Екінші тəсілдің артықшылығы - Flash-фильм файлының көлемін азайтылуы.
Растрлық графикамен жұмыс істеудің тағы бір тəсілі бар. Растрді бөлек өңделетін аймақтарға бөлуге болады (бұл рəсім Breaking Apart депаталады). Бұл жағдайда растр барлық бастапқы бөлшектерді сақтайды. Бұл рəсімнің қолданылуы растрлық суретті сондай-ақ нысандарды бояуға арналған бояу ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Фильмге растрлық суретті импорттау үшін мына қадамдарды орындау қажет:
Fileмəзірінде Importпəрменін таңдау (Импорт).
Қажетті файлды файлдық жүйенің стандартты терезесінің көмегіменашу.
Нəтижесінде импортталған сурет үстелде пайда болады, сондай- ақ 1.6- суретінде көрсетілгендей тиісті типтегі таңба ретінде фильмнің кітапханасына ауыстырылады.
-сурет. Растрлық сурет импортының нәтижесі
Егер импортталатын сурет анимацияланған GIF болса, онда əрбір кадр кітапханаға бөлек таңба ретінде орналастырылады, оларға реттік нөмірлер автоматты түрде белгіленеді.
Импортталатын суреттің параметрлерін анықтау үшін жəне қажет болса өзгерту үшін (мысалы, оның көлемін азайту) келесі əрекеттерді орындау керек:
Кітапхана терезесінің ашылатын мəзірінде Properties(Қасиеттер) пəрменін таңдау.
Ашылған BitmapPropertiesдиалогтық терзеде талап етілетін міндерді орнату.
Bitmap Properties диалогтық терзесі келесі элементтерден тұрады (1.7- сурет):
суретті көру аймағынан. Бұл жағдайда суреттің масштабталмайтынын ескерген жөн, сондықтан терезеде суреттің фрагменті (жоғарғы сол жақ бұрышы) ғана көрінуі мүмкін;
тиісті кітапхана таңбасының атауы бар мəтіндік өрісінен (əдепкі бойынша ол сурет файлының атына сəйкес келеді, бірақ пайдаланушы оны өзгерте алады);