Авакова Р.А. Фразеосемантика
76
Осыдан келіп, адам момынын:
қойдай қоңыр, жылқыдан торы, қой ау-
зынан шөп алмайтын, қойдан жуас деп атайды. Ал,
қой үстінде бозторғай
жұмыртқалаған; қойы өрісте түнеген; жатып қалған бір тоқты жайы-
лып мың қой болған жұрт деп бейбіт өмірді, берекелі елді, құт мекенді
айтқан. Адамдардың сағынып табысуын –
қойдай маңырап дуылдап,
қойдай маңырап, қозыдай жамырап деп, ал жұрттың тұйыққа тіреліп,
сасқан шағын –
ұйлыққан қойдай қамалды деп суреттеген, тату балаларды
–
егіз қозыдай деп теңеген.
Төрт түлікте қоймен қосылып айтылатын мал –
ешкі. Оны
Сексек/Шек-
шек ата баласы деп те атаған. Ешкіге қатысты мынандай фраземалар бар:
ешкі көзбену, ешкінің асығындай, ешкі болсын, теке болсын, балаларға сүт
болсын, көгендейлі лақтай, текені әке, ешкіні шеше ету, лақтай секіру.
Ешкінің серкесін мал баққан жұрт қатты құрметтейді:
серкесіз қой болмай-
ды деп қоралы қойға басшы ретінде серке қояды да, оны
көсем серке дейді.
Ат мүйізді ақ серке қойды бастар жар-жар-ау» – осының дәлелі.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында, салт-санасында
амандықты тілейтін
мал-жан аман болсын! фраземасының құрамындағы
жан сөзінен бұрын мал сөзін алуының өзі малды қатты қадірлегендіктен
айтылғаны анық.
Әйтсе де, малды бағу, күту онша жеңіл болмаған, мал өсіру, оны қысы-
жазы бағудың ауыр бейнетін халық көтерген. Бұрынғы қасиетті деп ата-
латын мал иелеріне арлаған қарғысты адамдар мал ауруларымен бай-
ланыстырып қарғаған. Мәселен, жылқы ауруы – жамандату, қой ауруы
– қарасан, түйенің – сусамыр, ақшелек, қойдың – топалаң, ешкі ауруы –
ыза, шешек болған. Еңбектің ауыр азабын тартқан адам:
қарасан келгір!,
жамандатқыр!, сусамыр болғыр!, топалаң болғыр!, кебенек келгір!, ала
өкпе болғыр! деп қарғайтын болған.
Негізгі шаруашылығы мен күнкөріс тіршілігі малмен байланысты
болғандықтан жыл мезгілдерінің рақымды болуын, малға жайлы болуын
тілеген өлеңдер көп-ақ. Солардың бірі:
Ұлыс күні
қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Сонда олжалы жыл болар.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
(Ауыз әдебиетінен) деп наурызда айтылатын тілектер.
Қазақ тілінде малға байланысты көрініс тапқан тілдік фраземалар өте
көп. Сондықтан ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын фраземалардың
әлемнің тілдік бейнесін жасаудағы орны ерекше болса, оны танымдық
тұрғыдан талдау – қазақы өркениеттегі ұлттық мәдениеттің табиғаты мен
бітім-болмысын ашуда үлкен мүмкіндік береді.
Қазақтың негізгі түп-төркіні төрт түлік мал болғандықтан, олардың әр-
қайсысына жеке-жеке тоқталып, зерттеуімізден біраз орын бердік (3-сурет).