Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет60/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   123
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
107
диалектикасына бұл атрибуттар ұмытылады, соның нәтижесінде ұғымның 
тура мағынасы көмескілене түседі. Халық санасында, оның тілдік қорында 
бейнелі, астарлы айшықты тіркестер – фраземалар архисемалық «тарихи 
қалдықтар» ретінде атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа сақталады. 
Бірақ  бұдан  барлық  фраземалардың  шығу  уәжі  еркін  тіркестерде  жа-
тыр деген ой тумауы керек. Кейбір фраземалар еркін сөз тіркесі түрінде 
қолданылмай-ақ  бірден  фразеологиялану  үрдісіне  ұшырайды.  Мысалы, 
ұйғыр тіліндегі дат басмақ «тотталған, тот жеп қойған» фраземасы ұзақ 
уақыт пайдалану-дың немесе қасиетін жоғалтудың нәтижесінде «өз күшін 
жоғалтқан» мағынасында жұмсалады. «Униң сөзи дат бесип кетиптиғу» 
сөйлеміндегі  дат  бесип  кетипту  фраземасы  «оның  сөзінде  еш  бір  қасиет 
қалмады» деген мағынада қолданылады. Аталмыш фраземаның тура және 
ауыс  (фразеологиялық)  мағыналары  арасындағы  байланыс  үзілмегені 
айқын көрініп тұр.
Халықтың наным-сеніміне, діни көзқарасына байланысты туған фразе-
малар тіл байлығы ретінде тек сөз өнерінде кеңейіп қана қоймайды, талай 
заманнан бергі рухани өміріміздің байлығын, қыр-сырын өз бойына жинап, 
сақтайды. Славян тіліндегі фраземалардың пайда болуының мифтік негізін 
зерттеген ғалым В.А. Маслова былай деп көрсетеді: «В любом языке мож-
но выделить древнейший слой, который был сформирован еще тогда, когда 
человек был слит с природой, и следы которого хорошо представлены в 
материализациях архетипов – в мифах, легендах, преданиях. Вся человече-
ская история, все этапы постижения мира человеком становятся мифами и 
только в них сохраняются для потомков» [В.А. Маслова, 1997; 88 б.].
Қазақ  халық  санасында  сақталған  мифтер  мен  аңыздарды  тек  тілден 
ғана көруге болады. Сондықтан да тілдік материал, тілдік қазына мифтер 
мен аңыздар туралы мағлұматтарды өз бойына сақтай алған бірден-бір де-
рек көзі болып табылады. Мысалы, тіліміздегі қабырғасымен кеңесу фразе-
масы үйдегі «әйелімен, отбасымен ақылдасу» мәнінде қолданылады.
Христиан  дініндегі  фраземаның  шығу  төркінін  қарастырайық:  хрис-
тиандардың  «киелі  кітабында»  құдай  көк  пен  жерді  жаратқаннан  кейін 
топырақтан  еркек  адамды  жасап,  оның  қабырғасынан  әйелді  жаратқан 
делінген.  Осы  аңыз  негізінде  пайда  болған  «әйелімен  (жақынымен) 
ақылдасу,  кеңесу»  мағы-насындағы  қабырғасымен  кеңесу  деген  фразема 
қалыптасқан.
Мәдениет пен тілдің байланысы мазмұн мен форманың диалектикасы бо-
лып табылады. Американдық этнолингвистика ғылымын қалыптастырушы 
Э. Сепир теориясына сүйенсек, тілдегі лексика – өзі қызмет етіп отырған 
халықтың мәдениетін сол қалпында бейнелеп көрсете алатын қазына.
Демек,  әр  халықтың  ұлттық  мәдени  ерекшеліктері  оның  ғасырлар 
бойы жасаған тілінен көрінеді. Кейде сол ұлттың тілінде ұлттық әлдебір 
қасиеттерін  өзгелерден  оқшау  етіп  бағалайтын,  анықтайтын  тіркестер 
қалыптасады. Қолданылу аясы арқылы ұрпақтан-ұрпаққа сақталады.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
108
Жоғарыда  көрсетілген,  ғылыми  тұрғыдан  дәйектелген  факторлар 
фраземалық  бейнелердің  пайда  болу  негіздерін  түсіндіруге,  олардың 
ұлттық  санамен,  болмыспен,  тарихпен,  рухани  мәдениетпен,  халықтың 
әдет-ғұрыптары  мен  салт-санасымен  байланыстылығын  түсінуге  жол 
ашады.  Қойнауларына  ғасырлар  сыры  мен  құпиясын  сақтай  білген  ру-
хани  байлығы  –  халықтың  фразеологиялық  қоры  болмақ.  Сондықтан  да 
фраземалардың  пайда  болуының  экстралингвистикалық  көздерін  аша 
білу  олардың  қалыптасу  кезіндегі  әлеуметтік  жағдайлар  мен  қоғамдық 
ситуациялардың тарихын ашуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Номинативтік  бірліктердің  ішінде  екіншілік  мағына  нәтижесі  болып 
табылатын  фраземалардың  ішкі  форма  табиғатын  ашу  үшін  фразема-
жасамға қатысушы лексикалық және грамматикалық сыңарларына онома-
сео логиялық  және  семасиологиялық  тұрғыдан  талдауларды  қажет  етеді. 
Ономасеологиялық  концепция  бойынша  фразеологиялық  номинацияның 
көзі  болып  табылатын  фраземалардың  ішкі  формасының  психологиялық 
негізі – қандай да бір заттың қасиеті туралы көзқарас немесе бейне. Беретін 
мағыналары  (бейнелі)  халыққа  белгілі,  тілдік  бірлік  болып  қалыптасқан 
фраземалардың  ішкі  формасы  фразеологиялық  бейнелердің  символы 
ретінде гнесеологиялық қызмет атқарады.
Ономасеологиялық  концепция  бойынша  фраземалардың  ішкі  фор-
масы  кезінде  пайда  болуына  объективті  шындық  себепші  болған,  өз  за-
ма нының  өзекті  құбылыстары  мен  қасиеттері  жалпылама  бейнелі  тұжы-
рымдар жасауға себепші болған, қазіргі тұрғыдан халық санасында бейнелі 
тіркестер ретінде қабылданатын тіркестер. Кейбір ғалымдар фраземалардың 
ішкі формасы оның генетикалық бейнесінің нәтижесі деген пікір айтады. 
Генетикалық бейнедегі фраземаның ішкі формасы көп қырлы бейнелердің 
біреуі  ғана.  Ішкі  форма  дегеніміз  –  «заттың  бейнесі  ғана  емес,  бейненің 
бейнесі» (А.А. Потебня).
Фразеологиялық мағынада көрінетін ақиқат шындықтың бейнесі олардың 
ішкі  формасының  сигнификативтік  негізінде  жатыр.  Фраземалардың 
денотаттық және коннотаттық мағыналарының арасын байланыстырушы 
ретінде денотат туралы қандай да бір түсініктің жалпыламалық, абстрак-
ты қасиеті түрінде өмір сүретін нақтылы фразеологиялық коннотацияны 
қалыптастырады.
Қазақ тілінің фразеологиялық қорын бейнелі және бейнелі-лігі жоқ деп 
бөлуге болады. Бейнелі фраземалар ішкі форма негізінде ерекше семантика-
стилистикалық және экспрессивтік қасиеттермен байиды.
Тарихи  даму  барысында  кейбір  фразеологизмдердің  ішкі  формасы 
қандай да бір себептермен жойылуы мүмкін. Олардың мағыналарындағы 
мәдени коннотацияны экстралингвистикалық факторлардан іздеуге бола-
ды. Фраземалар мағынасындағы экстралингвистикалық ситуацияның көзін 
ашу, қандай жағдайда немесе қандай себептердің тұсында фраземалар пай-
да болды деген сұраққа жауап беруден туындайды.


109
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
Фразеологизмдер  мен  олардың  ішкі  формасының  арасындағы  тығыз 
байланыс уәждерін ашуға жасалынған талдаулардан дәлелін табуға бола-
ды. Қазақ тіліндегі фраземалардың уәждену көздері төмендегідей:

 адамның анатомиялық атаулары мен қимыл қозғалыстары байланы-
сынан туған фраземалар;

 жануарларға байланысты пайда болған зооморфтық фраземалар;

 сандық мөлшерлердің нәтижесінде туындаған символдық фразема-
лар;

 түстік және сындық мағынада пайда болған символдық фраземалар;

 алғыс және қарғыс мәнді фраземалар

 діни және мифологиялық фраземалар;

 Есімдері  (аттары)  халыққа  белгілі  кісі  аттарымен  жасалған 
антропологиялық фраземалар және т.б.
Этнос  табиғатын  толық  танып-білуге  қажетті  тілдік  фактілерді,  тіл 
байлығының  қабатында,  астарында  жатқан  этно-лингвистикалық  дерек-
тердің «ізіне түсу, түп-тамырын қопару» арқылы сөйлетуге болады. Әрбір 
зат пен құбылыстың, ұғым мен түсініктің тура, айқын мағыналарын ғана 
емес, олардан тараған туынды мағыналардағы астарлы ойларға үңілу қажет. 
Тіл бай-лығы сөз санымен ғана емес, оның сапасымен, мағына тереңдігі-
мен, ауқымдылығымен де өлшенеді.
Тілдік  таңбаның  ерекше  түрі  болып  табылатын  фразеологиялық  бір-
ліктерде ұлттың мәдени жемістері, халық ауыз әдебиетінің таусылмас ар-
налар, діни философиясы, дүниетаным көздерінің іздері жатыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет