§ 4. Фраземалар құрамындағы көне түркі элементтері
Түркі халықтары мен олардың тарихын зерттеген ғалымдар
(Н.А. Баскаков, Ә. Қайдар, М. Оразов, Т. Қордабаев және т.б.) олардың
тілдері тарихын алты кезеңге бөледі:
•
Алтай дәуірі (өмір сүру дәуірі нақты емес);
•
Ғұн дәуірі (б.з.д. 1 мыңжылдықтан б.з. V ғасырына дейін);
•
Көне түркі дәуірі (V-Х ғасыр);
Авакова Р.А. Фразеосемантика
120
•
Орта ғасыр дәуірі (Х-ХV ғасыр);
•
Жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму
дәуірі (ХV-ХХ ғасыр);
•
Ең жаңа дәуір (ХХ ғасырдан қазірге дейін);
Түркологияны зерттеуші ғалымдар көзқарастарына сүйенсек, көне
түркі дәуірі V-Х ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл кезең мынандай
ерекшеліктерімен сараланады:
көне түркі дәуірінде түркілер және олардың тілдері бұрын өздерімен
бірлікте болған монғолдар тілімен ерекшеленеді;
бұл дәуірде түркі бірлестігі құрамындағы тайпалар айқындалып, олар
бөлекше аталады;
түркі тайпаларының «Түркі қағанаты» атты мемлекет қалыптастырады;
түркі қағанатын басқарған қолбасшылардың аттары тарихта белгілі;
тарихынан мәлімет беретін ескерткіштері белгілі.
V-VІІІ ғасырлардағы жазба ескерткіштер – түркі халықтарына
ортақ мәдени мұра. Сондықтан да сөз тарихы халық тарихымен оның
мәдениетімен, өмір сүрген қоғамымен тікелей байланысты. Тіл тари-
хын зерттеуші, сөз зергері этимолог ғалым Ә. Нұрмағамбетов сөзімен
айтсақ: «Қоғамның әр дәуірде дамуына қарай сөз мағынасы да соған
сәйкестене отырып, ілгері дами түседі... Ертеде қалыптасқан қағида бой-
ынша, тілдің негізгі өлшемі, негізгі категориясы – сөз екендігін еске алсақ,
тіл тарихы дегеніміз – соны құрастырған сөздер тарихы»
[Ә. Нұрмағамбетов, 1994; 3 б.].
Сөздер тарихында сөз мағынасының күңгірттеніп, сөйлеушіге түсініксіз
болу үрдісі − тілде үнемі болып отыратын құбылыс. «Сөз мағынасының
ұмыт бола бастауы – сол сөзді қолданыстан, не мүлдем шығарып тастайды,
не тек белгілі бір орында: тұрақты тіркестер құрамында, мақал-мәтелдерде,
күрделі сөздерде ғана келеді» [Р. Сыздықова, 1994; 180 б.]. Құрамында
архаикалық элемент кездесетін фраземаларға талдау жасап көрейік
1
.
Тықыр таян (шақ, кез) // Тықыр таянды «қауіп-қатер төнді,
жаны
қысылды».
Түркі
халықтарының
тарихын
зерттеген
Л.Н. Гумилев V-VII ғасырларда түркүттерде көк тәңірге құрбан шалу рәсімі
болғанын айтады. Бұл рәсім түркүттердің бүгінгі ұрпағы – қачырларда XIX
ғасырдың соңына дейін сақталған. Қачырлар осы құрбандықты mығыр
mаих деп атаған. Құрбандыққа қой шалынып, қымыз, сүт, айран және ет
сорпасын төгетін болған. Өте ертедегі бабаларымыз ел басына қауіп-қатер,
қиыншылық төнген кезде mықыр mаяң кез деп, яғни «құрбандыққа шалу
кезі келді» деп айтпады ма екен... Замандар өте түрткілерде рәсімнің аты
1
Монографияда Ә. Нұрмағанбетовтың «Бес жүз бес сөз». Алматы, 1994, Р. Сыз ды-
қо ваның «Сөздер сөйлейді». Алматы, 1994 еңбектерінен теріп алынған архаикалық
фраземалар жүйелі түрде талданылды.
121
Қазақ фраземалары құрамындағы көнерген сөздер
121
ұмыт болып, оны атап тұрған сөздердің мағынасы күңгірттенгендіктен,
өзімізге таныс mықыр және mаяу сөздерімен алмастырып алуымыз әбден
ықтимал [Р. Сыздықова, 1994; 158-159 бб.].
