Фразеосемантика


§ 5. Алғыс және қарғыс фраземалар



Pdf көрінісі
бет44/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   123
§ 5. Алғыс және қарғыс фраземалар
Қазақ  тіліндегі  (мелиоратив)  коннотацияның  негізінде  пайда  болған 
алғыс  мәнді  сөздер  мен  мотивінде  жағымсыз  (пейоратив),  ұнамсыз  мән 
жатқан  қарғыс  сөздер  адаммен,  оның  дүниетанымымен,  көзқарасымен 
тікелей байланысты, яғни достық пен дұшпандық, жақсылық пен жамандық, 
өмір мен өлім сияқты қарым-қатынастарының өрісінен туындаған.
Жалпы  тілдегі  алғыс  және  қарғыс  мәнді  ұғымдар  өте  ерте  заманда, 
адамзат  қоғамының,  сана-сезімінің  төмен,  сәбилік  кезінде  пайда  болған. 
Бұл  ұғымдарды  мифтік  дәуірмен,  діни  сенімдермен  тікелей  байланысты 
деуімізге болады. Ауыздан шыққан алғыс пен қарғыс адам баласының өмір 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
80
тіршілігін жеңілдететуге немесе қиындатуға, ұзартуға немесе қысқартуға 
болады деген ұғымнан келіп туындаған.
Алғыс және қарғыс мәнді сөздердің пайда болуы адамзат тарихымен, 
рухани дамуының «сәбилік» сатысындағы дүниетанымымен, дінге дейінгі 
қарапайым танымымен тығыз байланысты. Түркілер көне діннің символы 
көкке,  тәңірге  табынып,  жалбарынған.  Аспандағы  жарық  беретін  күнге, 
айға, жұлдызға бас иіп, көкті тәңірі деп түсініп, көктің күші отта, найзағайда 
деп  білген.  Сондықтан  да  күннің  күркіреуі,  найзағайдың  жарқылынан 
қорыққан,  тәңірге  сиынып,  жалбарынып,  ырымдар  жасаған  немесе  сол 
тәңірінің қаһарымен айбат көрсеткен. Мысалы: тәңірден тапқыр!, тәңір 
алғыр!, төбеңнен жай түскір! Немесе тәңір сөзінің қатысымен жасалған 
алғыс мәнді фраземалар: тәңірі пана болсын!, тәңір жарылқасын!, тәңір 
жар болсын!, және т.б. 
Адам баласы сонау отқа, суға, көп құдайға табынатын шағында-ақ та-
лай заттарды киелі санаған. Әркімнің маңдайына біткен жұлдызы бар де-
ген түсініктен жұлдызым жоғары болғай, жұлдызым оңынан туғай деген 
тілектер осындай наным-сенімнен туған.
Ертедегі мифологиялық түсінік бойынша тәңірі – ерекше күш. Оның 
рахымы түссе, адамға көмектеседі, қаһары төнсе, адамға сұмдық кәрісін 
төгеді  деген.  Адамдардың  өздерінің  бір-біріне  жасаған  жақсылық-
жамандық әрекеттеріне жауап ретінде, осы күштерге байланысты фразема-
ларды қолданған. Сөздің күшіне, құдіреті мен сиқырына, оның магиялық 
қасиетіне сенген.
Қазақ-қырғыз  халқының  дүниетанымын  зерттеген  этнограф  ғалым 
Ш. Уәлиханов, айды мүмкін тәңірі деп түсінген болар, қырғыз халқы ай 
жаңасын көргенде, қара жерге маңдайын тигізіп, бас иеді. Жаз болса, сол 
маңдайын тигізген жердің шөбін алып, үйіне әкеліп, отқа тастайды деген 
ой айтады. Ай көрдім, аман көрдім! Ескі ай, есірке, Жаңа ай, жарылқа! 
Шумақтары этнограф ғалым ойының жалғасы бола алады.
Космонимдерге,  айдың,  күннің,  жұлдыздың  қасиетіне  сенуден  пай-
да  болған:  Айың  оңнан  тусын!,  Алдыңнан  нұр,  артыңнан  күн  тусын!, 
Жұлдызың жоғары болсын! фраземалар семантикасында осы уәждердің ізі 
байқалады.
Алғыс сөздерді әйелдер де, ер адамдар да қолдана береді. Қарғыс мәнді 
сөздерді ер адамдардан гөрі әйел адам көп айтады. Әйелдердің қарғысында 
онша зіл болмаған болу керек, себебі, тілде әке қарғысы – оқ, шеше қарғысы 
– боқ деген тіркес бар. 
Қазақ  тілінде  алғыс  мәнді  сөздерден  гөрі  қарғыс  мәнді  ұғымдар 
басымырақ екен.  І.  Кеңесбаевтың  сөздігінде  алғыс  мәнді  –  108  фразема, 
қарғыс мәнді – 127 фразема тіркелген. Бұл сандар қазақ тіліндегі қарғыс-
алғыс мәнді фразеологизмдердің түпкілікті көрсеткіштер деген ой тумаса 
керек. Тілдегі саны одан әлдеқайда көп.


81
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
81
Қазақтың  ауыз  әдебиетінде  көп  кездесетін  ұғым  –  қарғыс.  Ежелгіден 
тіл өнері дарыған қазақ халқы қарғыс айтуға да шебер болған. Қарғысты 
іштей:

жалпы  адамдарға  арналған:  Атауыңды  іш!  Аштан  өлгір!  Атаңа 
нәлет!  Аузыңа  қан  толсын!  Әруақ  солсын!  Басың  көбеймесін!  Жаның 
шықсын!  Жағың  қарыссын!  Иттей  ұлып  қал!  Ит  өлімін  берсін!  Тілің 
кесілсін! және т.б.

әйелдерге арналған: 
Бетің тіліңгір! Бетеге болғыр! Қараң жамыл-
ғыр! Қара бет болғыр! Байың өліп, бақытың күйсін! және т.б. 

балаларға арналған: Жетім қалғыр! Жер жұртқыр! Қарғыс атсын! 
Көктей сал! Қара шешек келгір! Жетпей желкең қиылсын! Қыршыныңнан 
қиылғыр! және т.б.

жан-жануарларға  арналған:  Арам  қатқыр!  Жау  алғыр!  Кебенек 
келгір! (ешкіге), Ақшелек болғыр! (түйеге), Киеңкі болғыр! (жылқыға), Қара 
талақ болғыр (малға), Топалаң келгір! (қой, ешкіге) және т.б. 

дүние-мүлікке,  заттарға  арналған  қарғыстар:  Адыра  қалғыр!  Жау 
алғыр! Жау тигір! Қараң қалғыр! Опасыз дүние! Өрт тигір! Кебін болғыр! 
және т.б.
Қарғыс  сөздер  қиянат  жасаған  адамдарға  өлім  немесе  сондай  ба қыт-
сыздық тілеуден, діни ұғымнан, сенімнен туған. Қарғысқа зәрлі, қаһарлы, 
өткір сөздерді қолданған. Қарғыс сөздерді көбінесе әйелдер қолданған. Ер 
адамдар теріс бата бергенде қарғаған. Бұл «бата» деп атанғаны болмаса, 
қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мысалы: Құнанбай қос қолын со-
зып, алақанын сырт қаратып тұр... Бұл теріс батаның, қарғыс батаның 
белгісі (М. Әуезов).
Батаның  бұл  қарғыс  түрі  ел  ішінде  өте  сирек  қолданылған,  ол  ата-
дан  балаға  ұмытылмайтын  таңба  болып  қалған.  Атаның  теріс  батасын 
алғандарды  халық  жек  көрген.  Қарғыстың  ең  ауыры  –  ананың  ақ  сүтін 
көкке саууы және атаның теріс батасы болып саналған.
Алғыс,  қарғыс  мәндегі  сөздер  экспрессивтілік  пен  эмоционалдық 
реңкте қолданылады. Өзінің табиғатына қарағанда халықтың әр кезеңіндегі 
тұрмыстық, әлеуметтік тәжірибесінің негізінде жасалып, ғасырлар бойын-
да  атадан  балаға  ауысып,  сөйлеу  тілімізде,  әдебиетімізде  сақталған  эле-
менттер.  Қазақ  тіліндегі  алғыс  және  қарғыс  мәнді  сөздердің  қолданылу 
ерекшеліктері туралы С. Түлекованың «Қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс 
мәнді фразеологизмдер» [С. Тулекова, 1975; 20 б.] атты кандидаттық дис-
сертациясында қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет