Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


Алтыншы – осы заманғы, синтездік кезең



бет3/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Алтыншыосы заманғы, синтездік кезең. 1960 жылдардан басталады. Бұл кезеңнің бесінші кезеңнен онша айрымашылығы жоқ, дегенмен өзіндік елеулі белгілері бар. Өсімдік жабынын зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдану басталды /биокбернетикалық, системалық анализ/. Фитоценозды күрделі көп өлшемді экологиялық зерттеу жұмыстарының дамуына халықаралық биологиялық программа себепші болды.
3. Қазіргі кезде біздің ТМД-да негізінде үш геоботаникалық ғылыми мектептер бар.
1)Биогеоценологиялық мектеп /немесе академик В.Н. Сукачевтің мектебі/. Бұл мектеп ғалымдардың әртүрлі ғылыми орталықтарда жұмыс істеп жүрген үлкен тобын қамтиды.
2)Ландшафтық-филоценогенетикалық /ландшафт-жер бедерінің жалпы көрінісі; филогенез- геректің file- ценоз-өсімдіктің табиғи тобы және генезис –шығу, даму процесі /мектеп/ немесе академик В.В. Сочованың мектебі.
В.Б. Сочава 1930 жылдары өз жұмыстарымен геоботаникада жаңа бағыттың негізін салды. В.Б. Сочава жұмыстарының Ленинград және Москва мектептерінен айырмашылығы ол өсімдіктер қауымын табиғаттығы географиялық / аймақтық, топографиялық/ құбылыс деп қарады. Кейіннен 1960 жылдары академик В.Б. Сочава өзінің оқушыларымен бірге аймаққа бөлудің проблемасымен терең айналысып геотопологиялық ілімді одан әрі жетілдіре түсті.
3) Экологиялық ординация мектебі /немесе Л.Г. Раменский мектебі/. 1920-1930 жылдары Л.Г. Раменский экологияда және геоботаникада пайдаланылатын жердің типологиясында, түрдің экологиялық дербес ерекшеліктеріне, өсімдік жабынының үздіксіздігіне және тікелей ординация методтары туралы іліміне негізделген арнайы, өзіндік ерекшелігі бар бағыттың негізін салды.
Қазіргі кезде АҚШ –та екі негізгі геоботаникалық мектеп бар.
1)Американдық градиенттік анализ және өсімдіктер ординациясының мектебі / немесе Кертис-Виттекер мектебі/. Бұл мектептің дүние жүзілік геоботаникаға әсері бірте-бірте ұлғайып келе жатыр. Бұл мектептің жұмыстары теориялық негіздері, методтары европа елдерінде экологияда және геоботаникада қолданылып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет