Функционалды грамматиканың негізгі ұғымы – сын-сапа категориясы туралы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата15.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#139459
1   2   3   4   5   6   7
 Барлығы он үш күн ауырып, бейсенбі 
күні түс кезінде жаңа гүл шашып келе жатқан 
бақшадай жанып тұрған жас ғұмыр сөнді 
(М. Дулатов). Бұлардың мінгендері кәкір-шүкір 
тай-тұяқ емес, он күн желіске шыдай алар 
аласа бойлы, тоқпақ жалды, құмақ құйрықты, 
кілең сәйгүлік шабысты жылқы (І. Есенбер-
лин). Жебелерінің ұшы екі жүзді қанжардай 
өткір, сүйір (І. Есенберлин). Кейбір көрікті 
киінгендерінің тақырымдарында бір жақ ұшы 
пышақтай өткір найза (І. Есенберлин). Қан су-
дай ақты (І. Есенберлин). Баяғы балдай балалық, 
сағынышты шақ қалған ойпаң көзіне оттай 
ыстық та, жаудай жат та (Т. Әлімқұлов). 
- ша, ше формасы арқылы жасалынады: 
1. Аспандағы айдай, айдаһар ақындарым-ай, 
морт сынып, моншақша шашылып кеттіңдер-
ау (Т. Кенеев )! «Разы болып Жұманға барсам
ғұмырымша қор боламын ғой», – деп, қайсысын 
істеуге ақылы жетпей, бағзы уақыттарда 
түн бойы ойлаумен ұйықтамай да шығушы еді 
(М. Дулатов). 3. Жан даусым шыққанша айғайлап 
жіберіп, тұра жүгірдім (Ш. Айтматов).
-бірдей, сияқты, секілді, тəрізді, барабар, 
сəйкес, құдды, дəл, тура т.б.лексикалық бірліктер 
арқылы жасалынады. Мысалы
, Қыздың көзі 
жайнап кетті; оның әлденеге қадалып едірейе 
қалатын кірпіктері жұп-жұқа шырайға бөлен-
ген сұлу бетпен бірге балқып кеткен тәрізді. 


ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №4-5 (150-151). 2014
68
Функционалды грамматиканың негізгі ұғымы – сын-сапа категориясы туралы 
Түріңізді айтам, Айғожаға ұқсайсыз. Оның да 
шошқа сақалы тап сіздікіндей, бірақ сары емес, 
қара. Оның да атқа отырысы ауған жоқ, тап 
сіздің отырысыңыз, құйрығымен шаншылып 
қалады, бейне ерге қадап қойған тебен ине секілді 
(Х. Есенжанов). Өйткені осынау жұмбақты 
сұлулық көз жеткісіз құдықтағы мөлдір су 
секілді, немесе қол жеткісіз құздағы гүл секілді, 
өте-мөте алыста, Ғайни дидарының шыңырау 
тереңінде жатыр еді (О. Бөкеев). Мәкка сөзі 
оған әлдеқайдағы алыстағы үн cияқтанып 
кетті і (Х. Есенжанов). Бұл күтпеген жерден, 
бейне бір жауды бүйірдей түйрейтін найзадай, 
тобын жазбастан ұмтылған ер жүректі жан-
дар қылышты қазақ –орыстар жүздігіне жүз 
қадамдай-ақ барып қалды. Күні кеше толған ай 
жүзің еді, Сиқырлы қара нәркес көзің еді. Мап-
майда мамық қардай мінсіз денең, Бейне бір 
бақшадағы үзім еді (М. Жұмабаев).
- «қатыстық сын-сапа сын» сөздер,«қалай/
солай + сын есім»), «қанша/сонша + сын есім», 
«қандай/сондай» күрделі сөздер арқылы жаса
-
лынады т.б.
 
Орыс тілін үйренуге деген құштар-
лығы қандай болса, оқуда алдағы қиын-қыстау 
жағдайлар да сондай еді. Сыртқы келбеті 
қандай
 тартымды болса, жан дүниесі де сон-
дай адам сүйсінерлік
(Т. Жұмалиев).
- тұрақты тіркестерден жасалынады:
Олар 
секілді бір жігітпен көңіл қосып қашсам, 
«пәлен шенің қызы қашып кетті» деген сөз бо-
лып, атамның сүйегін сындырғандай боламын 
(М. Дулатов). Тек сыртынан: «Дүйсебектің ба-
ласы талапты, еті тірі жігіт, қысы-жазы үйде 
отырмай, оқу оқып, кәсіп қылады», 

 деуші еді 
(М. Дулатов). Жамал бейшара аз күннің ішінде 
сүзектен тұрған кісідей болып, келген ата-ана-
ларымен жылап көрісуге де халі келмеді (М. Ду-
латов).
Сын-сапаны анықтайтын тілдік құралдардың 
қатарына əр түрлі синтаксистік құрылымдар, 
олардың ішінде құрмалас сөйлемдердің түрлері 
де жатқызылады.
а)«қанша-сонша-сын есім, «қалай/солай + 
сын есім», «қандай/сондай»
1. Енді Шолпан Жамал қанша уайымда 
болса, сонша қайғыра бастап, бір күні түнде 
төсекке жатқан соң Сәрсенбайға сөйледі (М. 
Дулатов).
Сын-сапа категориясы ФСӨ-те категориялық 
ситуацияға да байланысты бірнеше топқа бөліп 
қарастыруға болады.
- құбылыс пен нысанның сапасының белгі-
леріне қарай теңдік / теңсіздік;
- зат пен нысанның сапалық белгілеріне 
қарай ұқсас / ұқсас емес;
- кейбір нысанаға алынған зат пен құбы-
лыстың сəйкес / сəйкес емес, аса тым, жоғары, 
бір-бірінен артық сияқты сапалық, қасиеттерін 
анықтайтын белгілеріне байланысты;
- алынған нысанның сапасының белгілерінің 
бір-бірінен артық /кем, жақын келетін сапалық, 
сындық қасиеттерін анықтайтын белгілеріне 
байланысты.
Қорыта келгенде, қазақ тілінде сын-сапа 
ұғымдарына жататын тілдік бірліктердің өрісте 
қолданылатын қызметі ерекше, қолданыста мо
-
лынан ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет