ISSN 1563-0223 KazNU Bulletin. Philology series. №4-5 (150-151). 2014
63
Д.А. Әлкебаева
ӘОЖ 811.512.122’36
Д.А. Әлкебаева,
əл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің
профессоры, ф.ғ.д.,
Алматы қ., Қазақстан,
e-mail: alkebaeva@mail.ru
Функционалды грамматиканың негізгі ұғымы –
сын-сапа категориясы туралы
Бұл мақалада функционалды грамматиканың негізгі зерттейтін нысаны сынсапа категориясы
туралы қарастырылады. Жалпы тіл ғылымындағы сынсапа категориясы
туралы берілген ғылыми
концепцияларды тереңдетіп қарастыру арқылы ғылыми тұжырым жасау көзделінді.
Бұл салаға қатысты зерттелінбеген істер мен проблемалар өте көп, сынсапа категориясы
бойынша қарастырылатын мәселелер,
осы ғылымының зерттеу нысаны, оған қатысты ғылыми
теориялық мәселелер, жалпы ғылыми теориясын жасау, практикалық мәнін ашу,
мақсаты мен
міндеттерін көрсету – бүгінгі қазақ тіл ғылымының кезек күттірмейтін міндеттерінің бастылары.
Сөз сөйлеудегі сынсапа категориясының функциясын анықтау қарастырылған.
Функциональды
грамматика белгілі қалыптасқан грамматикалық жүйенің негізі бола отырып оның болашақтағы
дамуының жаңа сатыларын негіздерін үйретеді, бұрынғы дәстүрлі грамматика бірқалыпты сол
күйінде қалып қоймайды, яғни тілдің дәстүрлі
грамматикадан, функционалды грамматикаға бет
алуының алғы шарттарын негіздейді. Функционалды грамматика тілдің дәстүрлі жүйесінің негізін
нысанаға ала отырып, сөйлеу процесінде сөйлеу актілері бойынша сынсапа
категориясы туралы
қандай функция атқарады немесе атқарып тұр деген мәселені тануға, соны оқыпүйретуге, меңгеруге
талап қояды. Сондықтан сынсапа категориясын жасайтын тілдік бірліктердің функционалдысе
мантикалы өрістегі маңызын ашу мен оның түрлерін анықтау басты міндет ретінде алынады.
Түйін сөздер
: сынсапа категориясы,
функция атқару, таным, болмыс, әлеуетті функция,
функционалдысемантикалық өріс.
D.A. Alkebeva