98
күшейту үшін таңдалған бағыттың маңыздылығы; үшіншіден: әлемдегі
адамның орны туралы сұрақтың маңыздылығы; төртіншіден:
физиканың
техникамен екі жақты байланыстылығы.
Қазіргі заманғы физиканың «аса маңызды және қызықты» мәселелерін
зерттеу объектісінің масштабына байланысты 3 облысқа бөлуге болады:
макрофизика, микрофизика және мегафизика. Олардың әрқайсысы тек өз
мәселелерін шешіп қана қоймайды,
олардың өз заңдары, математикалық
аппараты, зерттеу әдістемесі және құралдары болады. Ғылымның даму тарихы
көрсеткендей, объектінің масштабы ғана бірінші кезекте берілген облысқа
сәйкес физикалық заңдардың мінездемесін анықтайды.
Ең жақсы мысал болып мұнда нақты физикалық заңдар детерминация
басым болатын әлемнен мүмкіндіктер әлеміне өтетін макрофизикадан
микрофизикаға өту процесі табылады. Макрофизикадан
микрофизикаға өту
процесі кезінде мегаәлемнің микро және макроәлемнің қасиеттеріне қарағанда
қасиеттері бізге толық мәлім болмағандық себебінен заңдардың мұндай өзгерісі
бізге анық көрінбейді. Дегенмен, бұл уақытша ғана. Бұған мегаәлемнің бірқатар
спецификалық объектілерінің (пульсарлар, квазарлар, галактика ядросы т.б)
ашылулары қол асты болады. Олардың қасиеттері тек мегаәлемге тән
спецификалық заңдармен сипатталады. Бұл объектілердің қасиеттеріндегі
кейбір «қызықты» жәйттар мегаәлемнің жаңа теорияларынан анық түсініктеме
табады деп үміттенеміз.
Біздің физиканы бұлай үш бөлімге бөлу оның бірлігін еш бұзбайды. Бір
бөлімнен екінші бөлімге жәймен өту, нәтижелер
корреляциясы жалпы
физикаға ортақ негізгі заңдардың (мысалы, симметрия және сақталу заңдары)
болуы, оның бөлімдерінің жалпы және бір-біріне өтіп отырытындығын
дәлелдейді.
ХХ ғ.-дың екінші жартысында ашылған қызықты және маңызды
физикалық жаңалықтарды толық сипаттап беру мүмкін емес. Міне сондықтан
біз, В.Л. Гинзбургтың соңынан, шамамен 20 негізгі
физикалық мәселелерді
атап көрсетеміз. Бұл бізге тарихи тұрғыдан негізгі сұрақтар ғана емес, сонымен
қатар физиканың техникамен және т.б ғылымдармен байланысын
тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: