай кесте түрінде жазған тиімді.
Шамалар
|
Қозғалыс
|
Жалпы
|
1 пойыз
|
2 пойыз
|
S (км)
|
450
|
450
|
900
|
V (км/сағ)
|
х+5
|
х
|
|
t= (сағ)
|
|
|
|
|
1 сағат аз
|
|
Теңдеу құрып, оны шешеміз:
бұдан бұл түбір есептің шарты бойынша жарамсыз.
Демек, екінші пойыздың жылдамдығы 45 км/сағ, ал бірінші пойыздың жылдамдығы 50 км/сағ болған.
Жауабы: С) 50 км/сағ; 45 км/сағ.
А) 45 км/сағ; 40 км/сағ; В) 55км/сағ; 45 км/сағ; С) 50 км/сағ; 45 км/сағ;
D) 50 км/сағ; 45 км/сағ.
3 - мысал. Реактивті самолет 0,5 сағатта винтті самолеттің 1 сағатта жүрген жолынан 200 км артық жүрген. Егер реактивті самолеттің жылдамдығы винтті самолеттің жылдамдығынан 3 есе артық болса, әрқайсысының жылдамдығын табыңдар.
Шешуі: Винтті самолеттің жылдамдығын х км/сағ, деп белгілейік.
Шамалар
|
Қозғалыс
|
Реактивті
|
Винтті
|
(км)
|
1,5х
|
x
|
|
200 км артық
|
|
V (км/сағ)
|
3x
|
х
|
t (сағ)
|
0,5
|
1
|
Теңдеу құрамыз және оны шешеміз: ,
Демек, винтті самолеттің жылдамдығы 400 км/сағ-қа, ал реактивті самолеттің жылдамдығы 1200 км/сағ-қа тең болған.
Жауабы: D) 400 км/сағ; 1200 км/сағ.
А) 300 км/сағ; 900 км/сағ; В) 500км/сағ; 1100 км/сағ; С) 350 км/сағ; 450 км/сағ;
D) 400 км/сағ; 1200 км/сағ.
4-мысал. Жедел пойыз семафор алдында 16 минут тоқтатылған. Кестеден шығып қалмау үшін, ол келесі 192 км аралықты жоспарланғаннан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Пойыздың кесте бойынша жылдамдығын табыңдар.
Шешуі: Жедел пойыздың кестедегі жылдамдығын х (км/сағ), деп белгілейік.
Шамалар
|
Қозғалыс
|
Кесте бойынша
|
Шындығында
|
S (км)
|
192
|
192
|
V (км/сағ)
|
х
|
х+10
|
t= (сағ)
|
|
|
|
16 минутқа кем
|
|
Теңдеу құрамыз және оны шешеміз: сағ.
бұдан бұл түбір есептің шарты бойынша жарамсыз.
Демек, жедел пойыздың кестедегі жылдамдығы 80 км/сағ болған.
Жауабы: С) 80 км/сағ.
А) 70 км/сағ; В) 75 км/сағ; С) 80 км/сағ; D) 85 км/сағ; Е) 90 км/сағ.
5-мысал. Жолаушыға берілген жол бөлігінде пойыздың жылдамдығы 40 км/сағ екені белгілі. Жолаушы бір кезде қарсы келе жатқан пойыздың 3 с ішінде өткенін терезе алдынан байқап қалды. Егер қарсы келе жатқан пойыздың ұзындығы 75 м болса, онда оның жылдамдығы неге тең?
Шешуі: Қарсы келе жатқан пойыздың жылдамдығы х км/сағ болсын. Онда қарсы келе жатқан пойыздың жолаушының терезесінің алдынан өткендегі жылдамдығы (х+40) км/сағ болады.
Пойыздың жолаушы алдынан өткен кездегі уақыты сағ-қа тең. Сонда сағ. болатындықтан, есептің шарты бойынша мынадай теңдеу шығады: км/сағ.
Демек, қарсы келе жатқан пойыздың жылдамдығы 50 км/сағ болған.
Жауабы: А) 50 км/сағ.
А) 50 км/сағ; В) 55 км/сағ; С) 60 км/сағ; D) 65 км/сағ; Е) 70 км/сағ.
6-мысал. Турист өзен ағысымен 90 км-ді қайықпен жүзді де, қалған 10 км-ді жаяу жүріп өтті. Оның жаяу жүріп өткен уақыты қайықпен жүзуге кеткен уақытынан 4 сағ-қа кем еді. Егер турист қайықпен жүзіп өткен уақытындай жаяу жүрсе, ал жаяу жүріп өткен уақытындай қайықпен жүзсе, онда олардың жүрген жолдары біріне-бірі тең болар еді. Турист қанша уақыт жаяу және қанша уақыт қайықпен жүзіп өтті?
Шешуі: 1-тәсіл. Турист х сағат жаяу жүрген болсын. Сонда ол қайықпен (х+4) сағат жүзген болады. Туристің жаяу жүргендегі жылдамдығы км/сағ, ал қайықпен жүзгендегі жылдамдығы км/сағ болады. Есептің шарты бойынша мынадай теңдеу шығады: бұдан сағат.
Демек, турист 2 сағат жаяу, 6 сағат қайықпен жүзген.
2-тәсіл. Туристің өзенмен, қайықпен жүзгендегі жылдамдығын х (км/сағ), ал жаяу жүргендегі жылдамдығын у (км/сағ), деп белгілейік.
Шамалар
|
Қозғалыс
|
қайықпен
|
жаяу
|
қайықпен
|
жаяу
|
S (км)
|
90
|
10
|
|
|
|
тең
|
|
V (км/сағ)
|
х
|
у
|
х
|
у
|
t= (сағ)
|
|
|
|
|
|
4 сағ аз
|
|
Теңдеулер жүйесін құрамыз және оны шешеміз:
Бұдан - бұл түбір жарамсыз, өйткені ол есептің шартын қанағаттандырмайды.
Егер болса, онда
Демек, турист 2 сағат жаяу және 6 сағат қайықпен жүзген.
Жауабы: С) 2 сағ.; 6 сағ.
А) 3 сағ; 7 сағ; В) 4 сағ; 8 сағ; С) 2 сағ; 6 сағ; D) 5 сағ; 9 сағ; Е) 6 сағ; 10 сағ .
7-мысал. Екі желаяқ 2 мин интервал тастап, бірінен соң бірі жүгіріп кетті. Старт берілген нүктеден 1 км қашықтықта екіншіні біріншісі қуып жетті де, 5 км қашықтыққа жүгіріп барып, кері қайтты. Осы жолда ол бірінші желаяқпен кездесті. Бұл кездесу бірінші желаяққа старт берілген қашықтықтан 20 минуттан кейін болған еді. Екінші желаяқтың жылдамдығын табыңдар.
Шешуі: Бірінші желаяқтың жылдамдығы х км/сағ, ал екінші желаяқтың жылдамдығын у км/сағ, деп белгілейік.
Шамалар
|
Қозғалыс
|
1 желаяқ
|
2 желаяқ
|
1 желаяқ
|
2 желаяқ
|
(км)
|
1
|
1
|
|
|
V (км/сағ)
|
х
|
у
|
х
|
у
|
(сағ)
|
|
|
сағ
|
сағ
|
|
2 мин артық
|
|
Сонда сағ, сағ екендігін ескерсек, онда есептің шарты бойынша мынадай теңдеулер жүйесі келіп шығады:
Жүйенің біріншісін екіншісіне бөліп табатынымыз:
Демек, екінші желаяқтың жылдамдығы 20 км/сағ-қа тең болған.
Жауабы: Е) 20 км/сағ.
А) 14 км/сағ; В) 15 км/сағ; С) 16 км/сағ; D) 18 км/сағ; Е) 20 км/сағ.
8-мысал. Ара қашықтығы 2200 км-ге тең А және В аэродромдарынан бір мезгілде ұшып шыққан екі ұшақ 2 сағаттан кейін кездесті. Бірінші ұшақ В пунктіне екіншінің А пунктіне жеткен уақытынан 4 сағ 35 мин ерте ұшып жетті. Әр ұшақтың жылдамдығын табыңыз.
Шешуі: Ұшақтардың жылдамдықтарын х км/сағ және у км/сағ, деп белгілейік.
Шамалар
|
Кездесетін қозғалыс
|
Жалпы шамалар
|
1 ұшақ
|
2 ұшақ
|
(км)
|
2200
|
2200
|
2200
|
V (км/сағ)
|
х
|
у
|
х+у
|
(сағ)
|
|
|
2
|
|
4 сағ 35 мин-қа аз
|
|
Сонда 4 сағ 35 мин cағ болатындықтан, есептің шарты бойынша мынадай теңдеулер жүйесі келіп шығады:
- есептің шартын қанағаттандырмайды.
Егер болса, онда км болады.
Демек, ұшақтардың жылдамдықтары 800 км/сағ және 300 км/сағ болған.
Жауабы: D) 300 км/сағ; 800 км/сағ.
А) 320 км/сағ; 400 км/сағ; В) 400 км/сағ; 600 км/сағ; С) 300 км/сағ; 700 км/сағ; D) 300 км/сағ; 800 км/сағ; Е) 400 км/сағ; 900 км/сағ.
9-мысал. Жүк машинасының 3 сағатта жүрген жолын, жеңіл машина 2 сағатта жүреді. Егер жеңіл машина жылдамдығын 30 км/сағ-қа кемітсе, онда ол бір сағатта жүк машинадан 10 км кем жүреді. Машиналардың жылдамдықтарын табыңдар.
Шешуі: Жеңіл машинаның жылдамдығын х (км/сағ), ал жүк машинасының жылдамдығын у (км/сағ), деп белгілейік.
Шамалар
|
Қозғалыс
|
Жеңіл машина
|
Жүк машинасы
|
Жеңіл машина
|
Жүк машинасы
|
(км)
|
2x
|
3y
|
x-30
|
y
|
|
бірдей
|
|
|
10 км-ге кем
|
|
V (км/сағ)
|
х
|
у
|
х-30
|
у
|
(сағ)
|
2
|
3
|
1
|
1
|
Сонда есептің шарты бойынша мынадай теңдеулер жүйесі шығады:
Демек, жүк машинасының жылдамдығы 40 км/сағ, ал жеңіл машинаның жылдамдығы 60 км/сағ-қа тең болған.
Достарыңызбен бөлісу: |