Ер жету «есею, азамат болу, үлкею». Түркі жазба ескерткіштерінде
ерэm және ерэдз тұлғалары «еркек қалпын игеру, ерлерге ұқсату» [Древ-
нетюрский словарь, 1961; 176 б.] тұлғасында кездеседі. Ескерткіштегі
ерэт немесе қазіргі қолданыстағы ер жетті тіркесі балалардың үлкейіп,
есеюіне арналған. Бүгінгі қолданылып жүрген ер жет тіркесінің
төркіні ерэт деуімізге толық мүмкіндік бар, яғни ерэт>арйэт>
ериет>ержет>ержет+у>ержету. Жазба ескерткіштерге жақын дыбыс-
тық құрам тува тілінде сақталған: элээди [Русско-тувинский словарь, 1980;
69 б.]. Мұнда дыбыстардың л ˜ р сәйкестігі (ерэт>элээди) орын алған
[Ә. Нұрмағамбетов, 1994; 92 б.].
Қу басы «жеке басы, қарақан басы» қазақ тілінде қу сөзінің мұндай түрі
жеке қолданылмайды, әрі бас сөзінен басқамен тіркесе алмайды. Түркі
тілдерінің ішінде – чуваштарда ху [Словарь чувашского языка, 1941; 138 б.]
тұлғасында «өзі» мағынасын, тува тілінде хуу дыбыстық құрамында «жеке»
ұғымында [Русско-тувинский словарь, 1980; 637 б.] жеке сөз ретінде де,
басқа сөздермен тіркесіп те қолданылады. Осыған қарағанда ерте қазақ
тілінде де жиі қолданылып, кейінгі кезде тек фразема құрамында сақталған
[Ә. Нұрмағамбетов, 1994; 92 б.].
Таң сарғаю «таң ату». Якут тілінде сараа немесе сырдаа тұлғалы
сөздер «жарық болу», «жарқырау» мағыналарында қолданылады [Русско-
якутский словарь, 1958; 565 б.]. Ерте кезде қазақ тілінде де осы мағынада
қолданылған.
Уақыт өте келе ол мағынасынан айырылып, жеке қолданыстан қалып,
тек таң сөзімен тіркесе сақталған. Бұл жорамал бойынша таң сарғаюдың
қазіргі мағынасы «таң жарық болу», «таң жарқырау» [Ә. Нұрмағамбетов,
1994; 244 б.].
Қымыздың татуы «қымыздың дәмі бұзылып, ішуге жарамсыз бо-
луы». Көне түркі жазба ескерткіштерінде татығ сөзі «астың дәмі»
мағынасынан басқа, «тәтті» деген ұғымда қолданылған [Древнетюрский
словарь, 1961; 541 б.]. Көне түркілік татығ пен қазіргі қазақ тіліндегі
тәтті бір түбір екенінде еш күмән жоқ. Солай бола тұрса да, дәмі жағынан
жағымдылықты ұғындыратын тәтті немесе көне түркілік татығ сөзінің
қымызға теңелуінің себебі – бұзылған қымыздың белгісі оның дәмінің
тәттірек болуымен ғана ажыратылады. Осылайша татыған қымыз фра-
земасы тәттірек қымыз дегенге нұсқаса, оны «бұзылған қымыз» деп
ұғыну қалыптасқан. Таза қымыздың дәмі ашқылтым келетіні белгілі
[Ә. Нұрмағамбетов, 1994; 267 б.].
Шыр жұқпау «ет алмады, семірмеді, қоң бітпеді». Көне түркі
ескерткіштерінде шыр тұлғасының мағынасы «май» деген ұғымды берген.
Авакова Р.А. Фразеосемантика
122
М. Қашқари сөздігінде Бу еттә чир йоқ (бұл етте май жоқ) деген сөйлем
кездеседі [Древнетюрский словарь, 1961; 146 б]. Осы тұлға қазақ тілінде
фраземада сақталып, шыр жұқпау «май жұқпаумен» мағынасы бірдей
[Ә. Нұрмағамбетов, 1994; 299 б.].
Көне түркі сөздерінің мағынасы қазіргі тілде кездесетін фраземалар
ішінде ашылады. Р. Сыздықованың «Сөздер сөйлейді» еңбегінде ала сөзімен
келетін үш фраземаның этимоло-гиясы талданылған [Р. Сыздықова, 1994;
27-32 бб.]. «Ала» сөзімен келетін фраземалардың этимологиясына проф.
Р. Сыздықованың [Р. Сыздықова, 1994; 27-32 бб.] еңбегі негізінде талдау
жасалынды (5-кесте).
5-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |