Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері



Pdf көрінісі
бет9/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
көрсету мен айтып беруді
ұштастыру. Бұл екеуінің арақатынасы нақты жағдайға қарай өзгеріп отырады. Ол 
экскурсияның тақырыбына, оқуышлардың құрамына байланысты. Алайда, қандай 
жағдайда болмасын көрсету мен айтып беру табиғы бірлікте
болуы керек. Яғни 
экскурсия

көрсету, талдау жасаумен; түсінік, ғылыми анықтама берумен
қатар 
жүргізіледі. Экскурсияға қатысушының көргені, мұғалімнің әңгімесі арқылы оның 
санасында белгілі бір оқиғаларға, құбылыстарға, фактілерге, процестерге нақты 
тұжырым жасатады. Шынында оқушы экскурсияда тек көріп, тыңдап қана қоймай, 
сонымен бірге толғанады да. Көргені мен естіген оның бойына күшті сезім туғызады, 
ол қызығады, қобалжиды, ойланады. Сөйтіп, экскурсия өзінің көрнекілгі, 
түсініктілігі және әсерлілігі мен білім берудің тиімді формасы болып табылады. 
Фактілерді тиянақты меңгеруге және есте тұрақты сақтап қалуға себін тигізеді. 
Демек, дүниеге 
диалектикалық көзқарас
қалыптастырады.
Ғылыми принциптің талаптары атериалдың мазмұнына ғана қатысты емес. 
Бұлар материалды баяндау барысында да қатал сақталып отыруы керек: жүргізуші 
мұғалімдердің, немесе жетекшілердің фактілерді, құбылыстарды, ұғымдарды 
ғылыми тұрғыдан түсіндіріп беруі 

әрбір экскурсияға тән қасиет. Тәрбие беру –
ғылым мақсатарын іске асыруды көздейтін болғандықтан, экскурсияның тиісті 
идеялық бағыты болуын талап етеді. Экскурсия жүргізуші мұғалім теорияның 
өмірмен байланысын жүзеге асыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді жете 
пайдалануы тиіс. Мысалы, ол белгілі бір теориялық қағиданы келтіріп, оны нақты 
мысалдармен, фактілермен, цифрлармен нақтылацйды яғни баяндаудың дедуктивті 
(жалпыдан жалқыға) әдісі қолданылады. Теорияның өмірмен байланысын іске асыру 
жолында экскурсия жетекшісіне салыстыру тәсілі үлкен мүмкіндік береді. Бұл 
тәсілді қолданғанда оқушылар табиғаттағы өзгерістер сырын толығырақ және 
тереңірек түсінеді. Сонымен бірге, көрнекілік принципінің талаптары мен 
ережелерін сақтап отырудың маңызы да үлкен. Экскурсияның қандай болсын, 
бәрібір оның адамгершілік, патриоттық сезімдерге тәрбиелейтін материалы болуы 
шарт. Білім беру мен тәрбиенің танылған формасына айналып отырған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет