Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны



бет43/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ Фитоценология лекция

ОРДИНАЦИЯ
Ординация өсімдіктер жабынының үздіксіздігіне /континуум/ лайық келетін ең табиғи процедура. Ординация әдістері тікелей, жанама, бір өлшемді және көп өлшемді болып бөлінеді. Тікелей ординация әдісінде ретке келтіру ортаның нағыз факторлары /экологиялық, кеңістік, уақыт/ арқылы, жанама әдісінде – түрлер арасындағы байланыстың/ немесе бейнелеу арасындағы ұқсастықтың/ өзгеруі бағыты бойында, бір өлшемдіде –бір фактор бойынша немесе бір ось бойында, ал көп өлшемдіде – бірнешен факторлар немесе осьтер бойында жүргізіледі.
Ординация әдістерінің экологиясы бір бір өлшемдіде көп өлшемдіге және тікелей жанамаға бағытталып дамиды. Ординацияның әдістеріне тікелей градиетті талдау /анализ/, факторларды талдау, басты компонент әдісі, Гаусов ординациясы, Л.Г. Раменский әдісі өзара ординация және басқалары жатады.
Ординация фитоценоздар классификациясын алмастыра алмайды, өйткені оның /ординациясының/ нәтижесі өсімдіктерді инвентаризацилаудың әртүрлі формаларын іске асыруға жеткіліксіз. Сонымен қатар ординация түрлердің, қауымдардың экологиясы және биологиясы туралы маңызды мәліметтер беретін аппарат ретінде классификациялау процесін жеңілдетеді. Ординациялық үлгілерді керек жағдайда оңай классификацилық үлгілерге айналдыруға болады.
Өсімдіктерді және фитоценоздарды ординациялау әдісін біздің елімізде жете зерттеген Л.Г. Раменский /1938/ және оның оқушылары /Цацекин және т.б./. Егерде табиғи жағдайда түрдің молшылығы туралы көптеген сипаттап жазылған мәліметтерін немесе проекциялық жабынуын сыртқы ортаның бір факторымен мысалы, топырақтың ылғалығымен салыстырсақ ылғалдылықтың бүкіл диапозонын /шөлден батпаққа дейін/ бірнеше градацияға бөлуге болады. Соның нәтижесінде олар үшін түрдің молшылығының немесе проекциялық жабынуының орташа көрсеткішін анықтауға болады. Осылайша Л.Г. Раменский ылғалдық шкаласын жасады. Ол шкаланың мынадай ылғалдық градиенттері болады: 1-17 шөл, 18-30 шөлейт-дала, 31-39 құрғақ дала, 40-46 орташа дала; 47-52 шалғын дала; 53-63 жаңа шалғын; 64-76 дымқыл-шалғын, 77-88- ылғал-шалғын, 89-93- батпақты шалғын; 94-100 батпақ. Осы сияқты шкалалар басқада факторларға /топырақтың байлығы, топырақтың сораңдануы тағы с.с./ байланысты жасалды. Әрине, ординация жәрдеміміен экологиялық жағдайларда бағалауға болады. Л.Г. Раменский экологиялық шкалаларды түзде сипаттап жазылған бланктерді бір жүйеге келтіру үшін, яғни әрбір ортаның жағдайына тән өсімдіктердің тізімін жасау үшін пайдалануды ұсынды. Ол жұмыс былай жасалынады. Өсімдіктердің жалпы тізімін жасайды, сосын оларды үш топқа бөледі: кең тараған /тізімнің 75/ тінде / орташа және аз тараған /тізімнің 25/ тінде/. Содан кейін бланкаларды да керекті факторға /мысалы ылғалдыққа/ байланысты үш топқа бөледі. Ортаңғы топқа негізінен кең тараған түрлер саны көп бланкалардың жатқызады. Сөз жоқ, мұндай ординация тәсілін өсімдіктер жабынын үздіксіз /континуум/ деп қарағанда қолдануға болады. Сонымен қатар ол тәсіл типтік ассоцияцияны, әсіресе полидоминантты қауымдарды, таңдап бөлуге мүмкіншілік береді.
Ординация тәсілін классификациялық тәсілге қарсы қоюдың қажеті жоқ. Керісінше ол тек екі тәсіл бірін-бір толықтырып зерттелген аймақтың өсімдіктер жабындары туралы толығырақ мәлімет береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет