Клиптерді жасау. Егер үстелде суреттердің анимацияланған реттілігі жасалған болса, онда ол фильмнің бірнеше сахналарында (немесе тіпті басқа
Flash- фильмдерде) қолданылуы керек; егер анимацияны интерактивті жасау қажет болса, оны клипке айналдырған орынды.
Егер фильмнің кейіпкері тек сахнада жүрмей, сонымен қатар белгілі бір қозғалыстарды (жыпылықтайды, аяқ-қолдарын қозғалтады жəне т.б.) орындаса, - клипсіз болмайды. Осындай əсерлердің клиптердің көмегімен жүзеге асуы əр клипте өзіндік уақыттық диаграмма бар, ондағы кадрлардың ауысуы негізгі фильмнің ойнатылуына байланысты еместігіне негізделген. Мысалы, 2.2-суретінде фильмнің фрагменттері көрсетілген, онда сахнада қоңыз жүріп бара жатыр, сонымен бірге оның кішкентай табандары мен мұрттары да қимылдап жатыр.
Жаңа клипті жасау үшін келесі əрекеттерді орындау қажет.
Insert мəзірінде New Symbol командасын таңдау.
Symbol Properties диалогтық терезеде таңбаның атын таңдау Behavior в
ауыстырғышын Movie Clip күйіне орнату.
Клиптің бірінші кадрындағы нысанның түрін білдіретін суретті салу немесе үстелге орнату; сонымен бірге клиптің уақыттық диаграммасының бірінші кадры автоматты түрде кілтті болады, кадр ұяшығындағы қара нүкте соны білдіреді.
Анимацияның жасау əдісінің ең оңтайлы əдісі – кадрлау анимациясы (мысалы, қоңыз үшін кішкентай табандар мен мұрттардың күйін өзгерту).
Достарыңызбен бөлісу: |