уақыттық
диаграммасының форматы
Клипті жасау режимінен шығу үшін жұмыс аймағының саймандар тақтасындағы жебесі бар батырманы (сахна атының сол жағында) немесе тікелей сахна атын басу керек.
Дайын анимацияны клипке айналдыруға болады. Ол үшін келесі əрекеттерді орындау қажет.
Уақыттық диаграммада барлық қабаттардағы барлық кадрларды таңдау. Ол үшін [Shift] клавишасын басып тұрып, диаграмманың барлық анимацияланған кадрларын кезек-кезек тінтуірмен басу керек (таңдалған кадлар қара болады).
Тінтуірдің оң клавишасымен таңдалған кадрлардың кез келгенін шертіп, мəнмəтіндік мəзірде Copy Frames (Кадрларды көшіру) командасын таңдау.
Таңдалған кадрладың белгіленуін кез келгенін тінтуірдің сол клавишасымен басу арқылыжою.
Үстелде ешбір нысан таңдалмағанынан көз жеткізіп, Insert мəзірінде
New Symbol командасын таңдау.
Symbol Properties диалогтық терезеде клиптің атын енгізіп, Behavior ауыстырғышын в Movie Clip күйіне орнатып, ОК батырмасын басу. Нəтижесінде таңбаны редакциялау режимі қосылады; сонымен бірге диаграмманың уақыттық тақтасында жаңа (бос) диаграмма пайда болады, ал
оның астында – клиптің аты.
Уақыттық диаграмамда бірінші қабаттың бірінші кадрын басу (Layer7), жəне Editмəзірінде Paste Frames(Кадрларды қою) командасын таңдау. Нəтижесінде уақыттық диаграммада бастапқы анимацияның барлық қабаттары мен кадрлары пайда болады; осы кезден бастап оның барлық құраушылары (кадрлар, дыбыстар, интерактивті элементтер) бірыңғай ажырағысыз тұтастық құрайды – негізгі фильмге тəуелсіз бола алатын жəне пайдаланыла алатын клиптің таңбасы.
Сахнаның атын басып, таңбаны редакциялау режимінен шығу.
Барлық қабаттардағы барлық кадрларды таңдау арқылы (1-қадамды қараңыз) жəне Insert мəзірінен (немесе мəнмəтіндік мəзірден) Remove Frames (кадрларды жою) пəрменін таңдау арқылы негізгі фильмнің уақыттық диааграммасынан бастапқы анимацияны жою. Содан кейін əрбір қабаттың атауын (диаграмма панелінің сол жағында) тінтуірдің оң жағымен басып жəне мəтінмəндік мəзірден Delete Layer (Қабатты жою) пəрменін таңдау арқылы анимацияға қатысты қабаттардың өздерін жою.
Клипті жасап болғаннан кейін оны сахнаға барлық таңбалар үшін əдетті əдіспен қосуға болады: фильмнің кітапхана терезесін ашып, оны үстелге апару.
Клипті үстелге көшіргенде редактор терезесіндегі клиптің уақытша диаграммасы көрсетілмейді.
Фильмдегі клиптің өнімділігін тексеру үшін Control мəзіріндегі Test Scene пəрменін немесе фильмде бір ғана сахна болса, Test Movie (Фильмнің тестілік қаралуы)пəрменін таңдаукерек.
Достарыңызбен бөлісу: |