Физика тарихы


Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет56/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69
Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар: 
 
1. Макро- және метафизиканың негізгі мәселелері.
2. XX ғасырдағы ғылыми аспаптар жасау. 
3. XX ғасырдағы физика мен медицинаның байланысы.
4. XX ғасырдағы ашылулар.
5. XXI ғасыр басындағы физикадағы ашылулар. 
6. Ғылымдағы соңғы ғылыми жаңалықтар мен ашылулар. 
7. XXI ғасыр басындағы техниканың даму қарқыны. 
15-дәріс 
Кеңес физикасының дамуы 
 
Ғылыми жаңалықтардың көпшілігі Ресейде ашылғаны туралы 
ақпараттарды әдебиет көздерінен табу қиын емес. Сонымен бірге, біз осы 
жаңалықтардың авторлары: Д. Бернулли, Л. Эйлер, М.В. Ломоносов, П.Н. 
Лебедев, А.Г. Столетов, Н.А. Умов, Д. И. Менделеев және басқалар екенін 
білеміз. Орыс физикасы дүниежүзілік ғылымның дамуына өте үлкен үлесін 
қосты. Бірақ ол шешуші болған жоқ. Негізгі идеялар, шешуші тәжірибелер 
(эксперимент), заң бойынша басқа елдің ғалымдарына тиесілі болды. Сол 
кездегі Ресей ғылымына реттеп мінездеме беретін болсақ:


110
1) физиканың барлық бағыттары емес, тек жеке, өте сирек бағыттары ғана 
дамыды; 
2) ғылыми зерттеулер тек университет кафедраларында ғана жүргізілді; 
осы уақытта барлық арнайы ғылыми бөлімдер болмады; 
3) ғылымға ақшалай салымдар мемлекет тарапынан болсын, жеке адам 
адамдар тарапынан болсын өте аз болды; 
4) өте ірі ұйымдастырушы – ғалымдар басқарған мектептер аз болды; 
5) университеттік және техникалық білім жүйесінің ғылыми дәрежесі 
жоғары білікті мамандарды дайындауға жеткіліксіз болды. 
ХІХ ғ. ғылым формальды түрде француз, ағылшын, неміс, орыс т.б. деп
бөлінгенімен, жеткілікті мөлшерде интернационалды болды. ХХ ғасырдың
басына қарай ғылымның, әсіресе техникамен байланысты бөлімінде, ұлттық
белгілер күшейе түсті. Бұның себебі, ғылым көп миллитаризацияланды, ал 
мемлекетаралық бәсекелестік бұл процессті жылдамдатты. Әрбір мемлекет 
айналысатын ғылыми зерттеулер облысы кеңейіп, соңында сол мемлекетте
ғылыммен «барлық фронт болып» шұғылдануға әкелді. Әрине, ол толықтай 
тек Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, АҚШ – пен КСРО сынды екі үлкен
держава арасында болды. 2001 ж. соңында Брюссельдегі НАТО-ның штаб–
пәтерінде сөйлеген Нобель сыйлығының лауреаты, атақты Кеңес және
Ресей физигі Ж.И. Алферов, Швецияда Нобель сыйлығының мерейтойына
арнап өткізілген «дөңгелек үстелдің» нәтижесіне сүйенді. Онда ХХ ғ. 
ғылымының алға басуын, екі мемлекеттің дамуына да әсер еткен АҚШ пен
КСРО арасындағы бәсекелестіктің айқындалғаны айтылды. 
АҚШ пен КСРО-да ғылымның дамуына әр түрлі жағдай жасалғанын
айта аламыз. Бірінші жоғарғы державада ғалымдардың ғылыми дәрежесі
айтарлықтай жоғары болды. Ғылыми контингенті: Еуропа, Азия, Латын
Америкасы елдерінің ең жақсы ойшылдарынан құралды (тек 20% физиктері
ғана жергілікті американдықтар болды). КСРО өз күшімен жұмыс істеу
керек болды, сондықтан ғылымға көбінесе орташа қабілетті адамдар келді. 
Сол кезде КСРО-да Кеңес ғалымдарына әлемдік ғылыммен нәтижелі
бәсекелесуге мүмкіндік туғызған ғылым бірлестігі өте жоғары деңгейде
болды, әсіресе алдыңғы қатардағы физика және басқа да салалары. 
Төңкеріске дейінгі Ресейде негізгі ғылыми зерттеулер университет
кафедраларына бағытталды, оның өзі барлығында емес, тек алдыңғы
қатарлы: Мәскеу, Санкт – Петербург, Қазан, Киев, Варшава, Гельсингформ 
және т.б. Сол кезде Германияда, Англияда, АҚШ–та және Францияда әр
түрлі үлгіде функцияландырылған ғылыми институттар Ресейде болған жоқ. 
Осындай саясаттың нәтижесінде елде жоғары дәрежелі жеке ғалымдар ғана
пайда бола бастады, көбінесе математика және химия салаларында. 
Физикада олардың сандары аз болды: физика – топтық ( коллективтік) 
ұжымдық ғылым. Ол көпшіліктің еңбегін талап етеді, ал оны арнайы
ғылыми бөлімдерсіз ( орындарсыз) іске асыру мүмкін емес.
Төңкеріс алдыңдағы Ресейде ғылымға мемлекеттік ақшалай салымдар
өте аз болды, жәнеде бізді басқа елдерден ерекшелеген бір жағдай ол


111
ғылымның дамуына жеке капиталдың қосқан үлесінің аздығы, себебі сол
кезде Батыста ғылыми зерттеулерге жекеменшік ірі фирмалар белсенді
түрде ақша салып жатты. Ресейде тек Нобельдік отбасылар өндірушілері
ғана ғылымға ақшалай жәрдемдесті.
Ғылыми зерттеулердің дамуын Батыстағы: У. Томсон, және Э. 
Резерфорд , Г. Гельмгольц және Н. Бор және т.б. сынды ірі
ұйымдастырушы–ғалымдар мен ғылыми мектеп басшыларынсыз елестету
мүмкін болмады. Ал Ресейде мұндай мектептер жоқтың қасы болды. Тек
шетел мектептерімен азда болса, бәсекелесе алатын, П.П. Лазарев, С.И. 
Вавилов, А.Р. Колли және басқа да оқымыстылар шыққан Мәскеудегі И. 
Лебедевтің ғылыми мектебі ғана болды . 
Төңкеріске Ресейде, университеттік білім беру өзінің шамасына
байланысты ғылымға дарынды ғалымдардың көптеп келуіне жағдай жасай
алмады. Сондықтан физикамен кәсіб түрде айналысқысы келгендер шетелге
кетіп, сонда оқып, көбіне жұмыс істеуге ұзақ жылдарға қалып қоятын
болған. Міне, осы жағдай Ресейде ғылыми мектептерінің болмауы мен
физика ғылымының төмен сатыда болуына әкеліп соқты .
Қазан төңкерісенен кейін ғылымның дамуы Ресейде басқа жолмен
жүрді. Ол әлемдік дәрежеге жетті, қалай болғанда да физика ғылымы
жайында осылай айтуға болады.
Елдегі төңкерістен кейінгі алғашқы жылдары, көптеген бұзылуларға
қарамастан, ғылым бір орында қалып қоймады. Одан бөлек, дәл осы
уақытта Ресейде жаңа физиканың дамуына бастау болатын бағыттар
айқындалды. Бұл бағыттарға ірі ғылыми бөлімдердің құрылуы, жоғары
мектептердің жаңаруы және ғылыммен байланысының күшеюі, сонымен
бірге мемлекеттік және қоғамдық ғалымдар бірлестігінің құрылуы жатты.
Алғашқы ғылыми бірлестіктер 1918 ж. құрыла бастады. Сол жылдың
қазанында В.Д. Бонч – Бруевич Нижегород радиозертханасы мен қазіргі
Радио–физикалық ғылыми–зерттеу институтын құрды. Сол айда
Петроградта А.Ф. Иоффе және М.И. Неменов құрған
Рентгеннорадиологтялық институт (қазіргі Физика–техикалық институт) 
жұмыс істей бастады, сонымен бірге Рожденственскийдің басқаруымен
Оптика институты ашылды. Мәскеуде Шанявский университетінің
базасында П.П. Лазарев Биофизика институтын құрды. Бұл институттар
Кеңес физикасының дамуында үлкен роль атқарды. Кейінірек осылардың
үлгісі бойынша басқаларда да институттар ашыла бастады. 
Кеңес физикасының тарихы - өте кең тақырып, сондықтан да біз қысқаша 
кеңес елінінің ғылымға аса зор үлестерін қосқан атақты бірнеше физик-
оқымыстылардың өмірбаяндарына тоқталайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет