Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері


Морфологиялық репрезентация дегеніміз



бет19/36
Дата06.01.2022
өлшемі144,29 Kb.
#12213
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Морфологиялық репрезентация дегеніміз – морфологиялық категориялар мен тұлғалар арқылы концептуалды мазмұнның құрылымдалуының категориалды тәсілі болып табылады. Мұнда морфологиялық көрсеткіштер арқылы мағынаның негізгі, басты бөліктері кодталады. Морфологиялық репрезентация концептуалды мазмұнның дерексізденуі, жалпылануы, саралануына негізделіп, морфологиялық категориялар мен тұлғалар арқылы көрініс табады. Дерексіздену барысында негізгі концепт (уақыт, сан, қатынас  т.с.с.) мазмұны, жекелеген мәндер жалпылық сипат алып, өзара байланысқа түседі,  маңызды белгілері айқындалады. Жалпылану нәтижесінде тіл үшін маңызды болатын сипаттар кодталып, шақ, көптік, септік т.с.с. морфологиялық жолдармен берілетін концептілердің қалыптасуына негіз болады.

Әмбебап сипаттағы негізгі концептілер мазмұнын құрайтын негізгі мағыналар морфологиялық категориялардың көмегімен актуалданады. Жиі қолданылу нәтижесінде нақты морфологиялық мағыналар түзіледі. Олар жалпы мәнде қолданылып, әрі қарай нақтылауды қажет етеді. Морфологиялық тұлғалармен өзара байланыста болатын, лексика-грамматикалық мағыналардың түзілуіне негіз болатын факторларға: тілдік бірліктердің лексикалық мағынасы (семантикалық фактор), сөйлем-сөйленім құрылымы (синтаксистік фактор), тілдік бірліктердің тұлғалары мен мағыналары берілген сөйлем-сөйленім мәнмәтіні (мәнмәтін факторы) жатады. Морфологиялық тұлғалардың көмегімен әмбебап сипаттағы негізгі концептілердің жиі қолданылуы арқылы негізгі концепті де активтенеді. Морфологиялық концептілер белгілі бір тілдегі концептуалды мазмұн мен оның репрезентациялайтын көрсеткіштердің бірлігі ретінде морфологиялық категорияларға негіз болады. Бір концепт бірнеше морфологиялық категориямен репрезентациялануы мүмкін. Бұл тілдегі когнитивті құрылымдардың алуан түрлілігіне байланысты. Мысалы, уақыт  концепті шақ және қимылдың өту сипаты сияқты морфологиялық категорияларда репрезентацияланады. Уақыт  концепті тілдің түрлі деңгейлерінде (лексика, грамматика) түрліше беріледі. Морфологиялық категориялар концептуалды жүйенің негізгі концептілерін ғана репрезентациялайды. Сол себепті уақыт, сан-мөлшер, сапа т.с.с. белгілер міндетті түрде морфологиялық тұрғыдан репрезентацияланады. Яғни тілдік жүйе үшін маңызды болатын, ғаламның концептуалды бейнесін репрезентациялайтын концептілер морфологияда көрініс табады. Сондықтан негізгі сипаттамалар морфологиялық тұлғалар арқылы, басқа қосымша құралдардың көмегінсіз-ақ көрініс табады. Ал негізгі емес сипаттамалар тілдік репрезентацияның басқа деңгейлерін де қажет етеді.

Тіл жүйесіне бағытталып, ғалам туралы білімнің тілде көріну тәсілдерін бейнелейтін морфологиялық концептілер лексикалық жолмен берілетін концептілерге қарағанда, біршама тұрақты болып келеді. Сол себепті морфологиялық концептілер жалпыұлттық деңгейде стандарттауға бейім болады. Әмбебап сипаттағы негізгі концептілердің тұрақтылығы олардың ғаламның концептуалды бейнесінің категориалды бөлігімен байланысты болады. Категориалды мағына ғаламның концептуалды бейнесінің тұрақты компоненті болып табылады. Яғни әмбебап сипаттағы негізгі концептілердің мазмұны тұрақты мағыналардан құралады. Алайда категориалды мағыналардың бәрі морфологиялық жолмен беріле бермейді.

Морфологияда морфологиялық категориялар мен тұлғаларда көрініс тапқан концептуалдау тәсілдері мен жолдары айқындалады. Морфологиялық концептуалдау жолдары мен тәсілдері тілдің онтологиясына байланысты болады. Себебі морфология тілдік репрезентация заңдылықтарының концептуалдану құралы болып табылады.

Морфологиялық концептілер жалпыұлттық деңгейде қалыпқа түседі. Әмбебап сипаттағы негізгі концептілерілердің мазмұны барынша жалпылық сипатта болады. Концептінің екі жақты сипатына байланысты әмбебап сипаттағы негізгі концептілерді былайша сипаттауға болады: ол – бір жағынан, морфологиялық категориялар мен көрсеткіштер арқылы берілетін концептуалды деңгейдегі категориалды бөліктердің бірліктері (уақыт, сан-мөлшер т.с.с.) болса, екінші жағынан, морфологиялық категориялардың қалыптасуына негіз болып, нақты грамматикалық мағыналар (грамматикалық шақ, көптік жалғау т.с.с.) түзетін концептілер. Осыған орай  морфологиялық концептілер тілдегі ғалам туралы білімнің морфология деңгейіндегі бірлігі болып табылады, яғни тілде энциклопедиялық білімнің берілу жолы, тілдік білімнің бірлігі болып табылады. Яғни концептуалды жүйенің морфология деңгейіндегі категориалды бөлігі морфологиялық концептілер арқылы көрініс табады. Әмбебап сипаттағы негізгі концептілер – ғаламның тілде бейнеленуін білдіретін морфологиялық көрсеткіш арқылы берілген білімдер бірлігі, яғни энциклопедиялық білімнің тілдегі көрінісін сипаттайтын тәсілді танытатын тілдік білімнің бірлігі. Бұл орайда К.Садирова тілдік білім бала жастан қалыптасатынын, уақыт өте келе толығып, байып отыратынын айтады: «Бала бастапқыда нақты болмыс категориялармен таныса отырып, тілдік категориямен танысады. Тілдің өзінде сақталған білім жас сәби санасында тілі шыққан сәтінен бастап игеріліп қалыптасады да, ол барлық тіл тұтынушыларға ұғынықты сипатта болады, мысалы, уақыт, кеңістік, әрекеттің субъектісі мен объектісі сөйлеуде қалыптасатын «мәтіндер кітапханасында» сақталатын білім белгілі бір түсініктер мазмұнын ғылыми, әдеби т.с.с. мәтіндер мазмұнын игеруде қалыптасады әрі ол тіл тұтынушыларының жасына, кәсібіне, біліміне, әлеуметтік дережесіне сай түрлі сипаттар көрінеді. Тілдің өзінде сақталған білім тіл көмегімен мәтіндерде сақталған білімдерге қарағанда, тұрақты болса, соңғысы өзгермелі болып келеді. Тіл көмегімен қалыптасатын «мәтіндер кітапханасы» болатын тіл адамзаттың барлық ғұмырындағы тәжірибенің, білімді саналы игеруге іргетас болады» [14, 30 б.].

Морфологиялық концептілер бірігіп, морфологияның концептуалды кеңістігін құрайды, ол тілдегі морфологиялық репрезентацияның когнитивті негізі болып табылады. Олар морфологиялық категориялар түзіп, морфологиялық тұлғаларды мағынаны айқындай отырып, категориялар мен топтарға жіктейді. Морфологиялық категорияларды ғаламның концептуалдануы тұрғысынан қарастырудың мәні зор. Морфологиядағы концептуалдау – морфологияда көрініс тапқан білімді құрылымдау жолдары.

Сонымен, грамматикалық концептосфера сөйлермен санасында маңызды орын алады, оның сөйлесім әрекеті үшін де мәні зор. Ғаламды тани отырып, адам оны белгілі бір құрылымдарға жіктейді. Құрылымдау үшін концептуалдау және категориялау үдерістері негіз болады. Адамның когнитивті (таным) тәжірибесі мен ғаламды  түйсіну тәсілдері арқылы ойлау тәсілдері арқылы ойлау құрылымдары (концепт, концептуалды жүйелер мен категориялар) қалыптасып, олардың тілдік құрылымдарға (тілдік таңба мен категорияларға)  жіктелуі белгілі бір этнос үшін маңызды болатын болатын ерекшеліктер негізінде жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет