Өсімдіктер қауымы туралы ғылымның дамуының негізгі кезеңдері. Негізгі ғылыми мектептер, дәстүрлер және бағыттар. Фитоценозды талдаудың жүйелік тәсілдері
2. Өсімдіктер қауымы туралы ғылымның дамуының негізгі кезеңдері. Негізгі ғылыми мектептер, дәстүрлер және бағыттар. Фитоценозды талдаудың жүйелік тәсілдері. ФИТОЦЕНОЗДАҒЫ ӨСіМДІКТЕРДІҢ БІР-БІРІНЕ ӘСЕР ЕТУ ЖОЛДАРЫ. Өсімдіктердің бір-біріне әсер ету жолдарының толық класификациясын В.Н. Сукачев /1974/ жасады /сурет4/.
Суретте көрсетілгендей фитоценозда бірге өмір сүретін өсімдіктердің бірбіріне әсер етуінің негізгі үш формасы бар:
тікелей немесе түйіскен /контактные/;
трансабиотикалық немесе жанама /орта арқылы, жанама/; 3. трансбиотикалық.
Енді осы өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің үш формасына қысқаша тоқталып өтелік.
Тікелей/түйіскен/ әсер ету. Тікелей әсер етудің механикалық және физиологиялық деп екіге бөледі. Механикалық тікелей /түйіскен/ әрекеттестікке /екі жақтың өзара қатынасы/ - жәй жанасудың әсері, үйкелу, қысым және орынның бос еместігінің салдары жатады. Әр өсімдік фитоценозда орын алғанда, ол басқа өсімдіктердің осы жерге келіп орналасуына механикалық кедергі жасайды. Шынында орманда ағаштардың бір-біріне қысым жасайтынын байқауға болады. Соның нәтижесінде ағаштардың діңінің /ствол/ формасы өзгерп кейде тіпті олар үстір бірігіп кетеді. Тамырлар түйіскен кезде олардың бір-біріне және кейбір астық тұқымдас өсімдіктердің түптері өскенде көрші өсімдіктерге қысым туғызатынын атап айтуға болады.
Физиологиялық тікелей әрекеттестікке-бі өсімдіктің екінші бір өсімдік ұлпасына еніп кетуі немесе олардың өткізгіш ұлпаларының бірігіп өсуі жатады. Физиологиялық тікелей әрекеттесуге паразитизмді, симбиозды және өсімдікпен оның үстінде өмір сүретін эпифиттер арасындағы қарымқатынасты жатқызуға болады.
Сурет 4 Өсімдіктер қауымдағы түрлердің өзара әсерінің үлгісі
2) Трансабиотикалық әсер ету. Транасбиотикалық немесе жанама /орта арқылы/ әсер етудің /сурет4/ екі формасы бар: 1. өсімдіктердің бір-біріне биогенді орта арқылы әсері; 2. аллелопатия. Өсімдіктердің бір-біріне биогенді орта арқылы әсері. Фитоценоздағы күрделі және қарапайым өсімдіктер ортамен зат алмасуының арасында фитоценоздың ішкі ортасына-фитоортасына әсер етіп оны өзгертеді. Ал өсімдіктердің өздеріде өзгерген ортаның-фитоортаның әсеріне душар болады. Сонымен фитоценоздағы өсімдіктердің бір-біріне әсері олардың тікелей түйісуі арқылы емес, ал өзгерген орта арқылы болады.
Өсімдіктер өздерінің жер үстіндегі мүшелері арқылы көршілес орналасқан өсімдіктерге көлеңкесін түсіреді. Бұл құбылысты әсіресе орманда жақсы байқауға Көлеңкесі түсіру арқылы бір өсімдік екінші өсімдіктің жарық, су, жылу режимдеріне және қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне өзгерістер енгізіледі.
Өсімдіктердің тамыр жүйелері топырақ қабапттарын тесіп өтіп оның физикалық және химиялық қасиеттеріне өзгертеді, оның қаттылығын, су, ауа, және жылу өткізгіштігін өзгертеді. Тамырлары арқылы өсімдік топырақтағы судың, ауаның, тұздардың белгілі бір мөлшерін пайдаланып басқа өсімдіктер үшін олардың ресурсына әсерін тигізеді. Тамыры тереңге бармайтын өсімдіктер тамырлары топырақтиың терең қабаттарына дейін кіретін өсімдіктермен бірге өседі./сурет5/.
Сурет5. Шалғындағы, қабыршақты-сортаңдау кебірдегі қараматаулыкермек қауымының вертикал көрінісі. 1. Artemisia semiarida (Krasch et Lavr) Filat ΙΙ. Peyzosimonia brachiata (Pall) Bge. ΙΙΙ. Camphozosma monspeliacum L. . ΙΥ/ Limonium Gmelinii (Willd) Ktze (Мухитдинов, 1980)
Соның нәтижесінде тамыры тереңге бармайтын өсімдіктер шық, ылғал және жауын-шашынның нәтижесінде жиналып топырақтың төменгі қабаттарына сіңіп бара жатқан суды пайдаланып тамыр тереңге тарайды.