Фразеосемантика


Ала сөзімен келетін фраземалардың этимологиясы



Pdf көрінісі
бет67/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

Ала сөзімен келетін фраземалардың этимологиясы
Ала сөзі 
сақталған 
фразема
Фраземаның 
мағынасы
Ала сөзінің этимологиясы
Ала, алаша, ат
жылқы ішіндегі 
көрнекі ат
Татар тілінде алаша варианты кездеседі. Азбан 
мағынасындағы  ала  сөзі  –  халық  поэзиясында 
күшті,  мықты  жылқының  символы,  өйткені 
азбан – үйірге түсіп жүрген, әбден есейіп, күш 
жинап,  еркек  малдың  ақтатылған  кездегісі. 
Азбан және ала сөздері – синонимдер [Р. Сыз-
дықова, 1994; 27-28 бб.]
Ала балта 
өлтіру,  қырып-жою, 
бүлікшілік
Л. Будагов джағатай (шағатай) тіліндегі алау сөзі 
«талау, талан-таражға салу, бүлдіру» ма  ғынасын 
көрсетеді [С. Будагов, 1869; 79 б.]. Ала қырғын, 
ала  сапыран,  ала  топалаң  тір кестеріндегі 
«бүліншілік» ұғымын ала компоненті айқындай 
түседі. Ертеректегі қазақ тілінде кездесетін ала 
балта  –  жай  балта  емес,  соғыс  құралы,  ұрыс 
балтасы,  кісі  өлтіретін  құрал  [Р.  Сыздықова, 
1994; 29-30 бб.].
Ала көз.
Ала ауыз
Араздасу,
келіспеушілік,
бөліну
М.  Қашқари  сөздігінде  ала  сөзінің  мағына-сы 
«келіспеушілік,  қастандық».  Қазіргі  қырғыз 
тілінде  ала  сөзі  «келіспеушілік,  араздық» 
мағынасында  қолданылады  [К.К.  Юдахин, 
1965; 45 б.]. Ала көз, алабұрту, ала ауыз тір кес-
теріндегі  келіспеушілік,  қастық  мәнін  жасауға 
ала  сөзінің  мағынасы  негіз  болатынын  бай қау 
қиын емес [Р. Сыздықова, 1994; 3-31 бб.].
Көне  түркілік  элементтердің  мағынасының  фраземадағы  қолданыста 
ашылу  мүмкіндігін  немесе  тек  сол  тіркестердегі  тіркесімділік  қабілетін 


123
Қазақ фраземалары құрамындағы көнерген сөздер
123
көптеген мысалдармен дәлелдей түсуге болады. Ә. Нұрмағамбетовтың «Бес 
жүз бес сөз» кітабында 28 көне түркілік архаикамен келген фраземалардың 
мағыналарына,  ал  Р.Ғ.  Сыздықованың  «Сөздер  сөйлейді»  еңбегінде  26 
фраземаға этимологиялық талдау жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет