Физиология Таладғыштардың морфологиялық-функциялық ерекшеліктер. Сайе



бет28/31
Дата11.12.2022
өлшемі173,46 Kb.
#56550
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Адам мен жануардағы ЖЖІӘ типтері.

31.Адам мен жануардағы ЖЖІӘ типтері.
Гиппократ бойынша адам темпераменттері 4ке жіктеледі:сангвиник,флегматик,холерик,меланхолик.
☆Олардың әрқайсысына анықтама беретін болсақ,сангвиник ол қызу қанды,пысық,көпшіл,мінезі жайдарлы,алға қойған мақсатына жететін,оған жетуде жігерлілік пен қажырлығық көрсететін ,өзін өзі ұстай білетін,тіршілігіндегі өзгерістерге төзімді болып тез бейімделетін,көңілсіз жағдайларды оңай жеңетін ширақ адамды айтады.
☆Флегматик-сабырлы,бірақ енжар байсалды болғанмен шабан қиынды болатын яғни істері жайбарақат болатын,алайда өзінің мақсатына жету үшін табандылық көрсететін,көңіл күйге тұрақты болатын,бірақ басқа кісілермен қиын тіл табысып,өзгерістерге қиындау бейімделетін адам.
☆Холерик-яғни ұстамсыз қызба,ашуланшақ,еліктегіш адамды айтамыз.Ол өте белсенді,қимылдары тез әрі қайратты қөңіл күйі көтеріңкі болып,бірақ кішкентай ғана тітіркендіргішке ашу ыза тудырып,жоспары дұрыс орындалмаса,ызаланып орындағанына өкінеді.
☆Меланхолик-әлсіз,өкпешіл жұмсақ мінезді өз дегенін істеттіре алмайтын,және өз дегеніне жете алмайтын,біреудің көмегінсіз,нұсқаулығынсыз шешім қабылдай алмайтын,жауапкершіліктен қорқатын,шала адам.Яғни өміріндегі болатын өзгерістерге қиын бейімделетін,тұйық мінезді және күйім қасіретке бейім адамдар болып келеді.

Павлов бойынша бұл ұғымдар шартты рефлекстерді қалыптастыру және бекіту кезінде байқалатын қыртыс процесстеріне байланысты толықтырылатынын көрсетті.Ол қыртыстық процестерге күші – бұл қозу және тежелу процесстері дәрежесі,олардың жылжымалылығы – бұл қозу және тежелу процесстерінің бір-бірне алмасу жылдамдығы және теңдігі – бұл қозу және тежелу процесстерінің қатынасы жатады.


☆Оларға байланысты сангвиниктер-күшті, теңдесілген, жылжымалы,яғни жігерлікпен, қажырлықпен, ұстамдылықпен, тез шешім қабылдаумен және қозу мен тежелуі бойынша ұстамды яғни теңдесулі болуымен сипатталады.
☆Флегматик - күшті, теңдесілген, жылжымалығы баяу,яғни қозу және тежелу процесстерінің жеткілікті күшімен, ұстамдылықпен, сабырлылықпен сипатталады, бірақ күнделікті дағдылардың өзгерістеріне қиындау бейімделеді.
☆Холерик-күшті, теңдесілмеген, жылжымалығы жоғары,қозу процессі тежелу процессінен басым. Ол – жоғары белсенділікпен, қайраттылықпен, ұстамсыздылықпен сипатталады.
☆Меланхолик – процесстері әлсіз, теңдесілмеген, жылжымалығы төмен,Тежелу процессі қозу процессінен басым. Ол – төменгі белсенділікпен және қиыншылықтар мен өзгерістерге қиын бейімделумен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет