3.Фитоценоздардың қалыптасуы және оның компоненттерінің қарым-қатынасы. ТҮРЛЕРДІҢ ЦЕНОТИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖАҒЫНАН АЙЫРМАШАЛЫҒЫ Фитоценоздардың флоралық құрамынан басқа елеулі белгісінің бірі ол – оның құрамына кіретін түрлердің сандық ара қатынасы. Әдетте бір түр немесе бірнеше түрлер фитоценоздардың қасиетін анықтауда басымдылық көрсетеді де, ал қалған түрлердің бұған онша қатысы болмайды. Түрлердің бұл екі тобының арасында ауыспалы түрлер жиі кездеседі. Түрдің фитоценоздағы роліне баға беру үшін оның мүшелерінің массасында білген жөн. Ағашты алып қарайтын болсақ оның жер үстіндегі мүшелерінің массасы жер астындағы мүшелерінің массасынан көп артық болады. Шөптесін өсімдіктерде керісінше өсімдіктердің жер астындағы мүшелерінің массасы жер үстіндегі мүшелері салмағынан көп жағдайда бірнеше есе артық болады. /таб№4/
Өсімдіктер әр түрінің ортаны өзгертуде өзінше ерекшеліктері бар. Сонымен қатар түрлердің ортаны жасауға әсері олардың фитоценоздағы санына және консортивтік байланысына тәуелді. Тіршілік ететін ортаның жағдайына байланысты фитоценоздардың барлық компоненттерінің әсері нәтижесінде әрбір фитоценозға тән биотоп құрады.
Кесте №4
Іле Алатауының бұталы - алуаншөпті белдеуіндегі фитоценоздардың фитомассасының структурасы, г/м 2
/Мухитдинов, Қалматаев/
Фитоценоздардағы ценотикалық маңыздылығы әртүрлі түрлер тобын фитоценотиптер деп атайды. Фитоценотиптер дегеніміз биоценоздағы тұрақты орын алуға биологиялық мүмкіншіліктері бірдей түрлер жиынтығы. Фитоценотиптердің әртүрлі классификациялары /жіктеулері /бар Олардың ішінде кең тарап белгілі болғандар В.Н. Сукачев /1924/, Л.Г. Раменскийдің /1938/ және Б.А. Быковтің /1966/ ұсынған классификациялары /жіктеулері/.
Енді фитоценотиптердің әртүрлі жіктеулеріне қысқаша тоқталып өтейік. В.Н. Сукачев /1928/ фитоценеотиптердің екі негізгі тобын ажыратады. 1. эдификаторлар –қауымды жасаушылар, құрушылар; ассектаторлар- қауымды жасауға қатысушылар, фитоортаны құруға әсері шамалы. Эдификаторлар өз кезегінде екіге бөлінеді: 1. аутохтондылар – табиғи / демек адамның және жануарлардың әсерінен бұзылған қауымдарды құрушылар. Ассактоторлар – эдикаторофильдерге /эдификаторлардың қалың ортасына орналаса беретіндер/ және /эдификаторлардың қалың ортасынан орналаса беретіндер/ және /эдификаторофобтарға эдификаторлардың қалың ортасынан орналаспайтындар/ бөлінеді.
Л.Г. Раменский /1938/ түрлерге сәйкес популяцияларды үш түрлі фитоценотиптерге бөлуді ұсынды: 1. виоленттер / латынның violent-қаһарлы күштілер/; 2. патиеттер/ латынның Patiens- төзімділер, шыдамдылар/; 3. эксплеренттер /латынның explere- орындаушылар/. Ол виоленттерді – арыстанға, патиенттерді-түйеге, эксплеренттерді – шие бөріге ұқсас деп санады. Виоленттер арыстан сияқты күшті, олар территорияны басып алып басқа компоненттерді өздеріне бағындыра алады. Патиенттер түйе сияқты өте шыдамды, төзімді, олар виоленттер жасаған ортаның жағдайында өмір сүре алады. Эксплеренттер шие бөрілер сияқты, олар арыстаннан шамалы босап олардың әсері нашарлаған жерлерге аз уақытқа болсада орналасып алады. Л.Г. Раменскийдің классификациясы түрлердің фитоценоздарда бірге өсуге бейімделу қабілеттіліктерін айырмашылықтарына негізделген. Л.Г. Раменский классификациясы мәні ол түрлердің тіршілік стратегиясының ерекшеліктерін бейнелейді. Л.Г. Раменскийдің ценотиптеріне Т.А. Рабатновтың /1978/ пікірінше, динамикалық мағана беру керек. Үйткені өсімдіктердің кейбір түрлері бір фитоценоздарда өзін виолент сияқты, ал басқа бір фитоценоздарда патиент сияқты көрсетеді. Мысалы, қамысты Л.Г. Раменский нағыз патиенттерге жатқызады, бұл көп фитоценоздар үшін дұрыста. Бірақ кейбір қамыстың өсуіне жағдай қолайлы фитоценоздарда қамыс күшті өсіп бірнеше метрге дейін жетіп виолент сияқты басым болып кетеді. Фитоценоздардың өскен жағдайына байланысты түрлердің ценотикалық маңызы өзгеріп отыруы мүмкін. Бір фитоценоздың өзінде кейбір түрлердің ценотикалық маңызы олардың тіршілік циклдарының ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады.
Фитоценотиптердің барлық типтері виоленттерде, патиенттерде және эксплеренттерде доминаттар ролінде бола алады. Олардың айырмашылығы виоленттер мен патиенттер әдетте тұрақты доминанттар да, ал эксплеренттер фитоценоздың бұзылуына /өрттің, құрғақшылықтың тағы с.с. нәтижесінде/ байланысты қысқа уақытта ғана доминанттар болуы мүмкін.
Б.А. Быков /1966/ өсімдіктерді, жануарларды және микроорганизмдерді қамтитын ценотиптер классификациясын ұсынды. Ол негізгі мынадай бес типке бөлінген:
Кондаминанттар, олардың екі – көптүрлі ценопопуляциялары қауымының негізгі бас қабатын құрады;
Доминанттар, олардың әрқайсысы популяциялары қауымының негізгі бас қабатын құрады.
Өздерінің биоморфологиялық қасиеттеріне байланысты доминанттар мен кондоминанттар 8 подтипке /тип тармағына/ бөлінеді:
Потулекторлар, сирек өскен доминант болады /мысалы, Pistacia vera L., Festula foltida (Bunge) Regel
Дензекторлар, тығыз қалың бірақ тамырсабақтары бір-бірімен байланыспай өскенде үстемдік жасай алады / мысалы, Piscea obovata Ledeb Artemisia terrae - albae Kzasch.
Терректорлар, тамырсабақтарымен, столондарымен тығыз тұтасып кеткенде доминанат болады. /Elytrigia repens L (Nevski)
Терректорлар, жердің бетінде орналасып доминант болады /мысалы ,Sphagnum, Cetatari islandica
Предоминанттар – жануарлар, биоценоздың биогоризонттарында доминант бола алады;
Микробекторлар, клеткалары бір жерге жиналғанда доминант бола алады / мысалы, бакткериялар/;
Сестонекторлар, планктонда доминант болады.
III. Субдоминанттар; олардың популяциялары қауымының негізгі емес, болмашы қабатын жасайды. Доминанттар сияқты бұлда әртүрлі биоморфологиялық топтарға бөлінеді/ патулекторлар, дензекторлар, коннекторлар тағы с.с/.
IV. Эзодоминанттар; олардың популяциялары доминанттармен субдоминанттардың консорцияларында, сонымен қатар микроценоздарда ең маңыздылары болып табылады /мысалы, қарағай жібек құрты, нағыз қарағайдың консорциясында/.
V. Ингредиенттер – қауымының басты және басты емес қабаттарындағы басқа қатысушылар. Әрине бір қауымда доминант немесе субдоминант болған түр екінші бір қауымда ингредиент болуы мүмкін.
Біздің ТМД елдерінде /бұрынғы ССРО/ күрделі өсімдіктердің 20000 аса түрі бар. Солардың ішінде доминанттары шамамен 1400 /Быков, 1965/. Бұдан біздің еліміздің флорасында өсімдік түрлерінің 7% ғана фитоценоздарда доминанттар екенін, ал қалған 93 % доминанттар емес екендігін көреміз.