Физика тарихы


Роберт Бойль (1627 - 1691)



Pdf көрінісі
бет34/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

 
Роберт Бойль (1627 - 1691) 
Роберт Бойль (43-сурет) 1627 ж. 25 қаңтарда Лисморда (Ирландия) 
туылды, Итон колледжiнде (1635 - 1638) және Женева академиясында (1639 – 
1644) бiлiм алды. Содан кейiн ол ешқайда шықпастан Столбридждегi өзiнiң 
имениясында тұрды, онда ол 12 жыл бойы өзiнiң химиялық зерттеулерiн 
жүргiздi. 1656 ж. Б. Оксфордқа, ал 1668 ж. Лондонға көштi.
Роберт Бойль ғылыми қызметi физика мен химия салаларына байланысты 
эксперименттік әдiстерге негiзделген және атомистикалық теорияны дамытты. 
1660 ж. ол газ қысымының көлемге тәуелдiлiгiн анықтайтын заңды тапты. 
Кейiнiрек, бұл заң Бойль – Мариотт заңы деп аталды: бұл заңды Бойльден 
байланыссыз француз физигi Э. Мариотт ашты.
Бойль химиялық процесстердi көп зерттедi, мысалы, металды 
күйдiргендегi, ағашты құрғақ айдағандағы, тұздар, қышқыл және сiлтiлер 
түрленгенде болатын процесстердi. 1654 ж. ол ғылымға денелер құрамының 
анализi деген ұғым енгiздi. Бойльдiң бiр кiтабы «Химик - скептик» деп аталған. 
Ол агрегаттық күйдегi денелердiң ерекшелiгiне алғаш рет түсiндiрме 
бердi. 1660 ж. Бойль калий ацетатын айдап ацетон шығарды, 1663 ж. 
Шотландияның тауларында өсетiн лакмус қынасынан лакмус индикаторын 


73
тауып өз зерттеулерiнде пайдаланды. 
43 сурет. - Роберт Бойль
1680 ж. ол сүйектерден фосфорды алу әдiсiн 
дайындады, 
ортофосфорлық 
қышқылды 
және 
фосфиндi шығарды.
Бойль Оксфордта ғылыми қоғамды құруға 
белсене қатысты. Бұл қоғам кейiн Лондон Корольдiк 
қоғамы болып аталынды 
(ағылшын Ғылыми 
Академиясымен бiрдей). Роберт Бойль 1691 ж. 30 
желтоқсан айында дүние салды. Ол болашақ ұрпаққа 
бай ғылыми мұра қалдырды. Бойль өте көп кiтаптар 
жазды, кейбiреулерi ол өлгеннен кейiн басылып 
шықты: кейбiр қолжазбалар Корольдік қоғамының 
мұражайынан табылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет