Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны



бет10/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ Фитоценология лекция

ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ.

  1. Фитоценоздардың флоралық құрамы және оны зерттеу әдістері.

  2. Фитоценоздың экобиоморфтық құрамы

  3. Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы

  4. Фитоценоздарды құрайтын түрлердің ценопопуляцияларының қасиеттері.

  5. Өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері мен тіршілік күйлері.

  6. Ценопопуляция құрамының әртүрлілігінің маңызы

  7. Ценотикалық популяцияның жағдайы және типтері

Фитоценоздың құрамын оның мынадай элементтері және белгілері сипаттайды: 1/ флоралық құрамы; 2/ экобиоморфтық құрамы; 3/ түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы; 4/ фитоценозды құратын түрлердің ценопопуляцияларының қасиеттері;
1. ФИТОЦЕНОЗДЫҢ ФЛОРАЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Белгілі бір ауданның өсімдіктерін зерттегенде оның флорасымен жалпы танысып қана қоймай, әрбір фитоценоздың және әрбір ассоциацияның флоралық құрамына баса көңіл аудару керек. Ассоциация /лат associatio- қосылу, қосылған/ - өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі. Ассоциация дегеніміз – белгілі орында табиғи пайда болған, белгілі құрамды , тіршілік жағдайы біркелкі қауым.
Фитоценозды зерттеуді оның флоралық құрамын анықтап, өсімдік түрлерінің тізімін жасаудан бастау керек. Флоралық құрам - фитоценоздың маңызды белгісі. Көп жағдайда оған сипаттама бергенде тек қана күрделі өсімдіктерге және қыналарға көңіл бөледі. Олармен бірге қауым құрамына балдырлар, саңырауқұлақтар, бактериялар және актиномицеттер кіретінінде ескерген жөн. /таб №2/.
Өсімдіктер қауымдарына терең талдау жасау үшін және әртүрлі қауымдарды бір-бірімен салыстыру үшін олардың флоралық құрамын, флоралық байлығын және флоралық толықтығын білу өте қажет.
ФЛОРАЛЫҚ ҚҰРАМ
Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір түр биотопты жасауға өзінше ат салысады. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан қауым туралы толық малғұмат алу оның флоралық құрамын, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білуді қажет етеді. Сонымен қатар толық жетілген және жас өсімдіктерді, өскіндерді есепке алу керек.
Көптеген өсімдіктер қауымдарында, әсіресе еліміздің оңтүстік аудандарында /дала, шөл тағы с.с./, өсімдік түрлерінің дамып жетілуі, вегетациялық кезеңдері бір мезгілде өте бермейді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін, ондағы түрлерді тізімге алу /инвентаризация/ жұмысын өсімдіктердің вегетациялық кезеңі ішінде екі / көктемде, жазда/ немесе үш /көктемде, жазда, күзде/ рет жүргізілген дұрыс. Тек сонда ғана вегетациялық кезеңі ұзақ және қысқа /көктемгі және күзгі эфемерлер және эфемероидтар өсімдік түрлерін толық қамтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет