Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны



бет2/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Бірінші – дайындық кезеңі. Бұл алғашқы кезеңде ботаникагеографиялық зерттеулер тек геоботаника элементтерін пайдалану арқылы ғана жүргізілген. Бұл кезең ХΥΙ ғасырда басталып ΧΙΧ ғасырдың басына дейін созылады. Бұл кезеңде ботаниктердің кейбір мәселелерге арналған ғылыми еңбектерінде геоботаника элементтерінің пайда бола бастағанын байқауға болады.
Екінші қалыптасу кезеңі. ΧΙΧ ғасырды қамтиды. Бұл кезеңде өсімдік қауымы туралы алғашқы пікір /ой/ пайда болды, өсімдік қауымын бұл кезеңдегі авторлар әртүрлі атады/ формация, топ, т.б. Геоботаника теориясы, терминалогиясы және методикасы ғылымның алғашқы “аналық” салаларында дамиды. (Ботаникалық географияда, өсімдіктер географиясында, экологияда, ормантануда, топырақтануды).
Осы кезеңнің ортасында “Геоботаника” деген түсінік енгізілді /Рупрехт, Гризебах/. Мәні жағынан геоботаникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді, бірақ оларды ботаника-географиялық немесе фитогеографиялық жұмыстар деп атады.
Үшінші – пісіп жетілу кезеңі. XIX ғасырдың соңынан XX ғасырдың 20шы жылдарына дейін созылады. Бұл кезеңде геоботаниканың тәуелсіз, дербес ғылым екендігі, оның өзінің зерттеу обьектілері бар екендігі /өсімдік жабыны, өсімдіктер қауымы/, методикасы және теориясы бар екендігі дәлелденілді.
Төртінші - өсімдіктер қауымын белсенді кең және терең зерттеу кезеңі. Бұл кезең 1920 жылдан 1940 жылдарға дейін созылды. Геоботаника өзінің тәуелсіз, дербес ғылым екендігін мойындатты. Сонымен бірге геоботаника өзіне жақын, туыс ғылым /экология, экологиялық ландшафт тану/ салаларына бөліне бастады. Кейбір геоботаникалық ғылыми
мектептерде геоботаникамен/ өсімдік жабыны туралы ғылым
Бесінші- қайта бағалау және жаңа әдістерді /методтарды/ енгізу кезеңі. 1940 жылдардан 1950 жылдарға дейін созылады. Бұл кезеңде ординация /латын сөзі Ordinata- ретке, жөнге келтіру/ және градиенттік/ гректің gradientis – адымдаушы /шагающих// анализ әдістері кеңінен тарап, континиум /латын continium- үздіксіз/ теориясы одан әрі жетілдірілді. Сандық экологиясы мен статистикалық геоботаника туралы жұмыстар ерекше кең дамыды. Геоботаникалық зерттеу жұмыстарында математикалық әдістер кеңінен пайдаланыла бастады. Браун-Бланке /Франция/ құраған мектептің әсері күшейе бастады.
Англияда статистикалық геоботаника /Грей-Смит, 1957/, ССРО-да биогеоценологиялық /Сукачев, 1942/ т.б. жаңа мектептер пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет