Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері


№3дәріс. Физика есептерін шығарудың жалпы әдістемесі



Pdf көрінісі
бет5/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
№3дәріс. Физика есептерін шығарудың жалпы әдістемесі.
 
Қарастырылатын сұрақтар
(
дәріс жоспары
): 
1.
Есептердің классификациясы. 
2.
Оқушыларға физикалық есептерді шығаруға үйрету. 
3.
Физикалық есептерді шығару технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны

Есеп шығару –
оқу үрдісінің бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып 
табылады, себебі ол оқушыларға физикалық ұғымдарды қалыптастыруда, 
физикалық құбылыстарды игертуде, олардың ойлау қабілетін дамытуда септігі мол. 
Есептерді шығарудың басты шарты –
оқушылардың бойында физикалық 
заңдылықтар жайында білім қорының болуы, физикалық шамаларды дұрыс түсінуі, 
сондай
-
ақ оларды өлшеу тәсілі мен өлшем бірлігін білуі болып табылады. Есептерді 
шығарудың міндетті шартына оқушылардың математикалық дайындығы да жатады.
Есептерді 
шығару 
физикалық 
құбылыстарды 
бақылауды 
және 
эксперименттерді жүргізуді қажет ететін белсенді танымдық үрдіс. Эксперимент пен 
бақылау есептердің шартын анықтауға, жетіспейтін мәліметтерді алуға, шамалар 
арасындағы байланыстылықты тағайындауға мүмкіндік береді. Мұндай мақсаттарға 
суреттердің, графиктердің де септігі бар. Есептерді шығару ойлау үрдісі 
болғандықтан –
бұл талдау мен салыстыру үрдісі.
Есеп шартын талдау –
есепте берілген құбылыстың жалпы суреттемесін көзге 
елестетуге мүмкіндік береді, осының салдарынан қарастырылып отырған есепте 
қандай жағдайлар маңызды, қандай мәліметтер арасында байланыс орнату керектігі 
анықталады. Берілген құбылысты түсіну үшін есеп шартына байланысты кейбір 
мәселелерді қысқартуға болады. Мысалы, механикада көбіне үйкеліс, геометриялық 
оптикада «жұқа» линзаның қалыңдығы ескерілмейді және т.с.с.
Физикада есептерді көптеген белгілері бойынша классификациялайды: 
мазмұнына, қойылуына, сұрақты зеттеу тереңдігіне, шығару тәсіліне, қиындық 
дәрежесіне 
байланысты және т.б.
Сапалық есептерді әдетте меңгерілген материалды бекіту құралы ретінде 
қолданады. Мектеп физика курсының көптеген тақырыптары үшін сапалық есептер 
негізгі бөлім болып табылады. Есептің мұндай түрі қарастырылған мәселенің 
физикалық мәнін қалай меңгергенін қысқа уақытта анықтауға мүмкіндік береді. 
Сапалық есептерді логикалық ой қорыту негізінде шешеді. Сапалық есептерді 



Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
шығаруда талдау мен салыстыру (анализ және синтез) өзара тығыз байланыста 
болады, оларды кейде бір
-
бірінен ажырату мүмкін емес. 
Сапалық
есептерді шығарудың схемасы мынадай:
Есептердің шартын оқу, оның шартындағы барлық терминдерді анықтау 
(мағынасын түсіну);
 
Есептің шартын талдау, физикалық құбылысты анықтау, түсіну;
 
Талдаудың аналитика
-
синтетикалық тізбегін құру;
 
Алынған жауапты оның физикалық мағынасымен түсіндіру.
 
Сапалық есептерді шығару әдістеріне қарай оларды 
екі 
негізгі топқа 
ажыратамыз:
1.Қарапайым сапалық есептер:
оларды шешу бір физикалық заңдылыққа 
негізделеді, мұнда ой
-
қорыту тізбегі қарапайым. 
2.Күрделі сапалық есептер:
бұл бірнеше қарапайым есептердің 
комбинациясы немесе жиынтығы болып келеді. Оларды шешуде біршама күрделі 
ой
-
қорыту тізбегін құруға тура келеді және бірнеше физикалық заңдылықтар 
талданады.
Сондай
-
ақ сапалық есептер график түрінде де берілуі мүмкін. Мұнда зерттеу 
объектісі физикалық шамалардың графиктік тәуелділігі болып табылады. Кейбір 
жағдайларда есептің шарты гафикпен берілуі, ал кейбірінде есептің шарты бойынша 
график тұрғызылуы мүмкін. 
Есептеу есептері

есептің нәтижесі математикалық амалдардың және 
есептеулердің көмегімен алынатын есептер. Ондай есептерді әртүрлі жолдармен 
шығаруға болады.
Есептерді шығаруда қолданылатын математикалық амалдарға байланысты 
алгебралық, геометриялық, тригонометриялық және графиктік тәсілдерге 
ажыратады.
Физикалық есептерді алгебралық тәілмен шығаруды қарастырайық. Физика 
есептерін бұл тәсілмен шығаруда формулаларды пайдаланады, оларды құрады және 
алгебралық теңдеулерді шешеді. Алгебралық тәсілді қолданудың қарапайым 
жағдайы –
есепті дайын формула бойынша шығару. Күрделірек есептерді шығаруда 
бірнеше формулаларды немесе теңдеулер жүйесін қолданып шығарады. Қарапайым 
есепті алгебралық әдіспен шығарудың мысалын қарастырайық (дайын формула 
бойынша).
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары 
және сұрақтар
1.
Физика есептерінің классификациясын көрсетіңдер.
2.
Графиктік есептер қалай беріледі?
3.
Сандық есептер деген не?
4.
Сапалық есептер дегеніміз не?
5.
Есеп шығару кезеңдерін көрсетіңдер.
№ 

дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет