Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ



бет5/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ Фитоценология лекция

ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

  1. Фитоценоздардың қалыптасуының ерекшеліктері

  2. Фитоценоздағы өсімдіктердің бір-біріне әсер ету жолдары

  3. Өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің нәтижесінде негізделген классификациясы

  4. Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптиумы

1. Фитоценоздардың қалыптасуы туралы ұғымды филогенетикалық және онтогентикалық тұрғыдан қарауға болады. Егерде қазіргі кездегі бар, нақты фитоценоздардың жаңа субстраттарда пайда болып қалыптасу процесін қарастыратын болсақ онда, ол онтогенетикалық тұрғыдан қарау болып табылады. Субстраттар бірінші және екінші болып бөлінеді. Біріншіге бұрын еш уақытта өсімдіктер болмаған /мысалы тасты шөгінділер, өзен бойындағы құм үйінділері/, ал, екіншіге- өсімдіктері ортаның күшті әсерінен /жырту, өрт, т.б. себептер/ жойылып кеткен субстраттар жатады.
Екінші субстраттарда кейде жойылған фитоценоздың вегетативтік мүшелерінің қалдықтары және тұқымдары сақталуы мүмкін, ал бірінші де- өсімдіктің бастамасы тек айналадағы фитоценоздан келіп түседі. Фитоценоздың қалыптасу заңдылықтарын бейнелейтін ғылымыи әдебиетте кең тараған екі үлгіге тоқталуға болады. Ол үлгілердің авторлары орыс Геоботанигі А.Б. Шенников /1964/ американ ғалымы Клементс. А.П. Шенников /1964/ фитоценоздың қалыптасу процесін үш сатыға бөледі: 1. Пионерлік топталушылық. Көрші өсімдіктер арасында бір-біріне елеулі әсер ету байқалмайды. Бірінші субстратты шөп басу процесі, ол жерде алғашқы жекеленген өсімдіктердің-пионерлік пайда болуынан басталады. Өсімдіктердің қандай түрлерінің пайда болуы көп себептерге байланысты: біріншіден экотопқа /климатқа, субстраттың қасиетіне/; екіншіден экотопты қоршаған учаскелердің флорасына /олардан жел, су, жануарлар және адам арқылы тұқымдар, споралар және басқада өсімдік бастамалары келіп түседі/; үшіншіден қоршаған учаскелердің флорасының тарихына /егер бұрын мәдени өсімдіктер егілен учаскелер болса онда арамшөптер топырақта өздерінің тұқымын қалдырып кетуі мүмкін/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет