79
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
79
қарғатайым» деп қарттар немере-шөберелерін еркелеткені, қанша балаң
бар деп сұрағанда, әдетте
бірнеше қарғам бар деп жауап қайтарғаны
осы қарға ұғымындағы киелілік сенімінен қалған болуы керек. Якут
шамандарының ең қуатты пірі де қарға болған.
Қазақ тілінде адамға қатысты қолданылатын зооморфизмдердің
коннотативтік мағынасында халықтың мәдени-тарихи тәжірибесімен бай-
ланысты туған бірқатар фраземалардың
бар екені жинақталған деректерден
көзіміз жетті. Мысалы:
арадай талау «барлығына бірдей тұс-тұстан жа-
былып жеп жібере жаздады»,
аузын бақадай ашу «қатты қорқыту, зәресін
ұшыру»,
ала жылан аш бақа «ел ішіне іріткі салушы»,
бақа қыбыр «жай,
баяу қозғалыс»,
сең соққан балықтай «есеңгіреп, сандалып қалу»,
балық
бақты (диалект.) «балық шаруашылығын кәсіп етті»,
жапалақ ұшпас жапан
«айдала, мидай дала»,
жылан жалағандай «еш нәрсе жоқ, түк қалдырмай,
тым-типыл қылған»,
жылан жүріс «ізін білдірмейтін, зымиян әрекет иесі»,
жылан қарағы жоқ «арық қатықсыз кеспе»,
кенедей қадалу «жабысы
кету»,
кірпідей жиырылу «жақтырмау, тымсырыну»,
қарға тамырлы «іліс-
шатысты, туысқандық қарым-қатынасты»,
қарға адым жер «өте жақын
қашықтық»,
дүние қоңыз «дүниеқор, пасық, малқор»,
құмырсқадай қайнау
«толып кету, өріп кету, қаптау»,
құлақ құртын жеу «ешкімге тыныштық
бермеу»,
мысық тілеу «арамдық, жамандық ойлау»,
сіркесі су көтермеу
«ештеңені көңілі жақтырмау»,
тасбақа жүріс «тым баяу қимылдау»,
тасбақаның аузынан шөп алу «өте айлалы, тапқыр, жолы болғыш»,
түлкі
бұлаңға салу «жалтартпа қулыққа салу»,
түлкі құйрықтандыру «алдау»,
тышқан мұрнын қанатпау «мал соймады, өте сараң»,
шыбын жан «өмір,
тіршілік»,
шыбын шаққан құрлы көрмеу «менсінбеу»,
көзіне көк шыбын
үймелету «азаптау, қинау» т.б.
Қорыта келгенде, зооморфтық атаулардың қатысымен жасалған
фраземалардың
тілімізде көп ұшырасатынына көзіміз жеткенмен, ары
қарай танымдық, тілдік тұрғыдан талдауды болашақтағы жұмыстардың
үлесіне қалдырдық.
Достарыңызбен бөлісу: