ОПТИМУМЫ Ортаның алғашқы климаттық және эдафикалық факторлар комплексі фитоценоз компоненттерінің әсерінен өзгеріп фитоценоз қалыптасуы процесінде экотоп биотопқа айналады. Бұл өзгерістер өте нашар және өте күшті болуы мүмкін, ол фитоценозды құратын өсімдіктердің әлсіздігі /мысалы шабындық өсімдіктері/ не күштілігіне /мысалы шырша немесе сфагнум мүгі/ байланысты. Өсімдіктер қауымында түрлер арасындағы қарым-қатынас негізі бәсеке болғандықтан фитоценоздағы өмір жағдайы ашық өсімдіктер топтарына қарағанда күрделірек. Бұл туралы өткен ғасырдың соңында / Ф. Штеблер және К.Шретер /1891/ жазған болатын. Сол кезден бастап геоботаниктер әр бір өсімдік түрі үшін экологиялық және фитоценотикалық оптимумдарын ажырата бастады.
Экологиялық оптимум дегеніміз өсімдіктің түріне конкуренция жоқ жерде /мысалы, пионерлік топта/ ең көп масса беруіне жағдай жасайтын ортаның факторларының қолайлы үйлестірілуі.
Фитоценотикалық оптимум дегеніміз фитоценоз компоненттері арасында қатты конкуренция бар жағдайда өсімдік түрінің жақсы өркендеп өсе алатын ортаның жағдайы.
Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы туралы сұраққа А.В. Прозоровский /1940/ ғылыми тәжірибе тұрғысынан жауап берді. Прозоровский далада өсетін өсімдік түрлерінің бәсеке /конкуренция/ жоқ болса шабындық ылғалдылығы жағдайында барынша көп масса бере алатындығын көрсетті. А.П. Шенников /1942/ оларды құрғақ сүйгіштер емес құрғаққа төзгіштер деп атады. Дала жағдайында өсетін өсімдіктер ылғалдың жетіспеушілігіне бейімделген /мысалы, шымды астық тұқымдастар/, сондықтан дала жағдайында олардың конкуренцияға түсуге күшті қабілеттігі бар. Ал шабындықта ортаның жеткілікті ылғалдылығы жағдайында таза фитоценотикалық себептерге байланысты олар /дала өсімдіктері/ өсіп жетіле алмайды. Әрбір өсімдік түрі үшін екі оптимумның бар екендігі ғылыми тәжрибе негізінде дәлелденген. Бұл түсініктерге көп көңіл бөліп анализ жасаған Т.А. Работнов /1966/ ең қолайлы деп “аутоэкологилық” /экологиялық/ және “синэкологиялық” /фитоценотикалық/ оптимум терминдерін ұсынды /оптимумдар туралы толығырақ фитоценоздар экология тарауында беріледі.
№5,6 ДӘРІСТЕР.