Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері


Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау



Pdf көрінісі
бет7/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау 
 
Оқушыладың білімі бес балдық жүйемен бағаланады.
 
Бағаларды қою кезінде 
мұғалім анықталған критерийлерді жекетшілікке алады, оларға білімдердің тереңдігі
көлемі және меңгерген білімді жалпылай алу мен талдай білу, алған білімдерін 
танымдық және практикалық іскерліктерге қолдана білу жатады. 
Бағалауға келесі іскерліктер жатады:

табиғат пен техниканың құбылыстарын түсіндіру үшін ұғымдарды, заңдарды және 
теорияларды қолдану; 

оқулықпен өзбетінше жұмыс істеу;

белгілі заңдар мен формулалар негізінде есептерді шығару;

физикалық шамалардың анықтамалық кестелерін пайдалану. 
Лабораториялық жұмыстарды бағалау кезінде келесі іскерліктер ескеріледі: 

тәжірибені жүргізуді жоспарлау; 

схема бойынша қондырғыны жинау; 

өлшеуіш приборларды қолдану; 

бақылаулар жүргізу, өлшеуіш приборлардың мәліметтерін алу, шамалар 
тәуелділіктерінің кестесін құру және графиктер тұрғызу; 

өлшеу нәтижелерін бағалау және өлшеу қателіктерін есептеу (жоғарғы сынып 
үшін);

істелеген жұмыс бойынша қысқаша есеп беру және
қорытынды жасау. 
Бағдарламада оқушылардың 
ауызша жауаптарын 
бағалау нормасының 
мысалы келтірілген. 


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
«5» бағасы қойылады, егер оқушы: 

қарастырылған құбылыстардың және заңдылықтардың, заңдардың мен 
теориялардың физикалық мәнін дұрыс түсінгенін білген кезде, негізгі ұғымдарға, 
заңдарға және теорияларға дұрыс анықтама бергенде, сондай
-
ақ физикалық шамалар 
мен олардың өлшем бірліктерін және өлшеу тәсілдерін дұрыс анықтағанда

алынған жауаптың сызбаларын, схемаларын және графиктерін дұрыс 
орындағанда; 

жауапты жеке жоспар бойынша құрғанда, баяндау барысында жаңа 
мысалдарды қолданғанда, практиалық тапсырмаларды орындау кезінде жаңа 
жағдайларға білімдерді қолдана білгенде; 

физика курсы бойынша меңгерілген және бұрын меңгерілген материал, 
сондай
-
ақ басқа пәндерді игеру кезінде меңгерілген материал арасында байланыс 
орната білгенде; 

қателіктерді дұрыс талдағанда. 
3.
 
Критерийлік бағалау жүйесі 

қандай да бір оқу материалы қаншалықты
мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу 
курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін 
салыстыру мүмкіндігін анықтайтын жүйе.
Критериалды бағалауды енгізудің 
мақсаты

мектепте білім беру сапасын 
көтеру, мектеп
бітірушілердің білімін
халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Оқушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады;

Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмысымен емес, эталонмен
салыстырылады, (үздік орындалған жұмыс үлгісімен), эталон оқушыларға алдын ала
белгілі;

Оқушы өз жетістіктері мен өзінің бағасын анықтайтындай бағалаудың нақты 
алгоритмі жасалған;

Оқушыға берілген білім ғана бағаланады, сондықтан бағалау критерийі 

оқу 
мақсаттарының нақты көрінісі;
Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың сол пән бойынша 
жетістіктерін және олардың жекелей жұмыстарының нәтижесін жалпылау –
бағалау 
критерийлері болып
табылады.
Рубрикатор 

оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау 
критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен 
анықталады және берілген рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады. 
Критерий

оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс барысында 
орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әртүрлі іс
-
әрекетінің тізбегі. 
Дескрипторлар

әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін 
сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын 
ұпай да жоғары болады. 
Өткен тақырып бойынша барлық жұмыстар, бақылау жұмыстары да сәйкес 
рубрикамен бағаланады. Рубрикаларды оқушы әр тақырыпты бастар алдында алады. 
Бұл берілген тақырып бойынша қорытынды жұмысы қалай бағаланатындығын 
түсінуіне мүмкіндік береді. Дәлірек айтсақ, рубрика оқушыға берілген тақырыпты 
меңгеру нәтижесінде нені үйренетіндігін және осы тақырыпты меңгеру үрдісінде 
неге көбірек көңіл аудару керек екендігін көрсетеді. Яғни, оқушы өз оқуының 
белсенді бір жағы –
субъект болады. 
Рубрика –
оқушы 
не үшін
оқып жүргендігін, критерий –
ол 
нені 
үйренуі керек 
екендігін, ал дескриптор –
оқушы оны 
қалай
орындау қажеттігін көрсетеді. Егер 
рубриканы қандай да бір төбе деп есептесек, критерий –
баспалдақ, ал дескриптор –
жоғары көтеріле отырып, сенімді түрде мақсатқа қарай жылжуға болатын жеке 
басқыштар. 
Критерийлер және дескрипторларды қолдана отырып, оқушы жақсы 
нәтижеге жету үшін қандай қадамдар жасауы керектігін анық көре алады. Ол 
жұмысын өздігінен бағалай алады және уақытында аяқтай алады.


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
Критерий оқушыларға жұмыстың басында таныстырылады. Сондай
-
ақ, 
критерийді мұғаліммен бірге талқылайды, тұжырымдалуына және критерий құнына 
өзгеріс енгізе алады. Сонымен қатар оны 
оқытуды жақсарту үшін бағалау
деп те 
атауға болады.
Балдық бағалауда оқушылар жасаған еңбегіне сәйкес бал жинайды. Балдық 
жүйеде белгілі критерийлермен өлшенетін жазбаша жұмыс болу керек. Бағалаудың
әр параметрі сабақтың және деңгейдің тармағында көрініс табады. Барлық 
көрсетілген параметрлер белгіленген критерийлер бойынша өлшенеді және 
есептеледі әрі оқушылар онымен таныстырылады. Бағалау криериийлерімен және 
дискрипторлар оқушыларға ұсынылады. Сол дескрипторлар арқылы оқушылар 
өзінің деңгейін анықтай біледі. 
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары 
және сұрақтар
1.
Негізгі және орта мектепте оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын 
тексерудің ерекшеліктерін атаңдар.
2.
Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс
-
тәсілдерін көрсетіңдер.
 
3.
Оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын тексерудің маңызы мен 
қажеттілігі қандай? 
4.
Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалаудың 
түрлерін көрсетіңдер. 
 
5.
Критерийлік бағалау жүйесі
6.
Рубрика
7.
Критерий. 
8.
Дескрипторлар
 
№ 

дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет