Фразеосемантика


§  3. Фраземалар құрамындағы «алтай тілдері» элементтері



Pdf көрінісі
бет64/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   123
§  3. Фраземалар құрамындағы «алтай тілдері» элементтері
Түркітану  ғылымында  «Алтай  тілдері»  теориясын  қалыптастыру-
шылар – салыстырмалы-тарихи тіл білімін қалыптастырушылардың бірі, 
Дания ғалымы Р. Раск және неміс ғалымдары В. Шотт пен М. Кастрен. 
Алайда бұл теория өз бастауын ХVІІІ ғасырдан алады. І Петр заманын-
да соғыста тұтқындалған ұзақ жылдар бойы Сібір өлкесінде өмір сүрген 
швед армия-сының офицері Табборт Страленберг 1730 жылы Стокголь-
мде «Европа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлігі» атты еңбек жа-
риялайды.  Осы  еңбегінде  Страленберг  түркі,  монғол,  тұнғыс-маньчжур 
тілдері бір негізден тараған туыстас, төркіндес тілдері деп, оларды «Ал-
тай тілдері» атауымен атайды. Кейінірек (Е. Поливанов, Г. Рамстед және 
т.б.) осы пікірді теориялық жақтан тереңдетіп, құрамына угрофин, само-
ди тілдерін қосып, «Орал-Алтай тілдері» деген ат береді. Бұл теорияны 
гипотеза деп таниды. Оны жақтаушылары мен қарсы пікір айтушылардың 
саны тепе-тең.
Қарама-қарсы пікірді қолдайтындар тілдер арасындағы генеологиялық 
жақындықты  емес,  типологиялық  ұқсастықты  негізгі  принцип  ретінде 
ұсынады. Қазіргі уақытта Алтай тілдер теориясы «Алтаистика» ғылымында 
жалғасын  табуда,  ол  тілдердің  мағлұматтары  негізінде  қалыптасқан 
Алтаистиканың халықаралық комитеті бар.
Атақты  түркітанушы  ғалым  академик  А.Н.  Кононов  түркі,  монғол, 


117
Қазақ фраземалары құрамындағы көнерген сөздер
117
тұңғыс-маньчжур тілдері арасында лексикалық, фонетикалық және грам-
матикалық  ұқсастықтар  барлығы  даусыз,  бірақ  жақындықтардың  себебі 
нақты емес, алдағы уақытта белгілі болар деген үміт те қисынсыз, соған 
қарамастан  «алтай  тілдері»  арасындағы  жақындықтар  мен  жалпылылық 
сипаттарды түркі тілдері тарихын зерттегенде керек деген пікірді қолдай 
отырып [А.Н. Кононов, 1968; 95 б.], сөздіктерде тіркелген, этимологиясы 
ғылыми түрде талданған «алтай тілдері» байланысын дәлелдейтін кейбір 
фраземалардың пайда болу көздеріне талдау жасаймыз.
Монғол  тілдері  мен  түркі  тілдеріндегі  ұқсастықтарды  салыстырма-
лы-тарихи  тұрғыдан  зерттеген  ғалым  Б.  Базылханның  пікіріне  сүйенсек, 
«Монғолша-қазақша сөздікке» енген 40000 сөздің 24000 сөзі 1500 түбірден 
тараған,  яғни  60%  екі  халыққа  ортақ  туынды  сөздер  болып  табылады 
[Б.  Базылхан,  1977;  4-7  бб.].  Бұл  жақындықтар  тілдердің  жалғамалылық 
қасиетінен болса, екінші жағынан, біздің заманымыздан көп бұрын болған 
Алтай заманының бірлестігі болуы ықтимал.
Түркі-монғол  тілдерінің  ортақтастығын  фонетикалық,  лексикалық, 
грамматикалық  қабаттардан  дәлелдей  отырып,  профессор  Р.  Сыздықова 
былай  дейді:  «Ол  ортақтық  қазіргі  алтаистика  («алтай  тілдері»  теория-
сы)  орын  алып  келе  жатқан  екі  концепцияның  қайсысы,  яғни  түркі-
монғол тілдерінің түп тегі бір дегеннен (генетикалық жақындық теория-
сынан)  шығарыла  ма,  жоқ  әлде  түркі,  монғол  тайпаларының  ұзақ  уақыт 
бойы  аралас-құраластықтарынан  (типологиялық  сәйкестік  теориясы-
нан)  шығарыла  ма  –  ол  арнайы  зерттеу  объектісі,  оны  шешу  біздің  бұл 
еңбегіміздегі міндетімізге енбейді» [Р. Сыздықова, 1994; 175 б.].
Монғол  және  қазақ  тілдеріндегі  сөз  тікестеріне  арнайы  талдау  жасай 
отырып,  Р.  Сыздықова  тас  сөзінің  этимологиясын  төмендегі  сөздермен 
тіркесу қабілетіне қарай ашады: 
қараңғы
ТАС
керең
түйін                                                                         
байлау
жетім
тағандау
төбеден қойып қалды
Бұл тіркестердегі «тас сөзінің мағынасы тау-тас, кесек тас деген-
де  келетін  тас  сөзіне  еш  қатысы  жоқ.  Тас  сөзі  монғол  тілінде  «мүлде, 
әбден, тым» деген мағынаны беретін сөз, бірақ қазақ тілінде ол сындық, 
үстеулік,  шылаулық  қызмет  атқарып,  кез  келген  сөзбен  емес,  кейбір 
сөздермен  ғана  тұрақты  тіркес  жасайды...  Демек,  оның  мағынасы  өте 
ертеден  түркі  тілдерінде  де  болып,  кейін  оны  өзге  сөздер  алмастырған 
да, тас сөзі «мүлдем, тым, әбден, нағыз, нақ» деген мағынада тек тіркес 
құрамында сақталды деп түйеміз [Р. Сыздықова, 1994; 176 б.].
Ә.  Нұрмағамбетов  «Бес  жүз  бес  сөз»  еңбегінде  араны  ашылу  «той-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет