125
Қазақ фраземалары құрамындағы көнерген сөздер
125
фраземасының құрамындағы
дөп сөзі шор тілінде
тәп вариантында қойбол,
сағай тілдерінде теп тұлғасында «уақыт» сөзі қазақ тіліне кіргенге дейін теп,
төп, дөп ұғымдарының бірі тілде актив қолданылған болу керек. Кейіннен ол
сөз
тілден ығысып, оның орнын кірме сөз «уақыт» басқан.
Жұрым берсін фраземасын қарт адамдар жастарға жақсы тілек
айтқанда жиі қолданады. Алтай тілінің солтүстік диалектісінде, куманды-
кинжи тілінде
дьүрүм немесе
чүрим тұлғаларындағы сөз «өмір, тіршілік»
мағынасында қолданылады. Сонда
жұрым берсін фраземасы ның ма-
ғынасы «өмір берсін!» болады. Кезінде тілде қолданылған
жұрым сөзін
қазіргі тілде араб тілінен енген
өмір сөзі алмастырған да, көне түркілік
«жұрым» мағынасы күңгірттеніп, сөздік қолданыстан шығып қалған. Осы
туралы Ә. Нұрмағамбетов былай дейді: «Ертедегі түркі тайпаларының
қолданылуында жеке мағынаға ие болған және жиі айтылған кейбір сөздер
кейінірек араб, иран сөздерінің тілімізге сыналап кіріп, қалыптасуынан
ығысып шығып, тек тұрақты тіркестерде ғана сақталғандығы байқалады
[Ә. Нұрмағамбетов, 1994; 119 б.].
Фраземалар құрамындағы көмескіленген сыңарлар қазақ тіліндегі
алғыс және қарғыс мәнді тіркестерде де сақталған. Тілімізде әдет-ғұрыпқа
байланысты пайда болған алғыс мәнді фразема –
көмегең көгерсін! тілекті
білдіретін фраземадағы
көсеге сөзі қазіргі кезде дербестігін жоғалтып,
тек фразема құрамында ғана «өмірің ұзақ болсын!, үбірлі-шүбірлі бол»
мағынасында қолданылады. Ә. Қайдар
көсеге сөзін
көгеру сөзімен бірге ай-
тылуында бір заңдылық бар екенін айтады. Өйткені
көгеру, көктеу сөздері
өзінің тура мағыналарымен қатар ауыс мағынаға да ие.
Көсегең көгеріп,
көрпең ұзарсын! мысалы да дәлел бола алады.
Көсеге – түркі тілдес
халықтарда дербес, заттық мағынасы бар, ол «перде, шымылдық, қоршау»
мағынасында басқа тілдердің қазіргі тілдік қолданысында бар.
Көсеге сөзінің
о бастағы мағынасы жаңа үйленген ерлі-зайыптыларды
көп көзінен, керемет күштерден қорғау үшін жасалған перде, шымылдық.
Сонымен бірге, бұл сөздің морфологиялық құрылымының көз сөзіне – еге
жұрнағы
жалғанып, жасалуы да ықтимал.
Сонымен
көсеге сөзі бұрын жаңа үйленген
жастарды зиянды рухтар-
дан сақтау үшін ұсталатын перде болса, қазіргі кезде ол мағынасынан айы-
рылып, адамның өмірінің ұзақ болуын тілейтін алғыс мәнді фраземаның
құрамында
ғана айтылып, өзінің дербес мағынасын жойған көне сөз.
Сеспей қатқыр! фраземасының
сес компонентінің жеке тұрғандағы
мағынасы «көмескілеу». Бірқатар түркі тілдерінде, мысалы түрік тілінде
ses
«дауыс, дыбыс, шу» мағынасында қолданылады. Бұл мағына қазақ тілінде
сақталмаған тек
сеспей қатқыр! фраземасының құрамында қолданылып
«үн, дауыс, дыбыс шығармастан өле қалу» деген мағына болуы мүмкін.
Сілең қатқыр! қарғыс мәнді фраземаның құрамындағы
сіле компоненті
қазіргі қазақ тілінде жеке қолданылмайды. Көне заманда
сіле сөзі дербес
Авакова Р.А. Фразеосемантика
126
мағынаға ие болған болу керек. Қырғыз, телеуіт және шор тілдерінде
sile
«жүйке, тамыр», Хакас тілінде
cila «күш, қуат» мағынасында сақталған.
Саха тілінде
сыла, сыра «күш, қуат, әл», өзбек тілінде
сил «нерв жүйесі»,
түрік тілінде
cile «түйін, шек, тамыр» мағынасында тілдік қорда сақталған.
Ә. Айдаров
сіле сөзінің мағыналық даму барысын былай түсіндіреді:
сіле
[
тамыр, мойын, тамыры] >
күш [
ішек-сілесі қатты / ішек тамыры қатты
/ күші қайраты кеміді]
(?).
Қазіргі тілдік қорда
сіле сөзінің мағынасы көмескіленген, жеке қол-
да нылмайды,
ішек-сілесі қату деген ұғымда
ішек-тамыры қату (түйілу)
деген ұғымда
сілең қатқыр фраземасындағы «күшің жойылып, қайратың
кемісін!» мағынасында қолданылады.
Сонымен алғыс және қарғыс мәніндегі фраземалар да тілдің даму эво-
люциясы үрдісінің көрінісі ретінде қабылданып, тілдік қордың шұрайлы
қабаттарының элементі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: