ISSN 1563-0223 KazNU Bulletin. Philology series. №4-5 (150-151). 2014
67
Д.А. Әлкебаева
тəрізділікті, сəйкес, сəйкессіздікті, артықшылық-
ты білдіру мақсатында салғастырылады. Функ -
ционалы-семантикалық шағын өрісте салысты-
ры лып отырған реалилер арасындағы ерек-
шеліктерді көрсету мақсат етілмейді. Мысалы:
Оны көруге жүзі жанатын секілді. Тілеу бүгін
тас – түйін. Сабы ұзын, шанағы үлкен, қақпағы
кептірілген қозының қарынындай жұп-жұқа.
Мына ала қағаздағы аумаған атасы. Сұғанақ
уақыт бір кездегі әдемі келіншекті бүгінде
айнаға қарауға құлықсыз етті. Қараса –аппақ
жүзін аяусыз торлап алған шимайды көреді.
Ол шимай кісіні шытырман ойға салады. Өз
бетіңе түскен мынау шәт-шәлекей сызық сен
туралы өзіне түсіне қоймайтын өзге бір тілде
жазылған үкім сияқты.
( Ә. Кекілбаев).
Біреу ақылды, біреу ақылсыз, біреу бақыт-
ты, біреу бақытсыз, біреуінің жолы болғыш,
біреуінің ылғи иті қырын жүгіретін жолсыз,
біреуі сұлу, біреуі сиықсыз, біреуі сұмырай
(Ә. Кекілбаев).
Ыстық жүрек тайдай тулады
ма?
Оның астына мінген тұрқы ұзын, жүрісі
жұмсақ, қара кер биенің бүлкілі де сар желіске
татырлық – желдей есіп келеді
(Х. Есенжанов).
Логикалық жақтан бір ұғым мен түсінікке жата
-
тын сын –сапа категориялары ұшырасады
.
Мы
-
салы,
Соқыр атқа қотыр ат жақын жүреді.
Жалақор мен бәлеқор жақын жүрер. Қисық
ағаштың түбіне қонба, Қиқар адамның үйіне
қонба. (Мақал-мәтел).
Жалпы қазақ тілінде сын-сапа ұғымы ФСӨ
түзуде тілдік жүйедегі белгілі бір беретін тілдік
құралдар тілдің əр деңгейінде жатқан əрі белгілі
бір грамматикалық категорияның немесе
топтың өзі емес, оның жекелеген мүшелерінен
де тұрады.
Функционалды-семантикалық өрістің аума-
ғында орналасқан сын-сапаны танытатын тілдік
бірліктердің орналасуын орталық аймақ жəне
шеткі аймақ деп бөлуге болады. Қазақ тілінде
сын-сапа ұғымын білдіретін функционалды-
семантикалық өрістің басты орталық өзегінде
сын есімдер, қатыстық сын есімдер, сын есімнің
түрлеріне жататын тілдік бірліктер орналасады,
шеткері аймақ өрісіне айтылып отырған неме
-
се салыстырылып отырған зат пен құбылыстың
белгілері мен амалдарын анықтауға басқа да
лексикалық бірліктер, күрделі сөздер, синтак-
систік құрылымдар кіреді.
1. Шеткері аймаққа жататын тілдік бірлік-
тердің өзін бірнеше түрге бөлуге болады, Ор-
талық аймаққа жақын аймақ шеткері аймақ деп
аталынады. Оларға «ұқсас», «тəрізді», «сəй-
кес», «артықшылық» ұғымдарына жататын
тілдік бірліктер арқылы танылады. Сонымен
қатар белгілі лексикалық тілдік бірліктерге
телі нетін, байлаулы (сөзжасам арқылы немесе
қосымшалар арқылы) мағыналық жұп құрайтын
тілдік бірліктер жатқызылады. Оларды былайша
бөлуге болады:
2. Орталық аймақтың екінші шеткері ай-
мағының құрайтын тілдік бірліктерге сын есім
кейде үстеу мағынасында келетін тілдік бір-
ліктер орналасады. Зат пен құбылыстың сапа
-
сын анықтауға белсенділік танытатын сын –
бейне үстеулері арқылы да анықталады.
3. Орталық өзектен ең алыс аймақтағы тілдік
бірліктерге сын-сапаны анықтауға арналған
басқы тілдік бірліктер тұрақты сөз тіркестері,
сөзжасам арқылы жасалатын тілдік бірліктер
қатысады.
Қазақ тілінде сын-сапа категориясының ұғы-
мын анықтайтын функционалды-семантикалық
өрістің орталық аймағы жəне шеткері аймағына
жататын тілдік бірліктерді шартты түрде былай
-
ша топтастыруға болады:
- дай, дей теңеулік қосымшалар арқылы жа
-
салынады:
Достарыңызбен бөлісу: