ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №4-5 (150-151). 2014
66
Функционалды грамматиканың негізгі ұғымы – сын-сапа категориясы туралы
лелі қараңгы үйді жарық қылган, ¥қсайды-ау
ақ бетіңіз ақ таңға. Жаһаннан асқан суретін
Перінің қызы секілді. Бұл дағы шұбатылған бей-
шара екен.
Бір кейпі тап шешесі секілденген
(Молда
Мұса). Сын-сапа категориясы
функционалды
маңызы зор, бірегей ұлттық таныммен байланы
-
сты ерекше мəнді – мазмұнды категория болып
табылады. Берілетін мағынаның нақтылығы
мен ықшамдылығы арқасында, олар сөз сөйлеу
қызметінде ерекше ұлттық мəнді дəстүрлі сте
-
роетиптер ғана емес ұлттық тілдің айырықша
танымдық сипатын анықтайтын үлгілері болып
табылады, сондықтан
олар айтылуда ерекше
мəндерге ие болады. Мысалы,
Оның астына
мінген тұрқы ұзын, жүрісі жұмсақ, қара кер
биенің бүлкілі де сар желіске татырлық – жел-
дей есіп келеді (Х. Есенжанов).
Әйтеуiр, iстің
күрмеуi келер емес. Керiсiнше, қазақ тарихы
туралы еңбектер неғұрлым көп жазылған сай-
ын шатасу да соғұрлым көбейе түскен тәрiздi
(С. Қондыбай ). Иә, сөйтіп мен Ленинградтың
көркем ескерткіштерін, көрікті көшелерін,
әсем алаңдарын күн сайын кұмартып аралай
бердім, аралай бердім. Аралаған, көрген сайын
өзімнің іштей түлеп, жаңарып, жақсарып бара
жатқанымды байқаған сияқты да боламын (Ә
Нұршайықов). Қол бала құс секілді. Биялайға
қарайсың. ( Д. Бабатайұлы).
Классикалық тіл білімі тұрғысынан алып
қарағанда көптеген тілдік бірліктер қатысады,
бір заттың сапасының екінші затты салыстыру
басқа бір жалпы ой, мағына ұдайы интуитивті
түрде байқала отырып, «салыстыру», «теңеу»
ретінде де бағаланады. Осыдан келіп сын-
сапа ұғымында функционалды- семантикалық
өрістің (бұдан ары – ФСӨ деп қысқартылып
алы нады) теориялық концептілерін толық анық -
тауға мүмкіндік туады. Функционалды грамма-
тиканың негізігі
ұғымдарын анықтауда ФСӨ-
терді құрылымына қарай бірнегізді жəне
көпнегізді деп бөлінеді. Көпнегізді ФСӨ-лер өз
ішінде құрылым жағынан екі топқа жіктеледі.
Бірінші топқа өрістің орталық өзегі (ядро, негіз)
жатқызылса, екінші топқа шеткі (перифериялық)
аймақтары алынады. ФСӨ-тегі екі топта бір
мағыналық, ұғымдық мəнді білдіретін тілдік
бірліктер жинақталып алынады. Сонымен өріс
құрамында ортақ жəне ортақ мағынаға жақын,
алыс мағыналы əр алуан тілдік құралдар бола
-
ды. Сын-сапа ұғымын білдіретін тілдік бірліктер
қазақ тілінде сан алуан. Функционалды-семан-
тикалық өріс типтерінің құрылымындағы орта -
лық (ядро, негіз) бөлік пен шеткі (перифериялық)
бөліктерінде
салыстырылып отырған зат,
құбылыстардың айырмашылығы нақты бо
-
луы да, болмауы да мүмкін, сондықтан бұл
жағдаяттар осы категорияға да тəн болып келеді.
Адам болмыстағы заттар мен құбылыстардың
сын-сапасын саралауда оған ұқсас заттар мен
құбылыстарды салыстыру, салғастыру арқылы
таниды. Функционалды
семантикалық кате
-
гориялар сөйлеу жүйесінде функционалды –
семантикалық өрісте сөз сөйлеу ситуациясна
қарай сын- сапаға қатысты ортақ мағына түзетін
тілдік бірліктерді осы өрісте жинақтаумен си
-
патталады.
Функционалды-семантикалық өрістің ішкі
мазмұн мен сыртқы айтушының сөз қолданы-
сындағы əр түрлі тілдік құралдардың бірлігінен
тұрады. ФСӨ-нің ішкі мазмұнын семантикалық
категориялар зат пен құбылыстың сын сапасын
əр түрлі қасиетін,
амалдарын, білгілерін та
-
нытатын мағынаны құраса, сыртқы тұрпатын
лексикалық, грамматикалық құралдар құрайды.
Жалпы функционалды грамматика саласы бой
-
ынша ФСӨ-тің ішкі мазмұнын оның мазмұн
межесі, ал тілдік құралдар бірлігін оның тұрпат
межесі деуге болады. Сын -сапаны білдіретін
тілдік бірліктер де
семантикалық категория
ретінде қарастырыла отырып
,
осы саланың негізгі
ғылыми ұстанымы ретінде мағынадан формаға
қарайғы зерттеу бағыты бойынша талдау жаса
-
лады. Салыстыру функционалды-семантикалық
өрісі екі немесе одан да көп заттардың, белгілер -
дің, қасиеттердің, амалдардың бір-бірімен са
-
лыстыруымен, салғастырылуымен беріледі. Са
-
лыстыру үлкен өрісін «теңдік» жəне «теңсіздік»
шағын өрістері құрайды. Теңсіздік шағын
өрісі екі немесі одан да көп құбылыстың неме
-
се заттың сын-сапасының немесе сын қимыл
дəрежесінің тең емес екендігін білдіреді. Салыс -
тыру белгілі бір шамалар бойынша айырмашы-
лықтар мен ұқсассыздықтарды беру мақсатында
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: