Дәм талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы. Дәм қабылдағыштарының орналасуы. Дәм тітіркендіргіштерін қабылдау. САЙЕ
Дәм сезу атлдағышы дәм сезу жүйесін құрайтын,мағызды талдағыштардың бірі.Дәм сезу жүйесі ауыз қуысына түсетін тамақтың дәмін,түрін,мөлшерін анықтауды қамтамасыз етіп,зат алмасу процестерінің құраушыларының бірі.
Дәм талдағышының бөлімдеріне тоқталсақ ,негізгі 3 бөлімін ажыратамыз:
*Шеткі бөлімі:базальды ж/е тірек жас-ры қалыптастыратын дәм түйінінің/баданалары құрайтын дәм сезу рецепторлары жатады. Дәм сезу баданалары тілдің бүртіктерінде орн-ды.
*Өткізгіш бөлімі:Рецепторлардан басталып,тіл жұтқыншақ және бет нервтренінің құрамына кіреді.Олар сопақша миға барып,солитарлы жол ядросына 1 нейрон,одан кейн ми бағанындағы жалғыз будасына 2нейрон,одан кейін таламустың ядросына барады -3нейрон.
*Орталық бөлімі:бас миындағы артқы орталық қатпардың төменгі бөлімі б.т.
Дәм қабылдағыштары тілдің түп жағ-да,жұтқыншақтың шырышты айм-да ,жүмсақ тандайда,тілшеде орн-ды.Көбінесе тілдің ұшы ,екі бүйірі мен түпкі жағы дәм қабылдағыштарына бай.
Дәм қаб-ры 4 түрлі дәмді сезеді:
*тілдің ұшы-тәттіні
*тілдің түбі-ащыны
*тілдің шетері-қыщқылды
*шеттері мен ұшы-тұзды
Ол арнайы хеморецепторлар арқылы жүзеге асады.
Иіс сезу талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы. Иісті қабылдау. АНЕЛ
Иіс сезімдері қабылдағыштары жоғарғы мұрын кеңсірігінде орналасады.Қалыңдығы жүз ,жүз елу мкм,ал диаметрі бес алты мкм иіс қабылдағыштарын жатқызылады. Иіс сезгіштердің жалпы саны он мен жиырма млнды құрайды. Иіс кірпікшелері бездер түзетін сұйықтыққа малынып тұрады . Осы кірпікшелері аңқыған иісті заттардың ауаға таралған бөлшектерді сезгіш келеді.Және осы иіс кірпікшелері үнемі қозғалыста болып отырып аңқыған иістердің молекулалардың белсеңді түрде жанастырады.Хош иісті заттардың бөлшектері кеңсіріктің кілегейлі қабақшаларында орналасып отыратын белоктармен әрекеттеседі.Осыдан қабылдағыш потенциалы туады, және оны алмастыратын қозу серпіністері иіс жүйке талшықтарымен иіс буылтықтарына өтеді.Бұл иіс талдағыштарының бастапқы орталықтары деп есептелінеді.Иіс қабылдағыштың бетінен тіркейтін электр көрсеткіштерін электроольфактограмма деп аталынады. Иісті зат аз уақыт аралығында әсер еткен жағдайдан пайда болып бірнеше секундтарға созылады,шайқалу тербелістері 10 мВ монофазалық теріс толқыннан тұрады. Кей кезде баяу толқындардың үстінгі бөлігінде көптеген қабалдағыштардан шығып отыратын серпініс шоқтары қабаттасады.Жеке қабылдағыштардың серпініс жиіліктері тітіркендіргіштің сапасына немесе қарқынына сәйкес келеді.Иіс ұзақ әсер еткен жағдайда қабылдағыштардың бейімделетіндігін байқауға болады.талдағыштар көптеген иісті заттарға тез арада толық бейімделеді,иіс түйсігі жойылады. Көптеген заттарға талдағыштардың баяу және ішінара ғана бейімделеді.Ауа анағұрлым таза болса иіс талдағыштарының сезімталдығы да жоғары болады. Иіс сезу мүшелерінде қозу тудыратын заттың ең аз мөлшерін табалдырығы деп санайды.Иісті заттардың мұрынның кілегейлі қабатындағы иіс аймағына өтуі қиындаған кезде тұмау,сезу табалдырығы көтеріліп,иіс сезімталдығының күрт төмендейді.Бірнеше иіс қосылып жаңа иістің бір иіс түйсігін тудырып әрбір иіс жеке қабылданып тұтас сезім құрайды.Иіс түйсінудің кең таралған қағидаларына стереохимиялық теория жатады. Заттың иісі және оның құрамындағы бөлшектің пішіні,мөлшері,көлемдері айқындалады.Иіс жүйесі жеке зат қабылдауға арналған әр түрлі қабылдағыштардан тұрады. Және олардың мембранасы бетінде пішінді ойыс жерлері болады. Иіс талдағыштарының ерекшелігі сезгіш талдағыштары алмаспайды.Иіс буылтықтарынан шығатын талшықтардың өзі бірнеше будалардан тұрады,алдыңғы мидың әртүрлі бөлігіне бағытталады.Иіс жүйесінің басқа сезім жүйкелермен байланысын қамтамасыз етеді де тағамдық,жыныстық,қорғаныс қызметтерін атқарады.Иіс талдағыштарының сезімталдығы өте жоғары болады.Бірнеше мың заттардың иісің ажырата отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |